10.06.2017

10 маусым күні аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі; Аудандық экономика және қаржы бөлімі; Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қызметкерлері "Өзіңнен баста" акциясы аясында «Жастар» стадионы маңайын (Шамов көшесі бойында) санитарлық - экологиялық сенбілік өткізген болатын.
Эстафета аудандық ішкі саясат бөліміне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, жұмыспен қамту орталығына және аудандық кәсіпкерлік бөліміне жолданды.


03.06.2017

3 маусым күні, «Өзіңнен баста!» акция аясында Тасқала ауданы әкімдігінің бастамасымен және аудандық дербес бөлімдер мен мемлекеттік ұйымдарының қолдауымен табиғат ескерткіші «Большая Ичка» (Ешкі Тау) тауының маңайында сенбілік өткізді. Шара барысында 100-ден астам адам, өрт қауіпсіздігі мен тазалық мақсатында, табиғи қоры аумағын ескі талдардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Акция қорытындысы бойынша, ағаш қалдықтары 10 жүк техникасымен шығарылды. Сонымен қатар, эстафета Зеленов ауданының әкімдігіне жолданды.


26.05.2017

16 мамыр күні, эстафетаны қабылдаған Тасқала аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері "Өзіңнен баста" акция аясында Панфилов көшесі және Орджиникидзе көшесі бойында орналасқан көпір маңайын қоқыстан тазалап, эстафетаны аудандық қорғаныс істер бөлімі мен Зеленов аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жолдаған болатын. Осыған орай, 26 мамыр күні, эстафетаны қабылдаған Тасқала аудандық қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлері осы акция аясында С.Жақсығұлов атындағы орта мектебінің спорт алаңының маңайын қоқыстан тазалады. Сонымен қатар келесі кезекті "Тасқала" шекара комендатурасы мен Зеленов аудандық қорғаныс істер бөліміне жолдады.


16.05.2017

Ауданымызда "Өзіңнен баста" акциясы ойдағыдай жүзеге асырылуда. 10 мамыр күні аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері Деркөл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, эстафетаны аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөліміне жолдаған болатын. Осыған орай, 16 мамыр күні, эстафетаны қабылдаған Тасқала аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №13 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері "Өзіңнен баста" акция аясында Панфилов көшесі және Орджиникидзе көшесі бойында орналасқан көпір маңайын қоқыстан тазалады. Сонымен қатар келесі кезекті Тасқала аудандық қорғаныс бөлімі мен Зеленов аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жолдады.


10.05.2017

Мамыр айының 10 күні, Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, "Өзіңнен баста!" акция аясында жəне Қазақстан полициясының 25-жылдығы қарсаңында Деркөл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар акция бойынша Тасқала аудандық ІІБ қызметкерлері эстафетаны аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөліміне жолдады.