Бүгінгі күнге  округ  бойынша  халық  саны  -  1630  адам, соның  ішінде : -  Мерейде –960; Айнабұлақта – 325; Тоғайлыда ауылында – 204; Өркен -105, Аққайнарда 36 адам тұрып жатыр.
Аула саны 395 (Мерей-228 аула, Айнабұлақ-75 аула, Тоғайлы-52 аула,  Өркен-24 аула, Аққайнар-16 аула),   
Ауылдық округі  әкімінің 2017 жылы  қабылдаған  шешімдер  саны –17, шығарылған өкімдер саны – 86. 
2017  жылдық  бюджет 99,9  пайызға орындалады.
Мерей ауылдық  округі әкімі аппаратына барлығы 21 өтініш түсті. «Табиғи русурстарды пайдалану оның ішінде жерді пайдалану» бойынша   соның ішінде, жеке тұлғалардан – 19,  заңды  тұлғалардан – 2 өтініш.    
2017 жылдың 20 желтоқсанына 246 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде, 1) жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 233; 2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 13;                    
Жыл  басынан  14  нотариалдық  іс-әрекет  жасалды,  оның  13-і  сенімхаттарды  рәсімдеу, 1 – і  құжат  көшірмесін  растау.
Жыл  басынан аудандық  жұмыспен  қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  арқылы  жұмысқа  орналасу  үшін  жолығып  тіркелген   адамның  саны  42  болды. Олар  жұмысқа  тартылып, 93 адам жұмысқа  орналастырылды.    50  адам  қоғамдық  жұмысқа тартылды. Кәсіби  оқыту  және  қайта  даярлауға  8  адам оқытылды.
18 жасқа  толмаған  балалары  бар  40  отбасы  100  балаға  жәрдемақы  алады.
Округ  тұрғындары  үлесінде  мүйізді  ірі  қара  малының, қой  мен  ешкі,  жылқы  басының  санында  өсу  деңгейі   бар.  Округте  69  шаруа  қожалығы  жұмысын  жүргізіп  отыр.  Жиырма адам «Береке» бағдарламасы бойынша несие алып мал бордақылау жұмысын жүргізуде.
Округімізде «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарлама арқылы ауылішілік ауыз су тарту құбырын қайта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталуына байланысты Тәуелсіздіктің 26-жылдығы мерекесі қарсанында         салтанатты  түрде ашылды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 6 млн 790 мың теңгеге шағын футбол, волейбол алаңы салынды. Сонымен қатар Мерей ауылының Абай, Сейфуллин көшелері қиыршықтаспен төсеу жұмыстары аяқталды.
Санитарлық-экологиялық  айлық  кезінде  15 сәуір мен 15 мамыр күндері аралығындағы санитарлық-экологиялық айлық өткізу барысында, аймақтағы бюджеттік мекемелер айналасы тазартылып, 100түп жасыл желектер отырғызылды. Жалпы сенбілікке қатысқан адамдар саны 920 адам, 945 – тонна қоқыс шығарылды.
Білім беру саласы: Мерей ауылдық округінде 1 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар. Мектептегі 41 бастауыш сынып   оқушыларына, 46  аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балаларын ыстық тамақпен қамтылған.
Мерейде «Айгөлек» балабақшасы жұмыс істейді. Балабақшада 2 топта 41 бала (21 – ересек топ, 20 – сәбилер топ) тәрбиеленеді.
Денсаулық сақтау.Мерей ауылдық округі бойынша 1 ФАП және 3 ФП бар.           Мәдениет саласы. Мерей округі бойынша Мерейде – 130 орындық және Тоғайлы ауылында 50 орындық мәдениет үйі бар.  Мерей мәдениет үйінде 4 үйірме жұмыс жасайды.

Ауылдық  округте  «Ақсақалдар  алқасы», «Әйелдер кенесі»  жұмыс  істеуде. Округ  тұрғындарымен  қоғамдық  тәртіп  сақтау және  бала  тәрбиесі,  жекелеген отбасыларымен  жұмыс, көптеген  қоғамдық  іс-шаралар   жүргізуде.