Аудан әкімі С.Әлиев және аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Зайнуллина Рабиға Закирқызы, Калмурзин Меңдіғали Қамешұлы және Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген Төлебаев Мұқаш Құбашұлының шаңырағында болып ардагерлерімізді Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, облыс әкімі А.Көлгіновтің, Орал қаласының әкімі М.Мукаевтың, облыстық мәслихат депутаты А.Мерғалиевтің және "Uniserv" компаниясының құттықтау, тілектерін жеткізді.