Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасы аясында «Менің өлкем» атты интелектуалдық-шығармашылық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең сұрақ-жауап, 2- кезең сөз жұмбақ шешу, 3- кезең Тасқала ауданы бойынша логикалық сұрақтар. Оқушылар екі командаға бөлініп, белсенділіктерін танытты. Шара соныңда барлық оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.