2018 жылдың  18 сәуірінде  Тасқала колледжінің студенттері арасында   Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100  жаңа оқулық» жобасы  аясында  гуманитарлық  білім саласында  мемлекеттік тілге  аударылған 18 оқулықтың  таныстырылымы өтті.   Шара барысында  аудандық ішкі  саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова студенттерге арналған философиялық, психологиялық бағыттағы қазақ тіліне аударылған оқулықтармен таныстырып, бағдарламаның маңыздылығына  тоқталды.

Сонымен қатар, Тасқала колледжінің оқытушылары М.Шайхиев пен  А.Сапаров  аталмыш бағдарлама аясында іске асырылып жатқан шаралармен  таныстырды.