Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы жөніндегі шаралар

Достық ауылдық округі

  1.  

Достық ауылына кіреберістегі 2 км жолды жөндеу

Достық ауылына кіреберістегі 2,6 км жолы жөнделіп, жергілікті топырақ төсеу жұмыстары аяқталды.

  1.  

Достық ауылында жазда мал суаруға бөгет салу

Демеушілік көмегімен Достық ауылында жазда мал суаруға бөгеті жөнделіп сумен  толтырылды.

Ақтау ауылдық округі

  1.  

Ақтау ЖББОМ ғимаратын күрделі жөндеу

Жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өтті.2018 жылы қаражат бөлінетін болады.

  1.  

Ақтау ЖББОМ оқушыларын тасымалдауға жаңа Газель автокөлігін бөлу

УАЗ автокөлігі мамыр айында сатып алынды

  1.  

Ақтау ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеу

Жобалық сметалық құжаттары дайындалып,  сараптамадан өтті.2018 жылы қаражат бөлінетін болады.

Мерей  ауылдық округі

  1.  

Мерей және Тоғайлы ауылдарын Ақбұлақ бағдарламасына қосу

Ақбұлақ бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталды,жалпы соммасы 253 млн.теңге.

  1.  

Мерей ауылының мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу

ЖСҚ түзетілуде.

  1.  

Мерей – Айнабұлақ елді мекен арасындағы автожолдын 4-5 шақырымын жөндеу

Аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі арқылы  Мерей – Айнабұлақ елді мекен арасындағы автожолдын 4-ші, 5-ші  шақырымын жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, аяқталды.

Тасқала ауылдық округі

  1.  

Бірлік ауылына дейін 2 шақырым жолды жөндеу

Бірлік ауылына дейінгі 2 шақырым жол жөнделді.

  1.  

Бірлік ауылына ауыз су мәселесін шешуге ЖСҚ дайындау

Бірлік ауылына ауыз су құбырын тарту жұмыстары аяқталды

  1.  

Тасқала ауылында дене шынықтыру – спорт кешенін құрылысына ЖСҚ дайындау

ЖСҚ дайындалды. Қазіргі уақытта кешенді экспертиза өткізу үшін мемлекеттік сатып алуға конкурстық құжаттар дайындалуда.

  1.  

Көктемгі су тасқынына дайындық

Тасқала ауылы бойынша 176 үйдің 690 тұрғыны, Бірлік ауылы бойынша 28 үйдің 86 тұрғыны тізімдері нақтыланып, су тасқынына дайындалу жөнінде жадынамалар үйлестірілді. Деркөл өзенінің жағалауы сенбілік жасап тазаланды.
Көктемгі су тасқының алдын алу жұмыстарына 9  бірлік техника, 15 адам жұмылдырылды. Тасқала ауылдық округі бойынша 3260 куб қар шығарылса, 52 тонна көше сулары сорылып төгілді. Ауданның маңызы бар жолдарында орналасқан 72  су жүретін құбырлар және Тасқала ауылдық округі бойынша 43 су құбырлары тазартылып, су жүретін сақиналар(кольца) ашылды.

  1.  

Тасқала ауылында ауылішілік маршрут бойынша газельді үзіліссіз жүргізу

Тасқала ауылында қазіргі уақытта ауылішілік маршрут шығарылды.

Шежін ауылдық округі

  1.  

Шежін ЖББОМБ интернет қосу

Шежін ЖББОМБ  ғимаратына интернет желісі қосылды.

  1.  

Шежін ауылының ауылішілік жолодарына қиыршық тас төсеп тегістеу жұмыстарын аяқтау

Жалпы 1,455 км  ауылішілік жолдарына қиыршық тас төселіп, тегістеу жұмыстары аяқталды.

Амангелді ауылдық округі

  1.  

Амангелді ЖББОМБ спорт залын күрделі жөндеу

Қазіргі уақытта мердігерді,  ЖШС «Құрылыс жөндеу сервис» басшысын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы ретінде  тану үшін құжаттар Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотқа жолданды.

Мереке ауылдық округі

  1.  

Мереке ЖББОМ спутниктік интернет қосу

ЖОББ Мереке МБ спутниктік интернет жүйесі наурыз айында қосылды.

  1.  

Мереке ауылындағы су мұнарасын қоршау

Су мұнарасы тамыз айында  қоршалды.

  1.  

Мереке ауылы мен Қалмақ ауылының арасындағы жолға қиыршық тас төсеп тегістеу

Мереке ауылы мен Қалмақ ауылының арасындағы және Мереке ауылына кіреберіс айналма жолына қиыршық тас төсеп тегістеу жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылы қаражат бөлінеді. Сондықтан жол тегістеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілетін болады.

  1.  

Мереке ауылы Абай және Акжігітов көшелерінде электр күшінің қалыпсыздығына байланысты электр желісіне күрделі жөңдеу жұмыстар

Мереке ауылы Абай және Акжігітов көшелеріндегі электр желісіне күрделі жөңдеу жұмыстары 2018 жылға жоспарланды.

Қосшы ауылдық округі

  1.  

Ақтау ауылынан Оян ауылына дейінгі автожолға жергілікті материалдар төсеп жолды жөндеу

Аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі арқылы 17 шақырым жерге жергілікті материалдар төселіп, тегістеу жұмыстары  жүргізілді.