Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық  кезеңінің 14 аталымы бойынша  жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балыков, «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің мүшесі Р.Бейсханова, «Тасқала әйелдері» ҚБ төрайымы В.Завгарина  қатысты.
Шара барысында Ерниязовтар «Білімді отбасы» (Атамекен ауылы), Калмурзиндер «Өнегелі отбасы» (Оян ауылы), Шілмұхамбетовтер «Мейірімді отбасы» (Амангелді ауылы), Залиевтер «Ұлағатты отбасы» (Тасқала ауылы), Тілепбергеновтер «Еңбекқор отбасы» (Амангелді ауылы), Бекқалиевтер «Көрермендер көзайымы» (Тасқала ауылы), Нашановтар «Ынтымақты отбасы» (Достық ауылы), Атабаевтар «Үлгілі отбасы» (Ақтау ауылы), Аяпбергеновтер «Шежірелі отбасы» (Мерей ауылы), Тагаевтар «Тату отбасы» (Тасқала ауылы), Алжекеновтер «Өнерлі отбасы»  (Тасқала ауылы) аталымдары  бойынша алғысхаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева шараға қатысушыларды  құттықтап, облыстық кезеңге жолдама алған  Мереке ауылдық округінен «Шығармашыл отбасы» номинациясының иегері Мендіғалиевтер мен «Мерейлі отбасы» ұлттық  конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпазы Кадралиевтерге алғысхат  және бағалы  сыйлық  табыстады.