Бүгін ауданымызда – Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт өтті.

Өз кезегінде құттықтау сөз алған аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел игілігі жолында атқарып келе жатқан қызметтеріне табыс тіледі. 

Салтанатты жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының алғыс хатымен аудан әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжанұлы Таңатжанов, Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әділбек Жаңабекұлы Әжігереев, Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қамидолла Сәрсенұлы Умаров марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хатымен Қазақстан ауылдық округінің әкімі Ерік Тілекбайұлы Төлепқалиев, Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дина Серікқызы Имашева марапатталды.

Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені аясында өкізілген «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе байқауында жүлделі орындар алғаны үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының дипломдарымен «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Айша Сапар«Оян» жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Аружан Мағзомова марапатталады.

Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген «Өз ісінің үздігі» атты аудандық конкурстың қорытындысы бойынша белсенді қатысқан мемлекеттік қызметшілер Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман– бухгалтері Бекет Қастайұлы Құжбанов, Амангелді ауылдық округінің бас маманы Салауат Бақтығалиұлы Бектемісов, Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Рахима Мұсақызы Мырзағалиева, Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Анар Төлешқызы Ақболатова, Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Айнагүл Ғилымқызы Кабиева, Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мейрамбек Амангелдіұлы Ғұбашев, Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Индира Қайырбайқызы Алтаева марапатталса, «Ең креативті» аталымы бойынша – аудан әкімінің көмекшісі Нұрсейіт Жақыпұлы Белгин, «Сөз шебері» аталымы бойынша – Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнагүл Мақсотқызы Распаева, «Үздік портфолио» аталымы бойынша – Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары Саягүл Мәулетқызы Галиева, «Үздік бағдарлама жетекшісі» аталымы бойынша – Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанаргүл Қайырғалиқызы Аспандьярова, «Ең еңбекқор» аталымы бойынша – Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәния Қамешқызы Сутеева және Бас жүлдемен Достық ауылдық округінің әкімі Әлібек Қазиханұлы Тәшімов марапатталды.

Шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.