4 маусым күні, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Тасқала ауданының мәслихатының келісімімен ротация бойынша Тасқала ауданының әкімі лауазымына бұған дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарған Халелов Алдияр Сансызбайұлы тағайындалды
Жаңа аудан басшысын облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне таныстырды.
1958 жылдың 11 қыркүйегінде Орал облысы, Жәнібек ауданы «Қайрат» совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы, Жамбыл гидромелиоративті – құрылыс институтын «Гидромелиорация; инженер – гидротехник» мамандығы бойынша бітірді.
1981 жылдың қыркүйек 1988 жылдың қыркүйек айлары аралығында Приурал ауданы, Трекин ауылындағы Желаев аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы.
1988 жылдың қыркүйек 1990 жылдың қаңтар айлары аралығында Приурал ауданы, Рубежин ауылындағы М.Маметова атындағы колхозының партия комитетінің хатшысы.
1990 жылдың қаңтар 1996 жылдың желтоқсан айлары Приурал ауданының Трекин ауылдық кеңесі төрағасы, Трекин ауылдық әкімшілік басшысы, Трекин ауылдық округінің әкімі.
1996 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың тамызына дейін Приурал ауданы әкімінің бірінші орынбасары.
1997 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.
2011 жылдан 2016 мамыр айына дейін Шыңғырлау ауданының әкімі, 2016 жылдың мамыр айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметтерін атқарған.