Амангелді ауылдық округінде 2017 жылдың 1 қаңтар айына халық саны  барлығы 1393 адамды құрайды. Амангелді ауылында – 1192 адам, 1 – Шежін ауылында – 201 адам.  Амангелді ауылдық округі бойынша жалпы аула саны 364, с.і. Амангелді ауылында – 314 аула, 1 – Шежін ауылында – 50 аула.  
2017 жылы ауыл тұрғындарымен 18 жиналыс өткізілді, с.і. ауылдық округі әкімдігі жанындағы комиссия отырыстары, аудандық ақпараттық-насихат тобының және басқа да мекеме басшыларының қатысуларымен ауылдың активінің жиналыстары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерінің қатысуымен бастауыш ұйымының мүшелерімен кездесулер, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесулер өткізілді.      
Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратына  2017 жылда  жеке тұлғалардан  7 өтініш және заңды тұлғалардан  1 өтініш түсіп, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сай қаралып, тиісті орындарға жіберіліп, өтініш иелеріне жауап берілді. Бұл өтініштердің көпшілігі үй орнындағы жер учаскелерін заңдастыру мақсатында.  
«Амангелді ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де  көрсетілетін 8 мемлекеттік қызмет бойынша 2017 жылы  340  мемлекеттік қызмет көрсетілді (2016 жылы - 310 қызмет). Соның ішінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша – 265 (262) қызмет; «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша – 67 (39) қызмет; «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру және үйлеріне кері тегін тасымалдау ұсыну үшін құжаттар қабылдау» - 8 (9) қызмет; «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту және қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2017 жылдың 1 қаңтарына ІҚМ -1508  бас, с.і.: аналық мал-681 бас; ҰҚМ-4894 бас; жылқы-227 бас; құс- 2873 басты құрап отыр.
Округ бойынша 23 шаруа қожалық, 18 жеке кәсіпкер мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 5 АТК тіркелген, соның ішінде 3 шаруа қожалығы («Сапенов» ШҚ, «Еңбек» ШҚ, «Сундеткалиев» ШҚ)  және 3 АТК (Аққүтір, Нигметулла, Бекет Аман) ірі қара мал басын асылдандыру мен айналсады.
2017 жылы «Аумақты дамыту бағдарламасы» бойынша 5 жұмыссыз қысқа мерзімді қайта даярлау курстарында оқып шықты. Аспазшы, іс жүргізуші  мамандығын алды. С.і. 2-уі жұмысқа орналастырылды.
Округте жұмыссыз адамдарды жұмысқа тарту мақсатында ақылы қоғамдық жұмысқа 48 адам тартылды.
Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауларында Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту мәселесі үнемі қаралып отырады. Бұл жолда ауылымыздағы 21 отбасына 1043,7  мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленді.
«Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында  175,0 мың теңге көмек көрсетілді.
Ауылдық округте бағдарламаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар:
2017 жылдың маусым айында  «Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша Т.Рысқұлов және Сарайшық көшелерінің жолдарына 1,05 км қашықтықта  877,6 мың теңгеге жергілікті топырақпен (опок) төсеу, жолдарды тегістеу жұмыстарын «SK.BAT» ЖШС орындады.       
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Өңірлерді дамыту» бюджеттік бағдарламасымен 789,9 мың теңгеге  «Бауржан»  жеке кәсіпкері  қатты қалдықтарды тастайтын орынды жайластыру жұмысын жүргізді.
2017 жылдың қыркүйек  айында 1-Шежін елді мекеніне қатынайтын жолға «Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасымен   1,7 км қашықтықта  «SK.BAT» ЖШС-і 892,8 мың теңгеге жергілікті топырақпен (опок) төсеу, жолдарды тегістеу жұмыстарын атқарды.    
2017 жылдың қараша айында «Елді мекендерді көгалдандандыру мен абаттандыру» бюджеттік бағдарламасымен «Даңқ» аллеясы ішін безендіру және абаттандыру (орындықтар, қоқыс тастайтын себеттер орнату, брусчатка салу, кіре беріс қақпа орнату, күн көзінен қуат алатын шамдар орнату)  жұмыстарын «Жайық қызмет» жеке кәсіпкерлігі 999,7 мың теңгеге орындады.

 

      Ауылдық округінің әкімі                                                                 Қ.Жұмагереев