2018 жылдың 25 мамыр күні Тасқала ауданының Шежін ауылдық округінің ІІ-Шежін ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» жерлестер форумы ұйымдастырылды.

Шараға Тасқала ауданы әкімінің орынбасары - Баяндыков Арсен Толқынұлы және БҚО табиғи русурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы – Давлетжанов Амангелді Медхатұлы сонымен қоса 30 жыл бұрын Шежін мектбін бітірген түлектер қатысты.
Түлектер алдымен мектепті аралап, бұрын өздері отырған сыныптарды көріп, мектеп ішінде ашылған мұражайды тамашалады. Жерлестердің пленарлық отырысында түлектер өздерінің мектеп қабырғасындағы өткен балалық кездерін, мектеп ұстаздарын еске алып сол кездегі саяхақта барып қайтқандай болды. Қай жерде жүрсе де туған жерге еш нәрсе жетпейтіндігін айтып өтті. Мектептен түлеп ұшқаннан кейін әр түрлі мамандық алып, кейбірі әскер қатарында азаматтық борышын өтеп елге оралып, кейбіреуі өз кәсіптерін ашып шаруаларын дөңгелетіп отырғандарын айтып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы өз еліне, өз жеріне дамуына, көркеюіне кішкене болса да үлес қосу керек екендігі туралы атап өткен болатын. Осы мақаланы жүзеге асыру үшін жиналып отырған жәйіміз бар, – деді мектеп түлектері. Жиында ауыл азаматтары арасында көтеріліп жүрген ұсыныс – пікірлерін талқылады. Шара соңында мектеп ұжымы дайындаған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады.
Пленарлық отырыста түлектер ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын сөз етті.  «Туған жер» бағдарламасы аясында 30 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің тікелей қолдауымен ІІ-Шежін ауылына кіретін жолдың бойына «SHEJINIM жүрегім» атты жазба орнатып, Тасқала-Аққурай тас жолынан ауылға дейін жолдың бойына жарық шамдарын орнатуға қаражат бөлетін болды.
«Туған жерге тағзым» жерлестер форумының негізгі мақсаты «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жетіп,  түрлі салаларда қызмет етіп жүрген танымал тұлғалармен кездесуі туған жеріне табан тіреуі болып табылады. Жерлес, ауылдас азаматтардың басын қосып, туған өлкесін гүлдендіру мен абаттандырудың жолдарын қарастырып, үлес қосуға шақыру болып табылады. Форумға 100-ден аса ауыл тұрғындары қатысты.