Округімізде биылғы жылдың есепті кезеңіне атқарылған жұмыстар аз емес. 2018 жылы азаматтардан түскен өтiнiштер уақытылы толықтай қаралып өз шешімдерін тапты, арыз, шағымдар болған жоқ, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар  үнемі қолданылады.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу нәтижесіде есепті күнге округіміздің салық төлеушілерінен 21 300 000 теңге бюджетке төленді.

Жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде пайдаланылмай немесе нысаналы мақсатымен пайдаланылмаған жер учаскелері бойынша талдау, шабындық, егіс алқаптарын аралау және мал жайылатын жерді анықтау бойынша жұмыстар үнемі басты назарда. Қазіргі уақытта Достық ауылының бірден бір үлкен мәселесі мал жайылымының жетіспеушілігі.

Ауылдық округте автомобиль жолдарының жөнделуiн және күтiп ұсталуын басты назарда. Бастау ауылына баратын күре жолдың бірнеше жылдар бұрын көктемгі су шайған жері әлі күнге дейін жөнделген жоқ, бұл мәселе биылғы жылы өз шешімін табады деген сенімдеміз.

Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде, округ бойынша он шаруа қожалығы шаруаларын дөңгелетіп мал басын көбейтуде, тіркеудегі малдары берілген жер нормаларына сәйкес келеді немесе болжамды мал санына бірер жылда жеткен уақытта сәйкестенеді. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесуге әрқашанда қол ұшымызды беруге дайынбыз. Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша үнемі жұмыстанып келеміз. Жерлестеріміз Бастаулық Исагалиев Мерлан екі гектар жерді өңдеп бау бақша өсіріп өнімін облыс аумағында өткізуде, дәл сондай істі қолына алып 1 га жерді өңдеп өнім алған Усенов Альбек ағамыз, округ, аудан тұрғындарын бау-бақша өнімдерімен қамтып, облыста өткізілетін ауыл шаруашылық тауарлары жәрмеңкелердің белсенді қатысушысы.

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстар жыл бойы басты назарда болды. Көктем келіп жер аяғы кеңіген соң ауыл тұрғындарының мәселесі ауылда бар техниканы пайдаланып шөп шабу науқаны басталғанға дейін малдың қалдықтарын көң қоқыс орнына шығару.

Округ бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

Достық ауылында спорттық - балалар ойын алаңын жайластыру (street workout, көше жаттығу құрылғылары және заманауи балалар ойын алаңы);

Достық ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш салынды және алаңына қырлы кеспе тас төсеу жұмыстары жүргізілді;

Достық ауылында салынатын спорттық, балалар - ойын алаңына бетон жабын құю жұмыстары;

Достық ауылындағы спорттық алаңды жарықтандыру жұмыстары;

Достық ауылында орналасқан "Школьная" бөгет іргесінің бекінісін кеңейту және таптау жұмыстары;

Достық ауылында орналасқан "Элеваторная" бөгетінің топырақ үйіндісін бекіту;

Достық, Ынтымақ, Бастау ауылдарының көшелерін қардан тазалау жұмыстары;

Достық ауылының Желтоқсан көшесіне жергілікті материал төсеу жұмыстары;

Достық ауылындағы көше жарықдиодты шамдарын айырбастау жұмыстары жүргізіліп, демеушілер арқылы «Водокачка» бөгеті қалпына келтірілді.