2018 жылдың 31 мамыр күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шара өткізілді.

Осы шарада аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарламамен балаларға мейрам сыйлады. Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Ә.Жұбанышқалиева қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шараға демеушілік көрсеткен  «Аудандық мүгедектер қоғамы»төрағасы А.Губайдуллин, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ералиева, «ХХІ ғасыр Батыс әйелдері» қоғамдық бірлестіктің төрайымы М.Нурмухамбетова қатысты. Шара соңында балаларға тәтті үстел жайылып, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ералиева балаларға сыйлықтар табыс етті. Қызмет алушы  балалардың ата-аналары  балаларына мейрам сыйлағандарына алғыстарын  білдірді.