2018 жылдың 18-20 мамыр күндері Орал қаласында қол күресінен Батыс Қазақстан облысының жеке-командалық чемпионаты өтті.  Жарысқа 9 командадан құралған 160 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде Тасқала ауданының құрама командасы келесідей көрсеткіштерге қол жеткізді:

Мақсутов Тамерлан - 2 орын
Карабалиев Алихан - 1 орын «Спорт шеберіне үміткер» орындады
Кинаков Арман - 1 орын «Спорт шеберіне үміткер» орындады
Қайырлы Асыларман - 1 орын «Спорт шеберіне үміткер» орындады
Уразаева Эльнара - 1 орын «Спорт шеберіне үміткер» орындады
Дакешев Жубаныш -  2 орын
Жарыс қорытындысы бойынша орын алған спортшылар тиісті дәрежедегі Батыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Жаттықтырушы : Б.Ахметкалиев