Аудан бойынша жылдық бюджет көлемі 4 млрд 139,3 млн.теңге құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда 16,3% (3 465,4 млн теңге) артты. Тиісті бөлінген қаржының  99,8% игеру жоспарланып отыр. Салық және басқа да төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсуі 101,8% құрайды.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,83 есе артып, 7 654,8 млн. теңге құрады (2016 жылы 2 698,8 мың теңге). Соның ішінде республикалық бюджеттен түскен инвестиция көлемі 3,3 есе артып,5 896,0 млн. теңге құрады, (2016 жылы 1 764,4 мың теңге). Жергілікті бюджеттен түскен инвестиция көлемі  20,3 есе артып, 436,0 млн. теңге құрады. (2016 жылы 21,4 мың теңге). Меншікті қаражат есебінен түскен инвестиция көлемі 1,4 есе артып, 1 322,8 млн. теңге құрады (2016 жылы 913,0  мың теңге).
Аудан бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 977 бірлік. 2016 жылмен салыстырғанда 2,5% артқан.
Ауылшаруашылығы саласы
Ауданда асыл тұқымды «қазақ ақбас», «абердин ангус» және «герефорд» тұқымды ірі қара малдарын өсірумен «Арай», «Болашақ», «Аманбаев», «Али», «Армат» аналық ірі қара малында асыл тұқымды статусы бар шаруа қожалықтары айналысады.
Шаруа қожалықтарына АШҚҚҚ акционерлік қоғамы «Береке» бағдарламасы бойынша  82 адамға 216,2 млн. теңге несие берілсе, «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша  2,5 млн. теңге несие берілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы 13 650 мың теңге несие алды.
Ірі мүйізді мал басы – 27 504 бас,  6,7%  артты (2016 жыл – 25 773), Ұсақ мүйізді мал басы – 62 413 бас, 8,9% артты (2016 жыл – 57 306), жылқылар  7 802 бас, 13% артты (2016 жыл – 6 901), құс саны 29 734 бас 10% артты. (2016 жыл – 27 024).
Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркеуде бар асыл тұқымды ірі қара мал саны – 6,5% (2132 бас -  Герефорд-777, Қазақтың ақ бас сиыры- 1266, Абердин –ангус-39, Голштина-50), ақжайық етті-жүнді қой саны - 9,4% (3250 бас), еділбай қойының саны - 25% (174 бас), артып отыр. Асыл тұқымды көшім жылқысының саны бірқалыпты. (49 бас)
Жыл басынан бастап былтырғы жылмен салыстырғанда тірі салмағында ет өндірісі  3 995,48 тонна,6%-ға  артты. (2016 жыл – 3 767,90 тонна), Сүт –15 144,70 тонна (2016 жыл – 15 138,80 тонна), жұмыртқа өндірісі 3 614,8 мың дана ( (2016 жыл – 3 612 дана) бірқалыпты.
Қазіргі танда жалпы аудан бойынша 18 АӨК бар, 483 мүше бар, малдың саны 2026 ІҚМ бас. Жұмыс бағыттары: 12 тұқымдық түрлендіру, 3 мал бордақылау, 2 аралас бағыт, 1 сүт қабылдау.
«Тасқала Ет» кооперативі рефрежиратор 8,0 млн теңгеге сатып алды. Қазіргі таңда мал сою пунктінің жете жарақтандыру жұмыстары аяқталуда (құрал-саймандар), 2017 жылдың  1 желтоқсанға ауданының шаруа қожалықтары отандық асыл тұқымды ірі қара мал 155 бас, 181 асыл тұқымды қошқар сатып алды.
104 шаруа қожалықтарынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды» субсидиялауға қатысу үшін өтінімдер түсті. Қазіргі таңда шаруа қожалықтарына 182,3 млн. теңге субсидия төленді.
Ағымдағы жылы аудандағы шаруа қожалықтар 24 жаңа мал ұстау  қораларын салды (аумағы 12880 шаршы метр), бұдан басқа ауылшаруашылық  жұмысшыларына 1 өндірістік үй (аумағы 80 шаршы метр) салынды. Жұмсалған қаржы көлемі 217 млн.теңгені құрайды.
Биылғы жылы ауданда 1025 бас ІҚМ бордақылауға қойылып, Мереке, Шежін, Амангелді ауылдық округтерінде мал бордақылау бағытындағы «Мереке Ет», «Чижа-2-Агро», «Алдар-Е» шаруа қожалықтары  «Арай» мал сою пүнктімен келісім шарт жасақтады.
2017 жылы  аудан  шаруа қожалықтарымен   301,1 млн.теңгеге 31 ауылшаруашылық техникасы  сатып алынды.
Егін шаруашылығы
2017 жылдың көктемгі далалық жұмыстарына қатысу үшін 62 шаруа қожалықтарынан өтініштер түсіп, жалпы егілген  жаздық дақылдардың көлемі  19,47 мың гектар құрады.    ( 106%, 18,40 мың га) .  Соның ішінде  жаздық бидай - 11,25  мың гектар (100%,11,21 мың га) , арпа -  6,17 мың гектар (130%, 4,72 мың га), тары -  40 гектар (20% 220 га), сұлы - 100 гектар (83%, 120 га)  және дәндік құмай - 2,01 мың гектар (94%, 2,13 мың га)  егілді.
Майлы дақылдардың жалпы егілгені - 2,51 мың гектар (243%, 1,03 мың га), соның ішінде  күнбағыс -  0,80 мың га, мақсар - 1,71 мың га.
Мал азығы дақылдарының жалпы егілгені – 5,75 мың  гектар, соның ішінде егілген біржылдық судан шөбі - 1,57 мың гектар, көпжылдық шөптер - 1,88 мың гектар  (еркек шөп) өткен жылдардың екпелі шөптері 2,30 мың га. 
2017 жылы егілген және жиналған көлем, соның ішіндегі күздік дақылдардың орылғаны - 5,35 мың га, түскен астық - 12,83 мың тонна, әр гектардан орташа түсім 24,0 центнерді құрайды.
Жаздық дақылдардың жалпы жиналғаны – 18,99 мың га (жиналатыны 19,57 мың га 580 га есептен шығарылды), түскен астық – 16,82 мың тонна, әр гектардан орташа түсім 8,8 центнер.
Биыл тұқым шаруашылығын дамытуға және тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 29 шаруашылыққа 27,6 млн.теңге субсидия төленді.
«Тасқала ауылдық несие серіктестігі»     ЖШС-гі арқылы «Егін жай» бағдарламасы бойынша  7 шаруашылыққа  40,7 млн. теңге несие берілді.
2017  жылдың  І  жартыжылдығында   сұрып  жаңарту мақсатында  ауданда   3 шаруа қожалық   4,5 тонна гибридтік күнбағыс тұқымдарын сатып алды.
Аудан бойынша 77,7 мың тонна шөп дайындау жоспарланып, жоспар 108,3% орындалды.
2018 жылға 4,70 мың  га күздік дақылдары егілуі жоспарланып, жоспар ған, жоспар 100% орындалды.
Ветеринария
«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 43 млн 948 мың теңге бөлініп, жылдық жоспар 100% орындалды.  Соның ішінде:  құтыруға қарсы 4600 бас ірі қара малы, 4500 бас ҰММ, 600 бас жылқы, 2500 бас ит, 600 бас мысық; сібір жарасына қарсы  24500 бас ірі қара мал, 46000 бас ұсақ мүйізді мал, 3700 бас жылқы; қарасанға қарсы 22100 бас ірі қара мал егілді;  пастереллез  ауруына  қарсы 11000 бас ірі қара мал, 9500 бас қой мен ешкі, 900 бас жылқы  егілді. Ірі қара малының нодулярлы дерматит ауруы шығуына байланысты 29500 бас жоспарланып  егілді.
Ауданы бойынша  2017 жылы бруцеллез ауруына  29164 бас ірі қара малы тексеріліп, бруцеллез ауруына шалдыққан 496 бас анықталып, барлығы белгіленген мерзімде санитарлық мал сою орындарына тапсырылды. Зақымдану 1,7% құрады. Бруцеллез ауруы шыққан 208 аулаға 22910 дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 71584 бас ұсақ мүйізді мал бруцеллез ауруына қарсы тексеріліп, бруцеллез ауруы анықталған жоқ.


2017 жылы барлығы 17310 ІҚМ, 27000 ҰММ  құлақ сырғалары берілді. 2017 жылдың 11 айында 9847 бас ІҚМ малын бірдейлендіру жоспарланып, 13684 бас ІҚМ бірдейлендіріліп, жоспар 135% орындалды.  30966 бас ұсақ мүйізді малды бірдейлендіру жоспарланып, 31000 ҰММ бірдейлендіріліп, 100 % орындалды. Аудан бойынша 1400 жылқы малы бірделендіріліп, жоспар 100 % орындалды.

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы» (бұдан әрі жаңа Бағдарлама), «Агробизнес 2020»,  «Бизнестің жол картасы 2020» , «Нұрлы Жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  арқылы жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімге жұмысқа орналасу мәселесімен  1340 адам жолықты.  Мұның  392 -  жастар  болса,  515 - жұмыс іздеушілер, 156 - аз қамтылғандар, 757– жұмыссыздар, 74 - өзін – өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар.
Жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде  999 адамды  жұмыспен қамтудың  белсенді  шараларына тарту  жоспарланса,  есепті мерзімге 1445 адам жұмыспен қамтудың  белсенді шараларына тартылып 145 %-ды  құрап отыр.

  • Жұмысқа орналастыруға 454 адамды жолдау жоспарланса 12  ай ішінде 920 адам жолданды, соның ішінде 450 тұрақты, жоспар 203%-ға орындалды.
  • Жастар практикасына 47  жас  маманды жолдау жоспарланса, 65 жас маман жолданып, жоспар 138  %-ға орындалды.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына  85 адамды жолдау жоспарланса 101 адам жолданып бағдарлама  120 % -ға орындалды.
  • 480 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша  643  жұмыс орны  ашылып, жоспар  140  %-ға орындалды.  
  • Ақылы қоғамдық жұмыстарға 405 адамды жолдау жоспарланса, есепті мерзімге  405  адам  жолданып, жоспар 100 %-ға  орындалып отыр.
  • Кәсіптік оқуға жаңа  Бағдарлама аясында 120 адамды оқыту жоспарланса

есепті мерзімге  129 адам  жолданып ,  жоспар  107 %-ға орындалды. 
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың  2017–2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы» аясында            2017 жылы аудан бойынша  несие алуға бөлінген 77,1 млн теңгеге  17 адам қол жеткізіп, 12 ай қорытындысы бойынша бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Жол бойынша
2017 жылы жүргізілген мониторингке сәйкес, аудандық маңызы бар 245 км автомобиль жолдарының 46,5% (114 км) қанағаттанарлық жағдайда болса, 120,1 км ауылішілік автомобиль жолдарының 60% (72,02 км) қанағаттанарлық жағдайда.
Тасқала ауданы бойынша 2016 жылы жалпы ұзындығы 1627 метр құрайтын бір көшенің (Абая) автомобиль жолына (102,3 млн.теңгеге)  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы көшпелі тәсілмен 2016 жылы басталған жалпы ұзындығы 4890 метр құрайтын 4 көшенің автомобиль жолдарының (332,6 млн.теңгеге) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 820 метр құрайтын орталық (Жақсығұлов) көшенің автомобиль жолы (55,1 млн.теңгеге) күрделі жөндеуден өтсе, ұзындығы 2995 метр құрайтын 2 көшенің (Шамова, Маметова) автомобиль жолына көшпелі тәсілмен (236,2 млн.теңгеге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2016 жылы 300 метр (14,9 млн.теңгеге), 2017 жылы 853 метр автомобиль жолына (15,7 млн.теңгеге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы есепті кездесу барысында бірнеше жыл бойы көтеріліп келген мәселелердің бірі шешілді. Шалғай орналасқан Оян және Атамекен ауылдарына дейінгі жалпы ұзындығы 32 км құрайтын автомобиль жолдарына (79,35 млн.теңгеге) 2016 - 2017 жылдары аралығында көшпелі тәсілмен жергілікті материал төсеп тығыздау және тегістеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан орталығының 28 көше және 3 шағын ауданның автомобиль жолдарына жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Жалпы аудан тұрғындарының 92,1%  ауыз сумен, 98,6% газбен қамтамасыз етілген. Биыл Тасқала ауылдық округінде жалпы сомасы - 6 980 мың теңгеге, ұзындығы – 4 км болатын ауыз су жүйесі жүргізілді. Тасқала ауылы бойынша жалпы 87% ауыз сумен қамтылған. Аудан бойынша ауыз су құбырларында жыл басынан 128 ақау табылып, уақытында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы
Мерей (253,206 млн. теңге), ІІ Шежін (141,037 млн. теңге) ауылдарында су құбырларын қайта құру жұмыстары толықтай аяқталып, нысандар белгіленген уақытта жоспарға сай пайдалануға берілді. Амангелді ауылының су құбырын қайта құру жұмыстарына бөлінген қаражат (60,0 млн. теңге) жоспар бойынша толықтай игерілді. Аталған нысан 2 жылға жоспарланған, жұмыстар  2018 жылы жалғасатын болады. Сонымен қатар, «Атамекен, Алмалы, Қалмақшабын ауылдарының су құбырын қайта құру” нысанының құрылысына ашық конкурс жарияланды. Жоба құны 293,385 млн. теңгені құрайды.
Аудан бойынша жер қоры барлығы 806805 гектар құрайды, соның ішінде елді мекен жерлері 134777 гектар, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер 452320 гектар соның ішінде егістік 38149 гектар, шабындық 70927,6 гектар, жайылым 277199,7 гектар тыңайған жерлер 62474,4 гектар, босалқы жерлер 214859,9 соның ішінде шабындық 55307,3 гектар, жайылым 122583,1 гектар, тыңайған жерлер 29411,6 гектар. Басқа жерлер 1734,9  гектар.

Ауылшаруашылығы жерлерін пайдалануға беру  бойынша 2017 жылы 103 ШҚ, 2 СПК, 1ЖШС жалпы көлемі 19 795 га  2016 жылғы жерді меншікке немесе жер пайлануға беруге арналған ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссия қорытындысының негізінде берілді. Соның ішінде 1079,2 га тыңайған жерлер, 12472,8 га жайылым жерлер,  6033,5 га шабындық жерлер, 209,5 га басқа да жерлер.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 4651 га 12 шаруа қожалығы анықталып, өз еркімен бас тарту арыздары негізінде мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осыған қоса 14 шаруа қожалығын нысаналы мақсатына сай емес пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5642 га жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау инспекциясына тексеруге жолданды.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген  266 жер учаскесінен 75 игерілмеген жер учаскелерінің жалдау мерзімі аяқталып, кезекте тұрған азаматтарға берілуде.
Сонымен қатар, 2018 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 106 жер учаскесіне (Тасқала ауданының солтүстік-шығыс бөлігі) және 66 жер учаскесіне (Тасқала ауданының оңтүстік-батыс бөлігі) ИКИ өткізуге ЖСҚ жасақталатын болады.
Білім саласы
2017 жылы Ақтау ОМБ, Совхоз ОМБ, Қ.Сәтбаев атындағы ОМ, Ы.Алтынсарин атындағы ОМ, С.Жақсығұлов атындағы ОМ күрделі жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптаудан өтті.
Аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту жағдайы: 3- 6 жас аралығында  баланың  1111-сы (99,9%) мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Аудан орталығы бойынша  балабақшаларға   кезекте  290 бала тұр.
2016-2017 оқу жылын жалпы 2486 оқушы бастаса,  оқу жылын 2477 оқушы аяқтады. Білім сапасы  66% (2015-2016 о.ж.- 67,5%) құрайды. Аудан бойынша 9-сыныпты 218 оқушы аяқтап, оның 25-і ерекше үлгідегі куәлікке ие болды. 11-сыныпты 133 оқушы аяқтап, қорытынды аттестаттау емтихандарын мектепте тапсырды. Соның нәтижесінде «Алтын белгі» төсбелгісіне 13 оқушы, Үздік аттестатқа 8 оқушы ие болды. Мектеп түлектерінің 113-і (85%)  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.
2017-2018 оқу жылында 18 жалпы білім беретін мектептер жұмысын бастады (12 орта, 3 негізгі, 3 бастауыш),  соның 15-і қазақ, 1-і орыс және 2-і аралас. Жабылған мектептер жоқ.
Жаңа оқу жылының бір ерекшелігі – кәсіптік бағдар беру бағытында аудан әкімі С.Әлиевтің қолдауымен екі мектептің жанында эксперименттік алаңының жұмысы ұйымдастырылды. С.Жақсығұлов атындағы ОМ және Қ.Сәтбаев атындағы ОМ 8 сынып оқушыларына агросынып ашылды.  Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан облысының аграрлық-техникалық университетімен меморандум жасақталып, университеттің педагогтары келіп сабақ береді.
Аудан мектептерінде 497 педагог жұмыс істейді. Солардың ішінде 412-і- жоғары білімді,  85-і -арнаулы орта білімді. Жоғары санатты мұғалімдер саны-74, бірінші санатты–162, екінші санатты–138, санаты жоқ мұғалімдер саны–123.
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 2017-2018 оқу жылында 1,5,7 сыныптарға сабақ беретін 101 мұғалім курстан өтіп, сертификатталды.
Балалардың аудандық «Шұғыла» демалыс лагерін күрделі жөндеу жұмысына 2016 жылдың 4 тоқсанында республикалық бюджеттен 90145,0 мың тенге, облыстық бюджеттен 10017,0 мың тенге қаражат бөлінді. Желтоқсан айында жұмыстар басталып, 2017 жылы мамырдың 15-де аяқталды. Лагерь 12 маусымнан – 4 тамызға дейін жұмыс жасады. Лагерьдің 4 кезеңінде  156 оқушы (2016 ж – 110) демалды.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан бойынша есепті кезеңде 252 нәресте дүниеге келіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 13 балаға төмен. Жалпы өлім көрсеткіші 136 адам құрап, 12 жағдайға азайды. Табиғи өсім 116 адамды құрады. Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, 1 жағдай сәби өлімі тіркелді. Туберкулезбен ауру көрсеткіші бойынша 7 жағдай тіркеліп, былтырғы жылмен салытырғанда 2 жағдайға азайған, туберкулезден 1 өлім жағдайы тіркелді.
Мәдениет саласы
2017 жылы аудандық мәдени-демалыс орталығына 18 орындық «Газель NEXT» автокөлігі сатып алынды. Аудан көркемөнерпаздары 2017 жылы елімізде ұйымдастырылған «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Атырау облысы, Құрманғазы ауданында өткен аймақтық театр фестиваліне қатысып ІІІ орын иеленсе, облыстық халық театрлары арасында өткен фестивальде ІІ орын иеленді. 1987 құрылған «Ақ тілеу» әжелер ансамблінің 30 жылдық мерейтойы атап өтілді. 2017 жылы аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен 670 шара өткізіліп, 64000 көрермен қамтылды. Аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен 2017 жылы 485 шара өткізіліп, 7480 адам қамтылды.
Спорт саласы
Аудан тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту мақсатында 54 спорттық шара өткізілген 3932 адам қамтылды. Үнемі түрде спортпен айналысатындар саны өткен жылмен салыстырғанда 4,7% артып, 4932 адамды құрады. Жалпы халық санының 28,8% құрайды. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығушы оқушылар саны  626 құрайды.
2016-2017 жылдары ауданымыздың 8 ауылдық округінде спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2018 жылы барлық ауылдық округтерде жаңа үлгідегі балаларға арналған ойын алаңдарын және «STREET WORKOUT» көше тринажерларын салу жоспарланып отыр.
Аудан бойынша 161 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 29,7% төмендеді. Соның ішінде аса ауыр 1 қылмыс, 2 ауыр қылмыс тіркеліп, толықтай ашылды. Тіркелген орташа ауыр қылмыс саны 79  құрап, ашылу деңгейі 87,3% құрады.
Мал ұрлығы бойынша 17 жағдай тіркеліп, 9 қылмыс ашылды.  Жалпы ұрлық саны бойынша 88 жағдай тіркеліп, 4,3% төмендеді, 6 жол көлік оқиғасы тіркелді. Мейілінше қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында 9 ауылдық округтерде 61 адам учаскелік полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілері қызмет атқаруда. «Өзіңді баста!» жобасы аясында учаскелік инспекторлармен аудан мектептерінде «Қоғамдағы кішігірім құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» тақырыбында лекциялар оқылып, кездесулер жүргізілді. Аудан тұрғындарына «Нөлдік төзімділік» бойынша жадынамалар таратылды.
2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында  облыстық,  аудандық, ауылдық  ақпараттық-түсіндіру топтары аудан орталығы мен ауылдық округтерге, елді-мекендерге  шығып 14201 тұрғынды қамтыған,  112  кездесу өткізді. Аудандық «Екпін» газетінде Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелерді қамтитын  104  тақырыптық  мақала, пікірлер, ақпараттар  жарық көрді.
   Рухани жаңғыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Тасқала ауданында іске асыру бағытында аудандық шаралар жоспары жасақталып, барлық деңгейдегі кітапханаларда кітап көрмелері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық жұмыс тобының  6 отырысы өтті. Жоспарға сай сәуір-желтоқсан айларында  барлығы 90  шара өтіп, оған  17382 адам қамтылды (с.і. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша - 21 шара; «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 23 шара; «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша  - 46 шара). «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша - әлеуметтік желіде 254, аудандық «Екпін» газетінде 83 материал, «Егемен Қазақстан» газетінде 1 мақала жарияланды. Облыстық телеарналардан 8 түсірілім көрсетіліп, 1 сұқбат берілді. «ТДК 42» телеарнасы арқылы «Жайнай бер, Тасқала!» атты бейнефильм түсіріліп, тұрғындар назарына ұсынылды.
2018 жылға «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасына» жалпы құны 25 млн. 700 теңге құрайтын 14 жоба ұсынылды.
«Мемлекеттік жастар саясатын» жүзеге асыру  бағытында аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-і қызмет атқарып келеді.  2017  жылға жылдық бюджеті 17188  мың   (2016  жылы 17,104 мың) теңгені құрап отыр. 
2017  жылдың қорытындысы бойынша 79 жас түрлі мәселемен кеңес сұрап келсе, соның 72-і  жұмысқа орналастыру мәселесімен келіп, оның  23 тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2017 жылы 380 қоғамдық-саяси, мәдени- көпшілік, спорттық   іс-шаралар өткізілді. Ауданда  қазіргі таңда  6 қоғамдық бірлестік тіркелген. «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі, «Мейірім» отбасын әлеуметтік қолдау орталығы, «Тасқала әйелдері» ҚБ,  БҚО «Мүгедектері ерікті қоғамы», «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» ҚБ-нің Тасқала аудандық филиалы,  Руханият» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі белсенді жұмыс атқаруда. ҮЕҰ-дың қызметі мен жобаларын қаржыландыруға аудандық бюджеттен     7136,6   мың теңге қаржы бөлініп, 50 жуық шаралар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында  2017 жылға 9341,0 мың теңге (оның ішінде БАҚ-қа 7818,0 мың теңге, телевидениеге              1523,0 мың теңге)  бөлінді.


Діни бағыт:
Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жергілікті атқарушы органдардың мүдделі мекемелермен бірлескен жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Аудан орталығында діни саладағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды кеңінен насихаттау жұмысын жүргізу үшін   13 адамнан тұратын  1 аудандық және 9 ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, жұмыстануда.
Есепті кезеңде аудан бойынша АТТ топтары, теолог мамандардың қатысуымен 164  профилактикалық іс-шаралар  ұйымдастырылып, 7355  адам қамтылды.  2017 жылы ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 47  материал жарияланып, интернет ресурстарында 5, фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Руханият» парақшасында – 38 ақпарат жарық көрді.