2018 жылдың 16 мамыр күні волейболдан жасөспірім қыздар арасында Тасқала ауданының біріншілігі өткізілді. Жарысқа Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ, Амангелді ЖОББМ, Ақтау ЖОББМ, Сәулет МЛ, Мереке ЖОББМ, Шипов ЖОББМ, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, БЖСМ-1 және БЖСМ-2 командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын Сәулет МЛ командасы, 2 орын Мереке ЖОББМ командасы, 3 орын Қ.Сәтбаев ат ЖОББМ командасы иеленді. Номинациялар бойынша "Үздік ойыншы" Б.Кужбанова (Сәулет МЛ), "Үздік қорғаушы" А.Сатканова Мереке ЖОББМ, "Үздік тосқауыл қоюшы" З.Дускалиева (Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ), "Үздік шабуылшы" Н.Қойшыбаева (Сәулет МЛ), "Үздік байланыстырушы" Г. Сағынтай (Ақтау ЖОББМ). Жеңімпаз командалар тиісті дәрежедегі меальдармен, дипломдармен марапатталды.