Тасқала ауылдық округіне қарасты қазіргі таңда 3 елді мекен бар. Округ бойынша бірнеше ұлттың өкілдерінен тұратын 2 310 аулада 8018 адам өмір сүруде, соның ішінде Тасқала ауылында - 7694 адам, Бірлік ауылында - 290 адам, Жігер ауылында - 34 адам. Халықтың құрамына келер болсақ: қазақтар - 6482, орыстар – 1182, украиндар – 89, немістер - 6 және басқа ұлт өкілдері – 259 адам.
Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау мақсатында заңды тұлғалардан 2017 жылы 14 арыз-өтініштер қабылданып, жеке тұлғалардан 84 арыз-өтініштер түсіп заңға сәйкес қаралды.
Тасқала ауылдық округі әкімімен 2017 жылы 204 шешім қабылданды, соның ішінде 55 шешім тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін беру туралы болса, қалғандары үйдің төлқұжаты мен мемлекеттік актісінің сәйкес келмеуіне байланысты жер телімін өзгерту, қосымша жер беру, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін беру және жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қабылданған шешімдер болып табылады. Сонымен қатар, ауыл әкімімен 2017 жылы барлығы 491 өкім шығарылған, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты – 104 өкім, негізгі қызмет жөнінде – 35 өкім, жеке құрам жөнінде – 352 өкім шығарылды.
Тасқала ауылдық округі бойынша 2017 жылдың 1желтоқсанына сайлаушылар саны 5774 адамды құрап отыр.   
2017 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны – 22 отбасы, соның ішінде 94 адам. Балалар жәрдемақысын алушылардың саны – 106 отбасы, соның ішінде 273 бала. 33 отбасыға тұрғын-үй көмегі берілді.
388 отбасыға жеке санаттағы азаматтарға төленетін әлеуметтік төлеулер төленді. Жұмысқа орналасқандардың саны 498 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілген адамдардың саны - 192, соның ішінде 21 аз қамтылғандар. Кәсіби оқуға 88 адам жіберілді.
Тасқала ауылдық округі бойынша 53 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 342 жеке кәсіпкер және 91 шаруа қожалығы есепте тұр. Мал шаруашылығына тоқталар болсақ, 2017 жылдың 1 желтоқсанына ірі қара мал саны - 3011 бас, қой мен ешкі - 9058 бас, жылқы -504 бас, шошқа - 97 бас, құстар –9032.
2017 жылдың 12 айында Тасқала ауылдық округі бойынша 94 қылмыс тіркелген, соның ішінде 79 ашылған. Учаскелік полиция инспекторларымен рейдтік шаралар нәтижесінде әр түрлі құқық бұзғандары үшін Тасқала ауылдық округі бойынша 2017 жылдың 12 айында513 әкімшілік хаттамалар толтырылған: соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін – 62 хаттама, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін – 100, отбасы-тұрмыстыққа қатысты – 58 және абаттандыру мәселелері, яғни 505-бап бойынша 99хаттамалар толтырылған.4 адам арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне жолданған.
2017 жылдың 12 айында Тасқала ауылдық округі бойынша тіркелген кәсіпқой емес медиаторлар Ш.Мусин, Ә.Жұмалиев және Н.Капизов Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңына сәйкес жұмыстарын жүргізіп келеді. Олар 2017 жылы 46 іске қатысты, соның ішінде 22 азаматтық іс және 24 қылмыстық іс. 2017 жылдың желтоқсан айында өздерінің медиаторлық мерзімдерін 2018 жылға ұзартты.
«Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылыжылдық қаржыландыру жоспары 69159,0 мың теңге, игерілгені 67492,0 мың теңге, яғни қаржыны игеру 97,6 пайызды құрады. Соның ішінде елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, сумен жабдықтау бағдарламалары арқылы халықтың сұранысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.