2016 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болды. Биылғы жылы студенттер арасындағы қысқы спорт түрлерінен ХХҮІІІ дүниежүзілік қысқы«Универсиада-2017» жарысы және Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандарылған көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар Алаш қозғалысына 100 жыл, С.Датұлының 275 жылдығы сияқты атаулы мәдени шаралар атап өтілді.
Мереке ауылдық округінде Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, жергілікті қауымдастық, қоғамдық ұйымдар белсенді түрде ауыл әкімдігімен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап келеді.
Мереке ауылдық округ бойынша 37 шаруа қожалық нысандары тіркелген. 23 шаруа қожалық мал шаруашылығымен айналысып мал басын көбейту және асылдандыру  жолында жұмыс атқарып келеді. Ауылдық округ бойынша бүгінгі күнге ірі қара мал саны - 3208 бас, қой мен ешкі – 3212 бас, жылқы – 460 бас, түйе – 1 бас, құс – 1816 басты құрап отыр. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ірі қара мал саны – 58 басқа, қой мен ешкі саны – 423 басқа, жылқы – 77 басқа көбейіп отыр.
Мереке ауылдық округі бойынша «Береке» бағдарламасы арқылы 11 азамат және Тасқала аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1 азамат мал шаруашылығын дамыту бағытында несие алды.
Жаңа дүниеге келгендердің саны 2016 жылдың 31 желтоқсанына – 15 бала, ал 2017 жылдың қорытындысына сәйкес – 12 баланы құрап отыр.
Ауылдық округте жалпы білім беретін Мереке орта мектеп балабақшасы жұмыс жасайды. Мектепте барлық оқушылар саны – 111. Жалпы білім беретін Мереке орта мектеп-балабақшасының 2015-2016 оқу жылындағы қорытындысы бойынша білім сапасы – 69 %,  ҰБТ көрсеткіші – 68 % құрады.
Мәдениет қызметкерлерінің де бар білімі мен еңбектегі тәжірибесі әр түрлі іс-шаралардың, кездесу кештердің, концерттік бағдарламалардың сапасын жақсарту мен санын көбейтуге бағытталған. Ауыл тұрғындарының мәдениетін көтеруде ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері өз үлестерін қосып келеді. 2017 жылы 47 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, 5100 адам көрермен қатысты. Мәдениет үйінде би, домбыра, вокал, драма үйірмелері жұмыс жасайды. Домбыра үйірмесіне 4 адам, вокал үйірмесіне 15 адам, драма үйірмесіне 10 адам, би үйірмесіне 12 адам қатысады. Осы өнерпаздарымыз аудан орталығында өткізілген мәдени - шараларға қатысып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
Бүгінгі күні 440 оқырманы бар, 19972 дана кітап қорымен ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. 2017 жылы жаңа түскен әдебиет саны - 178 дана отыр. Сонымен қатар Мереке ауылында 5521 кітап қоры бар балалар кітапханасы жұмыс жасайды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021  жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша ағымдағы жылы жастар қатарынан-6 адам тегін кәсіптік білім алса, соның ішінде 1 азамат жұмыспен қамтылды.
2017 жылы  «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа жолданып 3 жас маман тәжірибеден өтіп,  1 жас тәжірибесін жалғастыруда.
2017 жылы Мереке ауылының кіреберіс жолына ұзындығы 415 м көлеміндегі құны 1 млн 200  мың теңге болатын жергілікті топырақ төгу жұмыстары жүргізілді. Су тасқынын алдын-алу бағытында демеушілік негізінде Мереке өзені  және Шошқа көлдің жағасының биіктігін көтеру жұмыстары жүргізіліді.
2017 жылы жергілікті өзін – өзі басқарудың қолма – қол бақылау шотындағы қаражатқа киіз үйдің жабыны тіктірілді. Демеушілік негізінде Мереке ауылдық Мәдениет үйінің би үйірмесіне 210 теңгеге ұлттық киімдер тігілді.
Ағымдағы жылы ЖОББ Мереке МБК-не, Мереке ауылдық Мәдениет үйіне, Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына пандус орнатылды. ЖОББ Мереке МБК-не интернет нүктесі қойылды. Мереке ауылындағы қызметтік үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. ЖОББ Мереке МБК-не және «Мереке» саябағына велосипед аялдамасы орнатылды. Сонымен қатар «Мереке» саябағына «Менің жүрегім Мереке» атты белгі орнатылды.
2017 жылы Мереке ауылының 85 жылдық мерейтойы аудан көлемінде аталып өтілді. Бағдарламада мерелік концерт, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.