Округ аумағында үш елді мекен бар – Достық, Бастау, Ынтымақ. Округ бойынша бірнеше ұлттың өкілдерінен тұратын 187 аулада 908 адам өмір сүреді. Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны 485 адам.
Есепті жылдың қорытындысы бойынша Достық ауылдық округінің әкімімен жыл басынан бастап 6 шешім қабылданып, 112 өкім шығарылды. Заңды тұлғалардан 8, жеке тұлғалардан 12 өтініш түсіп, қаралды, көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 177.
Шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу мақсатында келесі жұмыстар атқарылды. Достық ауылдық округі бойынша 14 шаруа қожалығы және 5 жеке кәсіпкер тіркелген.
Ауылдық округ бойынша бүгінгі күнге ірі қара мал саны 1250 бас, қой мен ешкі 4012 бас, жылқы 223 бас,  құс 1746 басты құрап отыр.
Егін шаруашылығы бойынша айта кететін болсақ:  2017 жылы барлығы дәнді дақылдары 4206 га құрайды, соның ішінде: бидай 3105 га, сорго 150 га, арпа 951 га өнімдері жиналды.
Бау-бақша егу жұмыстары биылғы жылы Бастау елді-мекенінде қолға алынып, «Аманбаев» шаруа қожалығы және ауыл тұрғындары Альбек Усенов, Мерлан Исагалиев өз еңбектерімен пайда тауып қоймай, аудан тұрғындарына арзан бағамен өз өнімдерін сатты.
2016 жылдың қазан айынан бастап Достық және Бастау елдімекендері тұрғындарының құрылтай жиналысында «Семиглавый» ауыл шаруашылығы кооперативін қайта құру туралы шешім қабылданды. Ауыл шаруашылығы кооперативі өз жұмысы нәтижесінде 120  аналық  басты  біріктіріп 1 млн. 200 мың теңге,  4  асыл тұқымды  бұқа  сатып алып оған 600 мың теңге және 95 бас төлге 760 мың теңге, яғни барлығы 2 млн. 655 мың теңге субсидия алды.
Қазіргі  таңда  көптеген  мемлекеттік  бағдарламалардың қолдауының нәтижесінде округ аумағында мал шаруашылығымен айналысуға 2 адам Беккабыл Калиев және Тимур Нашанов жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп «Береке» бағдарламасы бойынша бордақылау алаңын құруға 6 млн. 420 мың теңге сомасына микронесиеге қол жеткізіп, оған 15 бұқа сатып алды. Ауылшаруашылық малдары басын көбейтуге арналған «Игілік» бағдарламасы бойынша «Нұр» шаруа қожалығы (басшысы Г.Турганалиев) 3 млн. 200 мың теңге несиелік қаражатқа 11 бас ірі қара және мал азығын сатып алды. Сонымен қатар «Серик» шаруа қожалығы (басшысы М.Туленова) «Тасқала» несие серіктестігі арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша 3 млн. тенге несиелік қаржыға 17 бас ірі қара мал сатып алды.
                Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Округ бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 73 адам қамтылды, соның ішінде 46 адам тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысқа орналастырылды, 22 адам қоғамдық жұмысқа және 5 жұмыссыз адам әр түрлі мамандық бойынша кәсіби оқытуға жолданды.
Достық ауылында «Өрлеу» жобасы бойынша екі отбасы қайтарымсыз қаржы алды. Жалпы алған қаржы мөлшері 208827 теңгені құрап отыр. Алынған қаржы есебінен екі отбасы жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 1 ірі қара мал, 11 ұсақ мүйізді малдарын алып, жеке шаруашылықтарын кеңейту жолында жұмыстанып жатыр.
Абаттандыру.
Бүгінгі таңда ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамыту маңызды мәселердің бірі. Осы орайда, өткен жылы келесі жұмыстар атқарылды:
Достық, Бастау, Ынтымақ ауылдарының ауыл ішілік жолдарын қардан тазалау;
Достық, Ынтымақ, Бастау ауылдарының көшелерін жарықтандыру;
Достық, Бастау, Ынтымақ ауылдарының ауыл ішілік жолдарын тегістеу;
Достық ауылында орналасқан спорттық алаң алдына қатты тастан жаяу жүргіншілер жолын төсеу және орындықтар орнату;
Достық ауылының Суворова көшесіне жергілікті материал төсеу;
Бастау ауылында балалар ойын алаңын орналастыру;
Достық ауылындағы орыс және Бастау ауылындағы қазақ зираты қоршауын орнату жұмыстары жүргізілді;
Округіміздің мәдени көпшілік шараларын ұйымдастырып өткізу үшін киіз үй;
10 дана хоккей ойнайтын коньки;
Өрт сөндіру жасақтарына арналған киім, автокөлікке тіркеме, электрогенератор, мотопомпа, жоғары қысымды су айдайтын құрылғы сатып алынды.
«Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында Достық ауылдық округі бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
«Темирлан» шаруа қожалығының басшысы Бактыгереев Берик, ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері және Семиглавый Мар ЖООБМ түлектері 300 мың теңге көлемінде өз қаражаттарына спорттық жабдықтарын сатып алды. Бұл бастама ауылда салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында бокс секциясының ашылуына арқау болды.
«Аманбаев» шаруа қожалығының басшысы Аманбаев Сары-Тау және әкімі аппараты 100 мың теңге көлемінде өз демеушілік қаражаттарына спорттық жабдықтарын сатып алып волейбол алаңын құрды.
Ауыл тұрғындары Утегалиев Борис және Утегенов Алимжан өз қаражаттары  есебінен 700 мың теңгеге Достық ауылында жазда мал суаратын «Водокачка» бөгетін жөндеп, халыққа пайдалануға берді. Алдағы уақытта балық шаруашылығын дамыту жоспарлануда.
Ауыл тұрғындары бірлесіп 138 мың теңге көлемінде қаржы жинап Шамова көшесіне жергілікті топырақ төсеп, жолдың бұзылған жерлерін жөндеді.
Тасқала ауданының комуналдық шаруашылығы мекемесінің басшысы Кударов Акылбек Ислямгалиевич және аудандық маслихат депутаты Аманбаев Сары-Тау Жолдауұлы Бастау ауылына дейінгі күре жолдың 2003 жылғы көктемгі су шайып кеткен жерін 2 млн. теңге көлеміндегі демеушілік  қаражатқа жөндеді.
Округіміздің шаруа қожалық басшысы Мусин Махамбет Жапарович 310 мың теңге өз қаражатына Достық ауылының Сатарова көшесіне жарықтандыру шамдарын орналастырды.
Денсаулық сақтау саласы
Ауылдық округ  бойынша  1  ФАП  және  2 МП (медпункт)  жұмыс  істейді. Ауруларды тасымалдауға арналған жедел жәрдем автокөлігі бар. Скрининг бойынша профилактикалық медициналық байқаудан 122 ересек адам және 153 балалар мен оқушылар өтті.

Екпе егудің пайдасы мен маңызы, иммундық профилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы аурулардан қорғауда оның қажеттілігі туралы тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Екпін газетіне «Екпеге қарсылық» туралы мақала жарияланды.

24-25 қазан күндері «Жәрдем» пойызында 210 адам, соның ішінде 49 сәби дәрігерлік тексеруден өтті.
2017 жылы 13 сәби дүниеге келді, 4 адам қайтыс болды.
Білім беру саласы
Достық ауылдық округінде бір орта, бір негізгі және бір бастауыш мектеп бар. Семиглавый Мар орта жалпы білім беретін мектебінде 82 оқушы.  Жылдан жылға бастауыш сыныпқа оқушы саны көбеюде. Даярлық  тобында  13 бала тәрбиеленуде. Крутой негізгі мектебінде 43 оқушы, Вавилино бастауыш мектебінде 5 оқушы оқиды. Барлығы 130 оқушы білім алуда.
Педагогикалық кадр құрамы: Семиглавый Мар жалпы орта білім беретін мектебінде 27 мұғалім, мектепке дейінгі шағын орталық тобында 3 тәрбиеші бар. Крутой негізгі мектебінде 16, Вавилино бастауыш мектебінде 1 мұғалім.