Қосшы  ауылдық  округ әкімі  аппаратымен  2017 жылы  484  мемлекеттік  қызмет  көрсетілді. Жер телімін беру туралы 4 шешім шығарылып, 9 нотариаттық іс-әрекет  жүргізілді. Жеке және  заңды тұлғалардан  түскен өтініштер саны 4 өтініш құрайды, өтініштері қанағаттандырылды.
Бекітілген кестеге сай ХҚКО  мамандары құжаттандыру, мекенжай туралы анықтамаларды беру, ЭЦҚ беру, мүлікке қатысты сұрақтар  бойынша қызметтер көрсетті.
Қосшы ауылдық 74600  га  аумағында  екі елді мекен- Оян және  Кенжайлау  аулдарымен  18 қыстағы бар. Халық  саны  710  адам.
Елді-мекендерді абаттандыру
Кыс кезінде жолдарды  қардан  аршу жұмыстарына  - 220.0  мың теңге  бөлінсе,   көктем-күз  айларында қыру  жұмыстарына – 380,0 мың  теңге  бөлінді. Сарсенбаева көшесіне жол жөндеу  жұмыстарына 400,0  мың  теңге  игерілді.
Сонымен  қатар орталық  Маметова көшесіне тратуар салу жұмыстарына – 707,0  мың  теңге игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылымыздың  кіре беріс жаңына аялдама орнатылды. Бұл жұмысқа 428.0 мың теңге жұмсалды.
Елді  мекендерді көгалдандыру  жұмыстарына орай  Оян ауылының парк ауласы мен мекеме  аулаларына  аққайын, тополь, туя ағаштары егіліп, петунья гүлдері отырғызылды.
Салауатты өмір насихаттау және  жастарды спортқа тарту  мақсатында  ЖББ Оян орта мектеп алаңында спорт алаңын салу жұмыстары 85 пайыз орындалды.
Оян ауылының қызметтік үйіне және қоршауына ағымдағы жөндеу жұмыстар 1000,0  мың  теңгеге жүргізілді.
Ақтау–Оян жолына жөндеу  жұмыстары жоспарланған  17 шақырымға аяқталды.
Ауылшаруашылық жұмыстары
Мал саны өсу  динамикасы  бар. Былтырғы  жылмен  салыстырғанда ірі  қара  397 басқа өссе (биыл  3593 бас  - былтыр 3136 бас),  ұсақ   мал 306 басқа өсті ( биыл 9061 бас  - былтыр 8757 бас) жылқы саны 1351 бас (биыл 1351 – былтыр 1346). Ветеринарлық-профилактикалық  жұмыстар кестеге сай  жүргізілуде.  
Округ  бойынша техника  базасы  жаңару  жұмыстары  қолға  алынды. 2016 жылы  5 жаңа  трактор  алынса, биыл 2 ШҚ техникаларын жаңартты.Соның ішінде  «Длимов» ШҚ Нәтижелі  жұмыспен  қамту  және  жаппай  кәсіпкерлік  бағдарлама арқылы  несие алып, осы мақсатқа  жетті.
«Береке» бағдарламасы бойынша Нурмаганбетов Эльдар және Койшыбаев Нурлан  несие алып бордақылау алаңдарын ашып, жұмыстануда.
Қыстақтарды  сумен  қамтамасыз  ету  мақсатында  көктем, күзгі айларында «Казводхоз» БҚФ РММ бірлесіп Кирово-Чижинский канал   арқылы Қойшығұл, Қызыл ағаш, Көкапан, Баянас, Комсомольск қыстақтарының  және  Оян ауылының бөгеттері сумен  толтырылды. Бұл мал  шаруашылығын  жүргізуге  үлкен  көмек  болып  табылады.
Мал азығын  дайындау  жұмыстары ойдағыдай  жүргізілді. Шөп  дайындау  9000 тонна жоспары  артығымен  орындалды.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру
Округ  бойынша  мемлекеттік балалар жәдемақысы 17 отбасыға  тағайындалып  917,9 мың теңге  көмек  төленді.  Екі отбасы «Өрлеу» жобасына қатысып,  берілген қаржылай көмекке мал сатып алуға  мүмкіндік алды.
Жалпы жыл бойы   жұмысқа 14 адам орналасса, олардың  9 тұрақты  жұмысқа  шықты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 50 адам жіберілсе,   «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»   І бағыты бойынша 5 адам  кәсіптік оқуға  жіберілді.
Жалғыз басты қарияларға  әлеуметтік қызметкер тағайындалып, қызметі көрсетуде.
Денсаулық саласы
Қосшы ауылдық  округініде ФАП пен 1 МП жұмыс атқаруда.  Денсаулық саласында  2 фельдшер қызмет көрсетеді.
Жыл бойына (ВОП, стоматолог,онколог,акушер) дәрігерлермен қамтамасыз етілді.
Дәрігерлердің ұсынуымен күндізгі стационар және тегін дәрі-дәрмекпен, диспансерлік есепте тұратын аурулар қамтамасыз етілді және де облыстық дәрігер(ПМК) қабылдауында 126 адам қаралды.
Барлық профилактикалық және емдеу қызметтері уақытылы көрсетілуде.
Ана мен  бала  өлімі тіркелген жоқ. Балаларды вакцинациялауға  бас тарқан аналар жоқ.
 Білім саласы
Оян ОМ 84  оқушы білім алуда.  Мектеп алды даярлық  топта бала және шағын орталықта 32 бала тәрибеленуде.
Білім саласында 25 мұғалім, 4 тәрбиеші балаларды оқытуда. Білім  сапасы 58 пайыз құрайды. Қазіргі уақытта бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 52 оқушы қамтылып, 61 пайызды құрайды.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстарына 6 мұғалім оқытылса, 3 мұғалім ағылшын тілін меңгеру курстарына қатысты.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға мектеп қаражатынан 293 мың теңге жұмсалды. Мектеп  оқушылар Экспо 2017 көрмесіне,  Орал қаласына және Шұғыла  лагеріне демалуға мүмкіндік  алды. Оқушылардың барлығы 100 пайыз жазғы демалыспен қамтылды
Мәдениет саласы
Оян ауылындағы мәдениет үйі  көрермен залы 130 көрерменге арналған.  2004 жылы күрделі жөндеуден 2016 жылы ағымды жөндеуден өтті. Музыкалық және дыбыстық құрылдарымен қамтылған
Жалпы  2017 жылы 66 шара ұйымдастырылып, оған 4100 көрермен қатысты  және мәдениет  қызметкерлерімен 144000 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді. Оян ауылдық мәдениет үйінің жанынан «Ақ бата» әжелер клубы, домбыра, қолөнер және вокал үйірмелері жұмыс  істейді.
Округ бойынша Оян және Кенжайлау ауылында Кітапханалар жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры – 19566 дана,  соның ішінде  2017 жылы  түскен 174 жаңа  кітаптар. Жыл бойына кітапханалармен  430 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіліп, 9680  кітап  берілген.
Телефон, газ,су, электрқуат  және «Казпошта» АҚ  жүйесінің  жұмысы
Оян ауылы бойынша 93 үй табиғи газбен қамтылған, табиғи газбен қамту жыл бойы үздіксіз жүрді.
Қазіргі таңда округ бойынша 2 елді-мекен, 13 қыстақ электрқуатымен қамтылған,  соның  ішінде   биыл 2  қыстаққа  2,1 шақырым электроқуат желілері  тартылды. 
Оян ауылында сыймдылығы 202 абоненттік цифрлы станциясы бар. Оян  ауылы  бойынша  19  бағана  ауыстырылып, 13 абоненттік коробка ауыстырылды. Скеш Про арқылы  интернет  жүйесі  мектепке  және  әкімшілік  ғимаратына   орнатылды.
Округ  бойынша  елді  мекендерінің  100  пайыз  тұрғын  үйлері орталық  су жүйесіне  қосылған. Жазғы кезде профилактикалық  жұмыстар  жүргізілді. Ай сайын  су  сапасының  лаболаториялық  зерттеулері  өткізіледі.
Ауылымызда «Казпошта» АҚ филиалының  бөлімшесі қызмет  көрсетеді.
Қоғамдық тәртіп
Есепті кезенде қылмыс  тіркелмеген.
Жыл  бойы әкімшілік  құқықбұзушылық жөнінде 52 хаттама толтырылды. 2017 жылы  тұрғындардан  4 арыз  түсіп,  қаралды.  Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар  үнемі  жүргізілуде.   
Қоғамдық өмір мен  жастар саясаты 
Жергілікті  қоғамдастық  үш  отырыс  өткізді. Кеңестерде  биылғы  жылдың  жоспарын  талқылап,  өз  ұсыныстарын  берді.
«Ауылға  тағзым»  акциясы өз  жалғасын  табуда, мектеп  түлектері дала қызықтарын ұйымдастырып мектеп алаңына  фонтан сыйлады.
Қойшыбаевтар әулеті «Мерейлі  отбасы» облыстық  байқауда І  орын алып, республикалық байқауға қатысты.
Жастарды  жұмыспен  қамтылуы бойыншы биыл 7 жас маман тұрақты  жұмысқа орналасты. Сонымен  қатар қайырымдылық  акциялар аясында – мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы аналарға көмектер көрсетілді.
2017  жылы  «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне 16 тұлға кірді. Қосшы БПҰ  аудандық байқауында  І орын иеленді..