Ауылдың әлеуметтік саласы:
Округ аумағында төрт елді мекен – Черная Падина, Қызылбас, Беленький, Ақтау ауылдарында – 1341 адам тұрып жатыр. Жалпы аула саны 283, оның ішінде Ақтау ауылында – 252, Беленький - 13, Черная Падина - 12, Қызылбас - 7.
2017 жылы дүниеге келген балалар саны 15, қайтыс болған адамдар саны 10. Округ бойынша жасына байланысты зейнеткерлер саны – 187 адам. 1 - Ұлы Отан соғысының ардагері, 2- ҰОС ардагерлерінің жесірлері, 14 – тыл еңбеккерлері, 3 – тың ардагерлері, 12 – «Алтын алқалы» аналар, 11- «Күміс алқалы» аналар бар.

Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі:
Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратына 2017 жылы жеке тұлғалардан 9 өтініш түсті, ал заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. 2016 жылмен салыстырғанда 4 өтінішке (+50%) көп түсті. Барлық түскен өтініштерге уақытылы жауаптар берілді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны қосалқы шаруашылық туралы анықтама және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 158 адамға беріліп, 316 қызмет көрсетілді. Соның ішінде: жеке  қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 287, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 28 қызмет көрсетілді. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 39 мемлекеттік қызметке (-14%) аз көрсетілді.
Аппарат бойынша 87 өкім, 9 шешім шығарылды. 

Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету:
2017 жылы – 40 тұлғадан өтініш түсіп, аудандық комиссия арқылы балалар жәрдемақысын 38 отбасы алса, ал атаулы әлеуметтік көмекті 2 отбасы алады.
Әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істейтін 3 маман, 10 еңбекке жарамсыз жалғыз ізгілікті жандар мен мүмкіндігі шектеулі 2 балаға қызмет көрсетіп, мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық көмектен тыс қалмауына ықпал етуде.

2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» I-бағыты аясында «Іс жүргізуші» мамандығы бойынша 1, «Массажист» мамандығы бойынша 1 ауыл тұрғыны білім алып келсе, «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 2 ауыл тұрғыны, «Аспаз» мамандығы бойынша 1, «Дербес компьютер операторы» мамандығы бойынша 2 ауыл тұрғыны білім алды.

 

«Өрлеу» жобасы іске асырылуда
Ақтау ауылында 2017 жылдың II-III тоқсанында «Өрлеу» жобасы бойынша екі отбасы қайтарымсыз қаржы алды. Жалпы екі отбасының алған қаржы мөлшері 643 956 теңгені құрап отыр. Алынған қаржы есебінен әрбір отбасы жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін ірі қара мал, ұсақ мүйізді мал және үй құстарын алып, жеке шаруашылықтарын кеңейту жолында жұмыстанып жатыр. Сонымен қатар 2017 жылы 51 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.
Әлжуаз топтағы ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер және мүгедектерді қамқорлыққа алу мақсатында, 2017 жылы 5 ақпанында ауылдың 7 шаруа-қожалығымен екі жақты меморандумға қол қойылды.

Білім беру саласы
Мектепте 36 мұғалім еңбек етсе оның 2-і жоғары санатты, 10-ы І санатты, 15-і ІІ санатты және 9-ы санатсыз.
Мектепті биыл 11 түлек аяқтап, 8-і ҰБТ қатысып, қорытынды 71 пайыз көрсеткішті көрсетті.

Мәдениет саласы бойынша
Округімізде 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана, 1 орталықтандырылған модельдік кітапхана жұмыс істейді.

«Халық денсаулығы – Қазақстанның старатегиялық мақсатарына жету үшін тартып алынбайтын табыстардың бірі».
Округіміздің денсаулық сақтау жүйесінде 1 дәрігерлік емхана,             2 фельдшерлік пункт бар, барлығы 7 орта медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда.

«Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады».
«Береке» бағдарламасы бойынша 1 ауыл тұрғыны (К.Зделеуов) 6 млн теңге көлемінде несие алып, ірі қара мал шаруашылығын дамыту жолында жұмыстануда.
Ауылымызда 3 азық-түлік дүкені, 1 киім-кишек дүкені, тұрмыстық-техникалық құралдарын жөндеу бойынша «С.Бисенгалиев» ЖК халыққа қызмет көрсетіп келеді.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Егін шаруашылығы:
Ауылдық округте 45 шаруа қожалық тіркелген. Оның 17 егін егумен,
қалғандары мал өсірумен, шөп шабумен айналысады.
2017 жылы егістік алқабы - 3417 га құраса, соның ішінде егілген күздік дақылдар: бидай -724 га, қара бидай - 499 га; жаздық бидай – 994 га, арпа – 450 га, тары - 50 га, құмай – 700 га; күнбағыс – 270 га егілді. 2016 жылмен салыстырғанда 1500 (-70%) га аз егілді.
Мал азығын дайындау.
Ауылдық округ бойынша 10860 гектардан 8439 тонна өнім алынды. Мал азығын дайындауға жалпы 86 техника жұмылдырылды.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ақтау ауылдық округінде 2017 жылдың 1 қарашасына мал басы статистикалық есеп бойынша ауыл тұрғындарында ірі қара мал 1182 бас, ал 1212 бас шаруа қожалықтарының малы. Ауыл тұрғындарында қой 2686 және ешкі 450, шаруа қожалықтары бойынша қой 2375 және ешкі 199 бас, ауыл тұрғындарында жылқы 138 бас болса, ШҚ бойынша 266, ауыл тұрғындарында құстар 1489, ШҚ бойынша 585 басты құрап тұр.
2017 жылдың 1 қарашасындағы мал санағы 2016 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда ІҚМ 97 басқа (+4,2%) өсті. Қой 837 басқа (+19,9%) өссе, ешкі 104 басқа (+19%) өсті, ал жылқы 75 басқа (+22,8%) өссе, құстар 354 (+20,6 %) басқа өсті.
Ақтау ауылдық округінде 2017 жылы ветеринарлық жұмыстар бойынша бруцеллезге қарсы 1944 бас ІҚМ, 2398 қой мен ешкі зерттеліп, зерттеу бойынша 29 ІҚМ анықталып, уақытында жойылды. 2017 жылға малдарды жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп,. Сібір жарасына қарсы 2300 ІҚМ, 3500 қой мен ешкі, 206 бас жылқы егілді. Қарасан ауруына қарсы 1540 ІҚМ егілді. Туберкулезге қарсы 3260 бас зерттеліп, пастереллез ауруына қарсы 1250 ІҚМ, 850 қой мен ешкі, 80 бас жылқы егілді. 2017 жылы бұралқы иттер ауланып жойылды.  

Ауылдық округтегі бағдарламаларды іске асыру
040 - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн қаржы бөлінді.

  1. Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылы Өмірзақов, Гагарина, Ардагерлер, көшелеріне жергілікті топырақ төсеу жұмыстарына 1212,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар маусым айының 20 күні аяқталды.

011 – «елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 1 млн қаржы бөлінді.

  1. Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылы Өмірзақов, Гагарина, Ардагерлер және Муканов көшелерін қиылысындағы жолға жергілікті топырақ төсеу жұмыстарына 357,1 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
  2.  Беленькое елді мекені жолына жергілікті топырақ төсеу жұмыстарына 225,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды  
  3. Ақтау ауылының Подстанция көшесіндегі бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізуге 160,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды  

013 - «ауылдық округтердегі автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша  1 млн қаржы бөлінді.

  1. Қысқы мезгілдері Ақтау ауылдық округінің  Ақтау ауылының ішкі жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 220,0 мың  қаржы жұмсалды.
  2. Ақтау ауылынын ауылішілік автокөлік жолдарын тегістеу, грейдерлеу жұмыстарына 170,0 мың теңге жұмсалды.
  3. Ақтау ауылы Жүсіпов көшесіне  автокөлік жолына жергілікті топырақ төсеу жұмыстарына (топырақ, грунт төсеу,) 544,6 мың теңге  қаржы бөлініп, жұмыстар маусым айының 20 күні аяқталды.