2017 жылы ауданымыз бойынша атқарылған жұмыстармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Аудандық бюджет
Аудан бойынша жылдық бюджет көлемі 4 млрд 139,3 млн.теңге құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда 16,3% (3 465,4 млн теңге) артқан. Бөлінген қаржының  99,8% игерілді. Салық және басқа да төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсуі 101,8% құрайды.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артты. 8452,9 млн. теңге құрады (2016 жылы 2 741,8 мың теңге). Соның ішінде республикалық бюджеттен түскен инвестиция көлемі 3,7 есеге, 6 562,5 млн. теңге құрады, (2016 жылы 1 781,5 мың теңге)жергілікті бюджеттен түскен инвестиция көлемі  12,5 есе артты. (476,9 млн. теңге құрады.) (2016 жылы 38,1 мың теңге).Жеке меншікті қаражат есебінен түскен инвестиция көлемі 1,5 есе артты. 1 413,5 млн. теңге құрады (2016 жылы 922,6 мың теңге).

Ауылшаруашылығы саласы
2017 жылы ірі қара мал басы – 4,8% (27 440 бас), (2016 жыл – 26175), ұсақ мүйізді мал басы –3,4% артты.  (59093 бас,) (2016 жыл – 57 150) Жылқы саны  15% артты. (8319 бас,) (2016 жыл – 7232)
Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркеуде бар асыл тұқымды ірі қара мал саны – 12,6% (2401 бас -  Герефорд-835, Қазақтың ақ бас сиыры- 1455, Абердин –ангус-61, Голштина-50), (2016 жылы2132 бас) ақжайық етті-жүнді қой саны - бірқалыпты (3278 бас), (2016 ж- 3250 бас)  еділбай қойының саны – 5,7% (184 бас), (2016ж-174 бас) артып отыр. Асыл тұқымды көшім жылқысының саны 2 есеге артты. (107 бас) (2016ж-49 бас)
Биылғы жылы да асыл тұқымды мал санын көбейту мақсатында «АКТЕП» компаниясымен бірлесіп 200 бас ангус ІҚМ алып келу жоспарлануда.
2017 жылы 104 шаруа қожалығына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға» 182,3 млн. теңге субсидия төленді.
Жыл басынан бастап былтырғы жылмен салыстырғанда тірі салмағында ет өндірісі  3,6%-ға  артты.  (4901,3  тонна), (2016 жыл – 4731,2 тонна)
Қазіргі таңда жалпы аудан бойынша 18 АӨК (ауылшаруашылық өндірістік кооперативі) құрылды. 483 мүше бар. Ірі қара малының саны 2026 бас. Жұмыс бағыттары: 12 тұқымдық түрлендіру, 3 мал бордақылау, 2 аралас бағыт,       1 сүт қабылдау. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда.
Шаруа қожалықтарына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамымен «Береке», «Ынтымақ», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша  84 адамға 232,3 млн. теңге несие берілді.
Аудан  шаруа қожалықтарымен 305,1 млн.теңгеге 31 ауылшаруашылық техникасы  сатып алынып, мемлекет тарапынан 69,2 млн. теңге инвестсубсидия төленді.  217 млн.теңгеге жалпы аумағы 12880 шаршы метр 24 жаңа мал ұстау  қоралары және аумағы 80 шаршы метр ауылшаруашылық  жұмысшыларына 1 өндірістік үй  салынды.
Жайықбай каналы
Құрметті Алтай Сейдірұлы! Елбасының 2017 жылғы Жолдауында жерді пайдалану тиімділігін арттырып,  суармалы алаңдарды көбейту қажет екендігі айтылған.  Ауданымыздың Мереке, Қазақстан және Шежін ауылдық округтері аумағында ұзындығы 44,83 км Жайықбай -1 (каналдың құжаттар бар), және ұзындығы 28 км Жайықбай – 2 (каналдың құжаттары жасалуда) каналдары орналасқан. Бұл каналдар ауылшаруашылық малдарын жазғы мезгілде суаруға және мал азығы шөптерін суландыруға арналған.  Қазіргі таңда бұл каналдар (бөгеттерді нығайту, өтпелі көпірлерді қайта жөндеу, шлюздерді ауыстыру, су жиналалатын суландыру текшелерін тазарту) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Биыл Жайықбай – 1 каналына қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ жасауды жоспарлап отырмыз. ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) дайындауға 20,0 млн. теңге қаражат қажет етеді. Осыған орай, ЖСҚ дайындауға қаражат бөлу бойынша өзіңіздің орынбасарыңыз Бағдат Оразалдыұлына хат жолданған болатын. Осы мәселенің оң шешімін табуына ықпал етуіңізді сұраймын.

Егін шаруашылығы
2017 жылы көктемгі жалпы егілген жаздық дақылдардың көлемі  19 470 гектар құрады. ( 106%, 18,40 мың га). Соның ішінде  жаздық бидай – 11 150  гектар (100%,11,21 мың га), арпа -  6 170  гектар (130%, 4,72 мың га), тары -  40  гектар (20% 220 га), сұлы - 100 гектар (83%, 120 га)  және дәндік құмай – 2 010  гектар (94%, 2,13 мың га)  егілді.
Майлы дақылдардың жалпы егілгені – 2 510 гектар (243%, 1,03 мың га),      
Егілген дәнді дақылдардан түскен астық – 16 820  тонна, әр гектардан орташа түсім 8,8 центнер.
2017 жылы егілген күздік дақылдардың өнімділігі жоғары болып,  5 350 гектар жерден түскен астық өнімі – 12 830 тонна, әр гектардан орташа түсім 24 центнерді құрады. Бұл аудан бойынша жақсы көрсеткіш деп айтуға болады.
Мал азығы дақылдарының жалпы егілгені – 5 750  гектар. (соның ішінде егілген біржылдық судан шөбі - 1,57 мың гектар, көпжылдық шөптер - 1,88 мың гектар  (еркек шөп) өткен жылдардың екпелі шөптері 2,30 мың га.) 
Аудан бойынша мал азығын дайындау 108,3% орындалды.
2018 жылға 4 700  га күздік дақылдар егілді.
2017 жылы мемлекет тарпынан егін шаруашылығын дамыту мақсатында  29 шаруашылыққа 27,6 млн.теңге субсидия төленді.

Ветеринария саласы
«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 43 млн 948 мың теңге бөлініп, жылдық жоспар 100% орындалды. 
2017 жылы ірі қара малының нодулярлы дерматит ауруы шығуына байланысты кезең –кезеңімен вакцина егілген болатын. Ауруға шалдыққан 302 бас малдың 295 емделді. Сонымен қатар, осы аурудың алдын алу мақсатында 5000 га жерге ауруды таратушы масаға қарсы у (комбат) шашылды.   
Биыл нодулярлы дерматитке қарсы егу жұмыстары уақытымен жоспарға сай жүргізілетін болады.
        
Жұмыспен қамту
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың  2017–2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы»  аясында    2017 жылы аудан бойынша  несие алуға бөлінген 77,1 млн теңгеге  17 адам қол жеткізіп, өз кәсіптерін ашты.
129 адам  кәсіптік оқуға жолданып,  жоспар  107%-ға орындалды. (жоспар120 адам)
2017 жылы  999 адамды  жұмыспен қамту жоспарланса, есепті мерзімге 1445 адам жұмыспен қамтудың  белсенді шараларына тартылып, жоспардың орындалуы 145%-ды  құрады.

  • Жұмысқа орналастыруға (454 адамды жолдау жоспарланса), 12  ай ішінде 920 адам жолданды, соның ішінде 450 тұрақты, жоспар 203%-ға орындалды.
  • Жастар практикасына (47  жас  маманды жолдау жоспарланса), 65 жас маман жолданып, жоспар 138%-ға орындалды.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына  (85 адамды жолдау жоспарланса), 101 адам жолданып бағдарлама  120% -ға орындалды.
  • 480 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша  643  жұмыс орны  ашылып, жоспар  140%-ға орындалды.  
  • Ақылы қоғамдық жұмыстарға (405 адамды жолдау жоспарланса, есепті мерзімге) 405  адам  жолданып, жоспар 100 %-ға  орындалып отыр.

Аудан бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 977 бірлікті құрап,  2016 жылмен салыстырғанда 2,5% артқан. (953 бірлік). Қазіргі таңда тұрақты жұмыс жасап тұрғандары 83,2% құрайды.  (813 бірлік)
Соның 33,9% (333) ауылшаруашылық саласында, 34% (334) сауда, 3,1% (30) құрылыс саласы, 12,1% (117) көлік саласы, 16,9% (163) басқа да салаларда қызмет жасайтындар. Жалпы бұл салаларда 1932 адам тұрақты жұмыспен қамтылып 2% артып отыр. (2016 жылы 1905 адам)
2017 жылы «Феррум Контракт» ЖШС   Тасқала ауданының  Бірлік ауылында «Шөлмектегі су өндірілетін цехтың құрылысына»  жоба дайындалып, құжаттары жасақталып, сараптамадан өткен болатын. Облыстық кәсіпкерлік басқармасына үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту картасына енгізуге ұсыныс беріліп, хат жолданды.
Биыл құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Инвестиция көлемі 190  млн.теңге. Бірлік ауылынан 10 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Таскала ПромСервис» ЖШС 3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант алып және қосымша 1,1 млн. теңге өз қаражатына ірімшік өңдеу цехын ашпақшы және 2017-2018 жылдарға жоспарланған құны          20 млн.теңгені құрайтын жабық базардың құрылысы жүргізілуде. «Лидер» супермаркетімен келісімдері бар.
Биылғы жылы ауданымызда «Нефтэк» жанар-жағармай бекеті ашылып, 146 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.  Ауданымыздан 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жол бойынша
Тасқала ауданы бойынша 2016-2017 жылдары жалпы ұзындығы 10426 метр ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 7431 метр жол толықтай аяқталды (490,7 млн. теңге).   Қалған ұзындығы 2995 метр құрайтын 2 көшенің (Шамова, Маметова) автомобиль жолдары көшпелі тәсілмен (236,2 млн.теңгеге) күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталатын болады.
2016-2017 жылдары көшпелі тәсілмен шалғай орналасқан Оян және Атамекен ауылдарына дейінгі жалпы ұзындығы 32 км құрайтын автомобиль жолдарына үнемделген қаржыдан (79,35 млн.теңгеге) жергілікті материал опока төселіп, тығыздау және тегістеу жұмыстары жүргізілген болатын. Осы жол бойынша есептік кездесулерде көп сын-пікірлер айтылды. Бірақ күзгі жауын-шашын кезінде опока төселген жолдар  езілмей, ауыл арасындағы қатынас үзілген жоқ.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан орталығындағы 28 көше және 3 шағын ауданның автомобиль жолдарына 4 жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.          2 жоба ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жолданып, қазіргі таңда       1 жобаның құжаттары толықтай дайын. Жоба құны - 514,525 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба көшпелі тәсілмен 2 жылға жоспарланған. Құрметті Алтай Сейдірұлы ауданымыздың ауылішілік жолдарын жөндеуді жалғастыру үшін бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлуіңізді сұраймын. (Тасқала ауылының Ш.Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі, Шежін, Х.Доспанова, Т.Жароков, Әбілхайыр хан көшелері, Д.Нұрпейісова және Скоробогатов көшелерінің бір бөлігі, «Көктем» және «Самал» шағын аудандарының автомобиль жолдары)

Газ, су мәселесі
Жалпы аудан тұрғындарының  92,1% ауыз сумен қамтылған.          Оның 67% орталықтандырылған ауыз суға қосылған. (қалған тұрғындар жеке құдықтардан пайдалануда).  Аудан тұрғындары 98,6% газбен қамтамасыз етілген.
Биыл Тасқала ауылдық округінде жергілікті бюджеттен жалпы сомасы – 6 млн. 980 мың теңге қаржы бөлініп, ұзындығы – 4 км болатын 11 көшеге (Доспамбет жырау, Амангелді, Саябақ, Береке, Шамов, Ақжол, Азаттық, Панфилова, Халықтар достығы, Жағалау, Темір Масин) ауыз су жүйесі жүргізілді.
Бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе су бағасын төмендету бойынша 2015 жылдан бері бірқатар жұмыстар атқарылған болатын. Құрметті Алтай Сейдірұлы өзіңіздің қолдауыңызбен биыл су бағасын төмендетуге субсидия төленетін болды. Ауыл тұрғындары атынан шынайы  ризашылығымды білдіре отырып, рахмет айтамын.  2018 жылдың қаңтар айынан бастап 1 текше метр ауыз су бағасы 30 теңгеге дейін төмендеді.
(Тасқала ауданының Мереке, Айнабулақ, Ақкайнар, Ақтау, Атамекен, Достық, Өркен, Оян және Тасқала)
А) ауыз су есептегіш құралы тұрғын үйдің ішінде орналасқандарға - 1 текше метр ауыз суға 30 теңге 00 тиын;
Б) ауыз су есептегіш құралы орталық су желісіндегі сақиналарда (шахталарда) орналасқандарға - 1 текше метр ауыз суға 40 теңге 00 тиын;
В) ауыз су есептегіш құралы орнатылмаған тұтынушыларға 1 адамға - 360 теңге 78 тиынды құрайды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы
2017 жылы Мерей (253,206 млн. теңге), ІІ Шежін (141,037 млн. теңге) ауылдарында су құбырларын қайта құру жұмыстары толықтай аяқталып, нысандар белгіленген уақытта жоспарға сай пайдалануға берілді. Амангелді ауылының су құбырын қайта құру жұмыстары 2 жылға жоспарланған, жұмыстар  2018 жылы жалғасатын болады.
Сонымен қатар, «Атамекен, Алмалы, Қалмақшабын ауылдарының су құбырын қайта құру» нысанының құрылысына ашық конкурс жарияланып, мердігер анықталды. Жұмыстар көктемде басталады. Жоба құны 293,385 млн. теңгені құрайды.
Алдағы уақытта 50-ден астам халық тұратын, шағын әлеуметтік нысандар орналасқан 7 ауылымызға су-газ өткізсек деген ойымыз бар. (Аққайнар, Өркен, Жігер, Бастау, Ынтымақ, Черная падина, Беленьки) Биыл ЖСҚ дайындау жоспарланып отыр.

Абаттандыру
2016-2017 жылдары ауданымыздың 8 ауылдық округінде спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілді. (Амангелді ауылдық округінде мердігердің өз талаптарын орындамауына байланысты 2018 жылы салынатын болады).
Биыл барлық ауылдық округтерде жаңа үлгідегі балаларға арналған ойын алаңдарын және «STREET WORKOUT» көше тринажерларын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта конкурс жарияланды. Мердігер анықталғаннан кейін жұмыстар басталады.
Сонымен қатар, Тасқала және Зеленов аудандары шекарасында жаңа үлгіде Тасқала ауданының белгісі орнатылатын болады.
2017 жылы аудан орталығында көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 6 км су жүретін каналдар тазаланып, кеңейтілді. Сонымен қатар, Деркөл өзенінің жағалауын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасатын болады.

Жер мәселесі          
2017 жылы 103 ШҚ, 2 АӨК (ауылшаруашылық өндірістік кооперативі), 1ЖШС жалпы көлемі 19 795 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер берілді. Соның ішінде 1079 га тыңайған жерлер, 12473  га жайылым жерлер,  6034 га шабындық жерлер, 209 га басқа да жерлер.
2017 жылы пайдаланылмай  жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы 12 шаруа қожалығының  жалпы көлемі 4651 га жер анықталып, өз еркімен бас тарту арыздары негізінде мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Осыған қоса, 14 шаруа қожалығының жалпы көлемі 5642 га нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлері инспекцияға тексеруге жолданды.
2017 жылдың IV тоқсанынан бастап,  ауыл шаруашылығы жерлері   конкурс  арқылы берілуде.
Өткізілген 2 конкурс нәтижесі бойынша жалпы  көлемі 1493 га  6 жер учаскелері  берілді. Қазіргі таңда жалпы  көлемі  2320га,  8 жер учаскелеріне конкурс жарияланды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.
2018 жылдан бастап бизнес нысандарына немесе коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін беруді  аукцион арқылы өткізетін боламыз.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген  266 жер учаскесінің 75-нің жалдау мерзімі аяқталып, кезекте тұрған келесі азаматтарға берілуде.
Сонымен қатар, биыл жеке тұрғын үй құрылысына 106 жер учаскесіне (Тасқала ауданының солтүстік-шығыс бөлігі) және 66 жер учаскесіне (Тасқала ауданының оңтүстік-батыс бөлігі) инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым өткізу үшін ЖСҚ дайындалды.

Құрылыс саласы
2017 жылы  Тасқала ауданында 119 млн.934 мың теңгеге жалпы көлемі 3052 шаршы метр құрайтын жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2016 жылмен салыстырғанда 15% артып отыр. (2016 жылы  93 млн. 791 мың теңгеге 2599 шаршы метр)
Тасқала ауылындағы үш қабатты 36 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысы бойынша ЖСҚ ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алды. Жобаның құны – 891 759,4 мың теңге.
Сонымен қатар, Тасқала ауылында бір қабатты бір пәтерлі үш бөлмелі арендалық-коммуналдық 7 тұрғын үйлердің құрылысы бойынша құжаттары толықтай дайын. Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Жобаның жалпы құны – 96 274,0 мың теңгені құрайды.
2017 жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламасына сәйкес 4 мектептің (Ақтау ОМБ, Совхоз ОМБ, Ы.Алтынсарин атындағы ОМ, С.Жақсығұлов атындағы ОМ) күрделі жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптаудан өткен болатын.
Биыл Тасқала және Ақтау ауылдарында дала суларын сақтап қалу үшін бөгеттерді қайта құру жұмыстарына ЖСҚ дайындалуда. Мамыр айында құжаттар толықтай бітеді.
Құрметті Алтай Сейдірұлыаталған нысандарға бюджетті нақтылау кезінде мүмкіндігінше қаражат бөлінуіне ықпал етуіңізді сұраймын.

Білім саласы
Ауданымыз облыс көлемінде білім деңгейінің көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда.
Жаңа оқу жылының бір ерекшелігі – биыл облыстық Білім басқармасының қолдауымен, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің көмегімен кәсіптік бағдар беру бағытында ауданымыздың С.Жақсығұлов атындағы ОМ және Қ.Сәтбаев атындағы ОМ-нің 8 сынып оқушыларына агросынып эксперименттік алаңының жұмысы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда апта сайын университеттің педагогтары келіп сабақ беруде. Аталмыш жоба мектеп оқушыларына ауылшаруашылығы негіздерін үйреніп шығуына көмектеседі және осы сала бойынша жоғарғы оқу орындарына түскенде жеңілдіктер берілетін болады.
 
 «Нұр Отан» партиясы -   халықтың мұңын тыңдап, жұрттың тілегін естіп, ұсыныс-пікірі мен талабын назарға алып келе жатқан елдегі басты саяси партия.
Партия аудандық филиалы құрылған күннен бастап ауданның дамуына айрықша үлес қосуда.
«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының бастамасымен 2017 жылы 9 рейдтік шара және 4 отырыс өткізіп, тиісті мекеме басшылары, ауыл әкімдерінің есептері тыңдалды. Құрылыс жұмыстарына 12 ұсыныс-пікір білдірді.
Аудандық филиал партиялық жобалар аясында да ілгері істер атқаруда. «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ»,  «Жастар Отанға!», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық әлеуметтік жобалары аясында жыл басынан бері 228 шара өткізіліп, оған 2886 адам қамтылды.
«Нұр Отан» – келешектегі келелі істердің ұйытқысы, болашақтың  партиясы. Ал, біздің мақсат осы сындарлы саясатпен бірге жаңғырып, жаңару.
Рухани жаңғыру бойынша
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын Тасқала ауданында іске асыру бағытында аудандық шаралар жоспары жасақталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сай сәуір-желтоқсан айларында  барлығы 89 шара өтіп, оған 15074 адам қамтылды (с.і. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша - 21 шара, 7 жоба; «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 15 шара; «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша  - 46 шара).
2017 жылы «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты аясында жалпы құны 5 млн 314 мың  теңге құрайтын  7 жоба іске асырылды. Биылғы жылы осы бағдарлама аясында жалпы құны 23 млн. 700 теңге құрайтын 14 жоба жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, тамыз айында Тасқала ауданында «Жомарт жүрек – 2018»  «Жерлестер» форумын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Уважаемый Алтай Сейдирович!
Уважаемые гости района и земляки!
В ходе отчетных встреч в сельских округах поднимались ряд вопросов:

  • Работа казпочты.
  • районном филиале1,5 года не была директора,
  • в сельские округа пенсию назначенное время не привозят
  • Обучаемых работников на работу не берут
  • Самая минимальная зарплата

Данную проблему надо решить с обл. Руководством Казпочты

  • Отсутствие машины скорой помощи
  • 3 - сельские округа - Мерей, Мереке, Оян
  • 2 - в районный центр

Құрметті ауылдастар!
Өздеріңізге мәлім биыл да Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жасады. Президенттің биылғы Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап берді. Жаңа Жолдаудың басты бағыты – әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылуы. Осы міндеттерді орындау біздің басты мақсатымыз.
Құрметті Алтай Сейдірұлы өзіңіздің бастамаңызбен Жолдауда көрсетілген 10-шы бағыт бойынша қалаларда «Смарт Сити» технологиясын енгізу жұмыстары облыс орталығында жүргізіліп жатқанын білеміз.
Осы бағытта Біз өзіміздің аудан деңгейінде мүмкіншіліктерімізді қарап «Смарт ауыл» деген атаумен Концепсия жасап, бірнеше жобаларды енгізе отырып, жұмысымызды бастағымыз кеп отыр. Оның ішіне:
- барлық коммунальдық төлемдерді, несиелерді кезекке тұрмай интернет арқылы төлеу;
- мемлекеттік қызметтерді электронды алу;
- халықтық бақылау;
- жол қауіпсіздігінің, қылмыстың алдын алу үшін бейне бақылау камераларын орнату;
- ауылішілік жолаушылар автобусының қай жерде келе жатқанын электронды бақылау;
- көшелерді электр үнемдегіш шамдармен жарықтандыру  жобалары енгізілетін болады.
Сонымен қатар, ауылымызда орталықтандырылған кәріз жүйесі болмағандықтан биыл 2 көппәтерлі үйге «Модернизация ЖКХ» бағдарламасы аясында пилоттық жоба ретінде аэрофобты биосептик орнату жоспарланып отыр. Егер жоспар сәтті өтсе алдағы уақытта бірнеше үйлерді біріктіріп, ортақ биосептик орнататын боламыз.

Мемлекеттік – жекешелік әріптестік бойынша 2 жобамыз дайын. Олар: Қ.Сәтпаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеуі, оның сервистік қызмет көрсетілуі және 280 орындық балабақша құрылысы. Қазір конкурс ойнатылуда.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 320 көрерменге арналған  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және көше шамдарын орнатуға құжаттар дайындалуда.

 

Құрметті ауылдастар!
Біз биыл аудан бойынша «Ең таза көше» конкурсын ұйымдастырмақшымыз. Оған барлық ауылдық округтердегі және аудан орталығындағы көшелер қатыса алады. (Конкуста қаралатын критерийлер: көшенің тазалығы, ағаштар отырғызу, аулалардың жөнделуі, жарық шамдарының орнатылуы т.б. сол көшенің абаттандырылуы бойынша атқарылған жұмыстар) Конкурс ережесіне сәйкес жыл соңында жеңімпаз көшеге 5 млн. теңге қаржы бөлінетін болады. Ол келер жылдың бюджетіне салынып, алдағы жылы сол көшенің абаттандыру жұмыстарына жұмсалады.

Құрметті жерлестер!
Жалпы аудан экономикасын дамытуда жергілікті атқарушы органдардың жұмысы әрқашан қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, Елбасының дәстүрлі Жолдауында айқындалған  стратегияны  іске асыруға, ауданымызды көркейтіп, ауылдың тұрмыс-тіршілігін түзеуге бағытталған.
Алдағы уақытта да Елбасы саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға, аудан тұрғындарының әлеуметтік-мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланып, қызмет атқаратын болады.
Назарларыңызға рахмет!

Ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайын сипаттайтын баяндамам аяқталды. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.