ЖАДНАМА

«Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғындарға «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге  немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган  жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және  кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл қызмет  РМК «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Тасқала аудандық филиалы арқылы атқарылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін келесі құжаттар тапсыру қажет:

1) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балаларының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;

3) аумақтық әділет органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің бар немесе жоқ екендігі туралы);

4) жергілікті атқарушы органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің жоқтығы туралы);

5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (құжатты салыстыру үшін) немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;

6) басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;

7) әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жататынын растайтын құжатты;

8) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы анықтамасы;

9) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орынынан (қызметтен) анықтамасы қосымша ұсынады;

10) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;

Қосымша ақпаратты 8-71139- 21553 телефон арқылы алуға болады.


Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №1

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №2

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №3

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №4

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №5

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №6

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №7

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №8

Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссия отырысының хаттамасы №9


«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша

2016 жылы  099 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен  ауылдық елді мекендер саласының  мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы бойынша   қарастырылған   ауылдық елді мекендерге келген 23 маманға 148 470 теңге   барлығы - 3 502,0 мың тенге сомада көтерме жәрдемақысы төленеді.

018 «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік  қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша 15 бюджеттік несие 3 181,5 мың.теңге көлемінде барлығы 47 722,0 мың.теңгеге жоспарланып отыр.

 

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы  бағдарламасының үшінші бағыты

Бөкейорда ауданының экономикалық даму потенцилы төмен елді мекендерінен көшіп келетін отбасыларына арнап, Тасқала ауылында бір пәтерлі үш бөлмелік бес тұрғын үй 2013 жылдың желтоқсан айында тапсырылды. Мердігер «Батыс Сервис LTD» ЖШС

«Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша іске асыру мақсатында 2013 жылы «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы арқылы Тасқала ауылында Абай көшесінде орналасқан 3 (үш) екі қабатты үйлерге жөндеу жұмыстары өтті. Жөндеу жұмыстардың жалпы құны  33 000 000 теңге  құрайды.

Бүгінге танда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде 194 адам тіркелген. Соның ішінде

-Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардын қызметкерлері мен әскери қызметшілер бюджет -77

- Әлеуметтік  жағынан қорғалатын азаматтар- 76

- жетім балалар мен ата-аңасының қамқорлығынсыз қалған балалар -41

2014 жылы 3 тұрғын үй берілді. (Журтабаев А.К., Кадыров С.М.,Сагишев С.С).

1 тұрғын үй ҰОС ардагері Сундетбаев Р.А. жеке меншігіне берілді.