Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2018 жылы ұйымдастыру басталғанын хабарлады.

 

Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.

Конкурс «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жүргізіледі.

«Парыз» конкурсы жөнінде толық ақпаратты www.mzsr.gov.kz сайтынан, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік әріптестік басқармасының (+77172)- 743511 немесе Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  (+71139)-22297 телефондары арқылы алуға болады.

«Парыз-2018» конкурсына қатысу үшін Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Жақсыгулов көш., 5 үй, тел.22297) жолдауыңыз сұралады.

 

 

Тасқала аудандық жұмыспен қамту

 және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі