Бүгін аудан орталығында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Балалар мен жастар шығармашылығын қолдау мақсатында орталық алаңда жасөспірім балалардан құралған музыкалық оркестрлер, ансамбльдер, спортшылар, балабақша тәрбиеленушілері, бастауыш сынып түлектерінің шеруі өтті.