2018 жылдың 7 сәуір күні салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және волейбол ойынын кеңінен тарату мақсатында мектеп оқушылары (ұлдар) арасында волейболдан аудан біріншілігі оздырылды. Жарысқа 9 мектептен 10 команда қатысып, бақтарын сынады. Атап айтқанда, Мереке ЖОББМБК, Семиглавый Мар ЖОББМ, Шипов ЖОББМ, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ, С. Жақсығұлов атындағы ЖОББМ, Ақтау ЖОББМБК, Оян ЖОББМ, «Сәулет» МЛ-1 және «Сәулет» МЛ-2 командалары қатысты. Тартысты өткен жарыста І орынды Ақтау ЖОББМБК командасы, ІІ орын Шипов ЖОББМ командасы, ІІІ-орынды Оян ЖОББМ командасы иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен Бекбулатов Марлен (Шипов ЖОББМ), «Үздік шабуылшы» номинациясымен Мақатов Аманжан (Оян ЖОББМ), «Үздік қорғаушы» номинациясымен Жакупов Руслан (Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ) «Үздік байланыстырушы» номинациясымен Хасимов Бейбарыс (Ақтау ЖОББМБК) марапатталды.