Батыс Қазақстан облысының аумағында 200-ден астам су айдындары бар. Оның 37 балық шаруашылығы су айдындары балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілді. Қалған су айдындары резервтік қордағы су айдындарының қатарына жатады.

Әуесқойлық балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау болып табылады.
Әуесқойлық балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.
Балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында әуесқойлық балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. Бір балықшыға бір шыққанда бес килограммнан астам болса, сонымен қатар балық шаруашылығы субъектілеріне бекітілген су айдындарында бөлінген квотаның негізінде ақылы түрде БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады. Бұдан басқа жеке адам әуесқойлық балық аулауды бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында әуесқойлық балық аулауды 2019 жылдың 15 ақпанына дейін квотасы бар жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Балық аулаушы әуесқойлық балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге су айдыны бекітілген субъектімен берілген жолдама немесе резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулауға басқармамен берілген рұқсат пен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Қазіргі таңда субъекттермен берілетін жолдаманың орташа бағасы 1000-3000 теңгені құрайды.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты алуға төлем ҚР Салық кодексінің 582 бабына сәйкес жүзеге асады. Мысалы ірі балықтың (сазан, шортан, көксерке, жайын) бір килограммы 40,885 теңге, ұсақ балықтың (мөңке, табан, қызылқанат, қылыш балық) бір килограммы 19,24 теңгені құрайды.
Дегенмен тұрғындардың назарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы бойынша балық аулауға келесі су айдындары мен оның учаскелерінде және мерзімдерде тыйым салынған:

1) Көшім өзенiнде және Киров, Бітік, Дөңгелек, Пятимар су қоймаларында 1 мамырдан 15 шілдені қоса алғандағы аралықта;
2) Шалқар көлiнде, Жайық-Көшім суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самар жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) басқа су айдындарында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта.
Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып балық аулауға келесі су айдындары мен оның учаскелерінде және мерзімдерде тыйым салынған:

  1. Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 10 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
  2. басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта.

Сонымен қатар барлық су айдындарында шаяндарды 1 мамырдан 30 қыркүйек аралығында аулауға болмайды.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты туындаған сұрақтарыңыз болса, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Орал қаласы, Дамбы тұйығы 5/1 көшесі, 2-қабат, 6-кабинет немесе          8(7112) 240467, 509270 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы