Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің хореографы Сариева Маягуль Нурланқызының жетекшілігімен наурыз-сәуір айларында әр түрлі жастағы би тобының оқушылары Ақтөбе, Алматы қалаларында өткен би жарыстарына барып қайтты. Наурыз айында Алматы қаласында өткен республикалық «Рауан» фестиваль байқауында «Айкөркем» би тобының (6-9 жас) қатысуымен «Ешкітау» биімен, Ақтөбе қаласында өткен халықаралық «Көктемгі әуендер» байқауына «Айжұлдыз» (үлкен тобы, 10-12 жас) «Бабаларға тағзым» биімен бас жүлде алып қайтты. Сәуір айында «Айжұлдыз» би тобының (кіші топ, 5-6 жас ) қатысуымен Ақтөбе қаласында өткен «BEST STARS» халықаралық би байқауында «Қояндар» биімен бас жүлде иеленді.