2018 жылдың 16 қаңтары 7 ақпан аралығында Тасқала ауданында барлық деңгейдегі әкімдердің
тұрғындармен өткізілген есеп беру кездесулерінде түскен
ұсыныс – пікір, ескертпелерін орындау іс-шаралар жоспарының І тоқсан қорытындысы бойынша орындалуы

Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы жөніндегі шаралар

Ақтау ауылдық округі

1

Черная Падина ауылындағы қоғамдық құдықты заңдастырып, теңгерімге алу, абаттандыру (қоршау, моторын ауыстыру)

Қазіргі уақытта жерге орналастыру жобасы дайындалуда.

2

Ақтау ЖББОМ ғимаратын күрделі жөндеу

ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Облыстық білім басқармасына қаражат қарастыру үшін құжаттары тапсырылды.

Ақтау ауылының бөгетіне шлюз қою

Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланды. Қазіргі таңда өтінімдер қабылданып жатыр.

Тасқала ауылдық округі

Бірлік ауылының медициналық пунктін тұрақты медициналық қызметкермен қамтамасыз ету

Бірлік ауылында медициналық қызметкер 2018 жылғы қаңтар айынан бастап жұмысқа алынды.

Бірлік және Тасқала ауылдарына қатынасатын маршруттық автобус жүргізу

2017 жылы  Бірлік және Тасқала ауылдарына қатынасатын маршрутқа конкурс жарияланған болатын, алайда ешбір мекеме қатыспауына байланысты конкурс өтпеді деп танылды. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында қайта конкурс жариялау жоспарлануда.

Тұрғындар арасында мал дәрігерлері ірі қара малдық бруцеллез ауруына шалдығуының алдын алу жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, сәуір айында мал бағу туралы өтетін жиналыстарда  осы мәселені көтеру жоспарлануда.

Тасқала ауылының Көктем, Самал шағын аудандарына балалар ойын алаңдарын орнату

Тасқала ауылдық округінің 2018 жылы үнемделген қаражаттан конкурс ойнатылатын болады.

Тасқала ауылындағы әкімшілік ғимараттарға және Абай ескерткішіне түнгі жарықтандыру қондыру

Түнгі жарықтандыру бойынша барлық мекемелерге ұсыныс хат жолданды. Абай ескерткішінің жарықтандыруын орнату бойынша қаражат қарастырылуда.

10 

Тасқала ауылының Жуков және Толстой көшелерінің қиылысындағы жолды жөндеу

ЖСҚ дайындалды. Қазіргі уақытта қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

11

Тасқала ауылының көшелерінде жүретін автокөліктер жылдамдығын реттеу, төмендету

Күнделікті рейдтер жүргізілуде

12 

Жеке үйдің ауласының сыртында орналасқан кәріздерді талапқа сәйкес орналастыру

Тасқала ауылдық округі, жергілікті полиция қызметі, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен комиссия құрылды, сәуір айының 20-нан бастап рейдке шығу жұмыстары жүргізіледі.

Шежін ауылдық округі

13

Шежін ЖББОМБ жаңа қызметтік Газель автокөлігін алу

Қаражат бөлу жолдары қарастырылуда.

14 

Екінші Шежін ауылында өрт сөндіру бекетін ашу

Мәселені шешу жолдары қарастырылуда.

15 

Ермольчево ауылының көпірін жөндеу

Қаражат бөлу жолдары қарастырылуда.

Қорытынды есеп

16

Аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау

Аудандық мәдениет үйінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындау үшін облыстық бюджеттен 3 млн. теңге қаражат бөлінді. ЖСҚ дайындау мерзімі  шілде айына жоспарланып отыр.

17 

Деркөл өзенін тазалау

Аудан әкімі атынан БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Деркөл өзенін тазартып, кеңейту жұмыстарын жүргізуді жоспарға енгізу туралы 2018 жылдың 3 наурыз күні  №4-4/558 хат жолданды.

18

Мереке ауылының және Тасқала аулының кейбір көшелерінің электроқуатының кернеуі төмен болуын тексеріп, ретке келтіру

«БҚО электр желілерін таратушы компаниясы» аудандық филлиалы  арқылы ұзындығы 108 км - 10 КВТ электр желілерін  және 62,06 км - 0,4КВТ  электр желілерін жөндеу  жоспарлануда.

19

Табиғи газ қысымының төмендеуін тексеріп, тиісті шаралар алу

Аудан әкімінің атынан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының директорына 2018 жылдың 3 наурыз күні №4-4/573 хаты жолданды. Қазіргі таңда, Тасқала ауылының газ қысымы қалыпты.

20 

«Азалы ана» ескерткішін күрделі жөндеу үшін тиісті есептері мен құжаттарын дайындау

«Азалы ана» ескерткішін күрделі жөндеу үшін қажетті есептері мен құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

21

Тасқала ауылында темір жол үстінен екінші автоөтпел салу

Қазіргі таңда  темір жол үстінен екінші автоөтпел салу қажеттілігі анықталу бойынша жұмыстар жүргізілуде.