Бүгін аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов  аудандық «Екпін» газетінің ұжымын қабылдап,  28 маусым – Журналистер күнімен құттықтады.  Әрқашан жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің ел игілігі үшін атқарып келе жатқан игі істеріне шығармашылық табыс, жұмыстарына сәттілік тілеп, редакция ұжымына алғыс хат пен арнайы сыйлығын табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта да халық пен биліктің арасындағы алтын көпір ретінде тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге ниетті екендігін айтып өтті.

Шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез - өзі де із қалдырған, тарихы тереңнен бастау алатын «Екпін» газетінің ұжымын, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.