Бүгін аудан орталығында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара оздырылды. Мерекелік шара ауданымыздың еңбек ардагерлері, аудан орталығындағы мекеме ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік шерумен басталды.

Өз кезегінде аудан әкімі Санжар Әлиев барша аудан тұрғындарын Қазақстан халқының достығы, бірлігі күнімен құттықтады. Сонымен қоса, мерекелік шарада көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға облыс әкімі А.Көлгіновтің, облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ж.Жұмашевтің алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті және 100-ден астам аудан тұрғындарына аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының алғыс хаттары табысталатынын айтып өтті.

Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.