2018 жылдың 27 сәуірінде аудандық мәдени-демалыс орталығының «Ақтілеу» әжелер ансамьблінің залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты аудандық отбасылық байқау өткізілді.

Байқауға қатысушылар халқымыздың мәдени мұрасын, ұлттық салт-санасын, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтарды, отбасы мәртебесін нығайтуды, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын одан әрі жалғастырудысалт-дәстүрлердің сақталуы мен заманға сай нақышталуын басты назарға ұстады.  Қатысушылар ұлттық киімінде қатысып. 3 кезең бойынша бақтарын сынап, әр кезеңнің талабына сай өз өнерлерін көрсетті.

Шараның мақсаты жастардың бойындағы ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылығын оятып,үлкенге деген құрмет қалыптастыру. Бүгінгі қызға ертеңгі ана ретінде қарап, ана-әжелердің өмір жолынан үлгі келтіру. Болашақ жар ретінде отбасылық өмірге тәрбиелеу, ата дәстүрімізді ұл-қыздарымыз келесі ұрпаққа жеткізуі болып табылады.

Шараға қатысушы үміткерлер ұлттық салт-дәстүрімізді жас ұрпақ бойына сіңіріп, күнделікті тұрмысқа қажетті шаш өру, әшекейлер тағу, ұлттық тағамдарды пісіру секілді ұлттық құндылықтарымызды үйренді. Шараға 30-ға жуық тұрғын қатысты. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.