Биылғы жылдың бастау алуы тарихи мерейлі датаға толы жыл екені баршаңызға мәлім, бұл 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіздық. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтті. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Елбасы 2017 жылдың 31 қаңтар күні «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы жылғы Жолдауында да Елбасы еліміздің өткені мен бүгінін, болашағын саралай отырып, қазіргі таңдағы хал-ахуалымыз туралы сөз қозғады. Бүкіл әлемде орын алып отырған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдары туралы да айтылды. Соған байланысты қабылданған бағдарламалардың нәтижесінде болжам жасап, бағыт-бағдар көрсетті. Дағдарысқа қарамастан барлық бағдарламалар өз уақытында жүзеге асырылатыны туралы айтып кетті. Сол үшін бәріміз бір болып, жоспарда белгіленген нақты қадамдарды орындау керекпіз. Қазақстан халқына жолдаған жолдауын талқылау, насихаттау бойынша аудандық үгіт-насихат тобының және басқа да мекеме басшыларының қатысуларымен ауыл активінің жиналыстары, ауылдық округ әкімдігі жанындағы комиссиялардың, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы өкілдерінің қатысуымен бастауыш ұйымының мүшелерімен кездесулер, мәжілістер өткізілді.
Қазақстан ауылдық округінде ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдар ауыл әкімдігімен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап келеді. Ауылдық округ бойынша терроризмді алдын-алу мәселесіне талқыланған отырыстар, алдын алуға бағытталған жастар мен мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы:        
Бүгінгі күнге Занды және жеке тұлғлардан түскен өтініштер саны — 11, жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны – 11,  Занды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 0, соның ішінде толықтай қанағаттындырылған -11.
Мемлекеттік қызмет қөрсету:
2017 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік стандарттарға сәйкес барлығы 546 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде: жеке қосалқы шаруашылығының бары туралы анықтама беру - 517, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою – 23, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»-6 және шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тасмалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау жоқ. Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоғарғы деңгейде көрсетіліп, қызмет алушылардың  сауалнамалары бойынша өте жақсы деп бағаланды.

Негізгі көрсеткіштер
Округке қарасты төрт елдімекеніміз бар. Жер көлемі 165661,9 га, ауыл шаруашылығы жерлері 65074 га,  жайылым 51224 га, шабындық 12357 га, арнайы жер қорындағы босалқы жерлер 74197,9 гектарды құрайды.  Бүгінгі таңда халық саны 1138, соның ішінде Атамекен ауылында 947 адам, Қалмақшабында 109, Алмалыда 54 және Қисықсайда 28 адам. Экономикалық белсенді халық саны 740. Зейнеткерлер 140, мүгедек 40 жұмыссыз ретінде тіркелген 4, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолыққандар 20 адам.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде округ бойынша 27 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Тұрақты және маусымдық жұмысқа 10 адам орналастырылды. 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 3 адам Орал қаласына кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жолданды.
Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауларында Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту мәселесі үнемі қаралып отырады. Бұл жолда ауылымыздағы 24 отбасыға 893,6 мың теңге көлемінде балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.
Медицина саласы
Ауылдық округ бойынша 2017 жылдың басынан дүниеге келген нәресте саны – 10,  бала өлімі тіркелген жоқ, қайтыс болған адамдар саны – 11адам. 

Білім беру саласы
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының  кешенді бағдарамасын басшылыққа ала отырып, 8 бағыт бойынша мектептің жылдық жоспарымен бекітіліп  ұйымдастырылуда.
2017-2018 оқу жылында мектебімізде 94 оқушы оқиды, балабақшада - 50 бала, шағын орталықта - 16 бала, ал мектеп алды даярлық тобында - 9 бүлдіршін тәрбиеленуде, педагогикалық қызметкерлер саны  - 30. Сапалық құрамы: жоғары санатты - 3,  І санатты - 13, ІІ санатты - 6, 8 санатсыз.
2016-2017 оқу жылын 86 оқушымен аяқтап, білім сапасы 91,2 % құрады.
Штаттық кесте бойынша 66 қызметкер. Мектеп жанындағы бау-бақша жұмыс жасайды. Спорттық, құқықтық, шығармашылық үйірмелер, қыздарға арналған «Наз», ұлдарға арналған «Сұлтан» клубтары ұйымдастырылған. Мектеп ішінде  12800  дана кітап қорымен кітапхана қызмет атқаруда.
Мәдениет саласы
Ауылдық мәдениет үйімен жыл бойы бекітілген жоспарға сәйкес 8 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 300 көрермен қамтылды. 
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауылдық округ бойынша 40 шаруа қожалық нысандары тіркелген, соның ішінде  31 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып және 1-СПК «Атамекен Батыс-Агро» мал басын асылдандыру жолында жұмыс атқарып келеді.
2017 жыл округіміздің шаруашылық субъектілеріне «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 926 000 теңге субсидия төленді. Соның ішінде мал шаруашылығын дамыту үшін асыл тұқымды –селекциалық жұмысты жүргізуге 1 690 000 теңге, асыл тұқымды мал сатып алуға 5 236 000 теңге.
Қазақстан ауылдық округінде 2017 жылдың 1 желтоқсанына статистикалық есеп негізінде  ірі қара мал саны - 1303 бас, ш/қ- 3310 бас, қой мен ешкі - 3332 бас, ш/қ-4979 бас, жылқы - 509 бас, ш/қ-1383 бас құс – 1785,ш/қ-515 басты құрап отыр. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ірі қара мал саны - 433 басқа , жылқы - 207 басқа  басқа көбейіп отыр, қой мен ешкі саны - 378 басқа, құс -361 басқа кеміп отыр.
Ауылдық округтегі шаруашылықтар ала жаздай бар күш жігерлерін төрт түлік малын шығынға ұшыратпай жайылысқа іліктіруге жұмыстанады.
Ветеринария саласы
Есепті кезеңде өткізілген ветеринариялық іс – шаралар толығымен жүргізілді. Бруцеллез, туберкулез, қарасан, сібір жарасы т.б. ауруларға қарсы екпе және тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қаңғыбас (бұралқы) иттерді ату жұмыстары жүргізіліп, 30 бас ауланып, жойылды.
Шағын және орта бизнес саласы
Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту сөз болған болатын.
Округте 16 кәсіпкер өздерінің дүкендері арқылы ауыл тұрғындарын қажетті азық- түлік және тұрмысқа қажетті тауарларымен  қамтамасыз етеді. Жеке кәсіпкер «Аяулым» шағын наубайханасы түрлі нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Қоғамдық тәртіп
Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың ең бірінші кепілі  тәртіп пен заңдылықтың сақталуы екендігі белгілі.  Жыл басынан бірталай мақсатты іс шаралар өткізілді. Учаскеде тіркелген қылмыс саны - 1. Ашылған қылмыстар - 0. Қазақстан ауылдық округі бойынша ауылдық округі әкімімен учаскелік полиция инспекторы ішінара аула айналымын жүргізіп тұрады.

Инженерлік инфрақұрылым
Округ бойынша 188 абонент көгілдір отынға қосылған, көгілдір отынды тұтынушыға жеткізу бойынша 2 слесарь жұмыстануда.
Телефон байланысымен 203 және сымды интернетпен 41 абонент, ID TV-мен 6 абонент қамтылып отыр.
Атамекен ауылында «Казпошта» бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. 199 адамға түрлі ақылар алады соның ішінде 140 зейнеткер зейнетақысын, 48 еңбекақы, 31 жәрдемақы алады. Пошта торабы арқылы коммуналдық қызметтерді төлеуге және темір жолы билеттерін алу мүмкіндіктері бар, ақша аударымдар Қазақстан бойынша Юнистрим бағдарламасы арқылы жедел жүргізіледі. Салымдарды виза арқылы алу мүмкіндіктері де бар.
Қазақстан ауылдық округінде 2017 жылдың 12 ай ішінде  атқарылған бюджет қаражатына және демеушілердің көмегімен атқарылған жұмыстар тындырылды деп айта аламын.
2017 жылға атқарылып және жоспарланып отырған жұмыстар:
Қазақстан ауылдық округінде 2017 жылы атқарылған бюджет қаражатынан және демеушілердің көмегімен бір қатар жұмыстар атқарылды.
1. 2017 жылы Қалмақшабын және Молочная бөгеттерін 424,0 мың теңге қаражатқа жөндеуден өткізілді, «Жұмалы»  шаруа қожалығы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
2. Жолдарды  қыс   мезгілінде   қардан   тазалауға – 200,0 мың теңгеге, ауыл көше жолдарын  жөндеуге 542,0,0 мың теңге, ауыл көше жолдарын тегістеу жұмыстарын жүргізуге 192,0 мың теңге қаражат бөлініп жұмыстар атқарылды.
3. Атамекен   ауылына   спорттық   алаңын   жайластыру  жұмыстарын жүргізуге  224,0  мың теңге көше тренажерларына қаражат бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.
4. Атамекен   ауылының  саябағына 300,0 мың теңге «Мен сүйемін Атамекен» конструкциясына  қаражат бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.
5. Атамекен   ауылына  - баннер басып шығаруға -52,0 мың теңге бөлінді.
6. Бұл   2017 жылы атқарылған жұмыстардың маңыздылары.
2017 жылы атқарылған жұмыстың қаражатын игерулігі 99,9 % құрап отыр.
Ауылымызда жаңа саябақ ашылып, қоршауы қоршалып, көшеттер отырғызылды. 2017 жылы осы саябағымызға абаттандыру жұмыстарын, яғни заман талабына сай брюсчатка төселіп, орындықтар және арнайы қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды. Сонымен қатар биылғы жылы да көшет отырғызу жұмыстары қолға алынып, демеушілеріміздің көмегімен 240 түп көшет отырғызылып, демеушілеріміз  ауылымыздың көркейуіне үлес қосып жатқан жайы бар.
Ағымдағы жылы 31  сәуір күні өткізілген тұрғындар жиынында қыстан шыққан көң-қоқысты шығару ұйымдастырылып, 720 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, «Ауыл тазалығы-халық айнасы» демекші әр тұрғынды тазалықты ұстануға шақыру, ауылмыздың тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, экологиясын жақсарту мақсатында түбінде арнайы қоқыс тастайтын қапшықтары бар, үгіт тақтайшалары орнатылды.
Сонымен қатар тұрғындарға  бау-бақша егуі үшін «Шежін» өзенінен техникалық су жіберіліп, тұрғындар мүмкіндіктерінше бау-бақша салып, күтім жасады.
Жылдар-жылжып, уақыт өткен сайын, өткен күннің өнегесі өзгелерге үлгі болып келеді. Әсіресе 1941-1945 жылдары елін қорғаған, болашағы үшін жанын қиған жауынгерлеріміздің теңдесі жоқ ерлігі ел жадында мәңгіге сақталады. Осы жауынгерлерге арналған «1941-1945 ж.ж. ҰОС боздақтарына арналған» ескерткішке демеушілердің көмегімен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атамекен ауылының мектебінен білім  алып, өресі биікке самғап, өмір жолына аяқ басқан түлектері қаншама. Биылғы жылы мектебімізді бітіргеніне түлектеріміз және осы ауылда енбек атқарған азаматтары Атамекен ауылының 85 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» атты жерлестер форумына орай үлкен шара ұйымдастырылды. Бұл шарада спорттық ойындар, сауда-саттық т.б. ұйымдастырылып, халық қатысып, тамашалады. Шара барысына ат салысқан жеңімпаздар марапатталып, түлектер игі тілектерін айтты. 
Ауылымыздың тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, экологиясын жақсарту мақсатында және суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шаралары мен төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында әкім аппараты, медицина және мектеп қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт тақтайшаларын орнатты.
2015 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуде округ тұрғындарына Атамекен ауылының  18 шақырым жолын  жөндеу жұмыстары 2017 жылға жоспарланған  болатын,  жөндеу жұмыстары толығымен  жұргізілді. Соның ішінде Атамекен ауылына  ерекше қиындық туғызатын 15 шақырым жолды жөндеу жұмыстары  жұргізілді.
Атқарылып жатырған  игі  істер ауыл тұрғындарымен бірлесе  отырып   жасалынып жатырған жұмыстар, әлі де ауылымыздың көркеюі жолында  жоспарланып отырған жұмыстар орасан зор, сондықтан да алдағы уақытта  осындай жұмыстар  өз жалғасын табатын болады.

  1. жылға жоспарланып отырған жұмыстар:

          1. Бюджеттен қаражат бөлініп, ауыл ішіндегі электр жұйесінің  жөндеу жұмыстар атқарылады және 50 шам сатып алынып орнатылады.
2. Атамакен, Калмақшабын, Алмалы ауыл іші су құбырларын қайта жөндеуден және үйлерге кіргізу жұмыстарына қаражат бөлініп жұмыстар атқарылады.
3. Совхоз ЖОББМ күрделі жөндеу жұмыстары;
4. Қалмақшабын және Молочная бөгеттері жөндеу;
5. Атамекен ауылына балалар ойын алаңын салу;
6. Заманауи Street Workout алаңын салу;
7. Жолдарды қыс мезгілінде қардан тазалауға, ауыл көше жолдарын  жөндеу, ауыл көше жолдарын тегістеу жұмыстары жүргізіледі.  

           Ауыл түлектері  өз демеушіліктерімен  ауылымыздың көркейуіне үлес қосып жатқан жайы бар. 2018 жылы  Шакимов Т. А өз қаражатымен  ауылымыздың «1941-1945 ж.ж. ҰОС боздақтарына арналған» ескерткішке күрделі  жөндеу жұмыстарын өткізеді.
Атамекен ауылының паспортын дайындау;
Атамекен ауылына заманауи  хоккей ойын алаңын салу;
Атамекен ауылының саябағын абаттандыру жұмыстары.