Округ аумағында төрт елді мекен – Тоғайлы, Айнабұлақ, Өркен, Аққайнар ауылдарында – 1630 адам, бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Жалпы аула саны 390, оның ішінде Тоғайлы ауылында – 52, Аққайнар- 17, Айнабұлақ - 73, Өркен – 24, Мерейде - 228.

Ауылдың әлеуметтік саласы:

2018 жылы дүниеге келген балалар саны 21, қайтыс болған адамдар саны 11 адам.

8 – тыл еңбеккерлері, 8 – «Алтын алқалы» аналар, 13- «Күміс алқалы» аналар бар.

Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі:

Мерей ауылдық округі әкімі аппаратына 2018 жылы жалпы 30 өтініш түсті, жеке тұлғалардан-28, ал заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Барлық түскен өтініштерге уақытылы жауаптар берілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны қосалқы шаруашылық туралы анықтама және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 134 қызмет көрсетілді. Соның ішінде: жеке  қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 127, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 7 қызмет көрсетілді..

Аппарат бойынша 99 өкім, 19 шешім шығарылды. 

Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету:

2018 жылы –   атаулы әлеуметтік көмекті 11 отбасы алады.

2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» I-бағыты аясында «Іс жүргізуші» мамандығы бойынша 1, «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша 2 ауыл тұрғыны, «Тәрбиеші» мамандығы бойынша 1, «Дербес компьютер операторы» мамандығы бойынша 1,Газ-оператор-2, газо-электр дәнекерлеуші – 2, электрик -1, оргоно-сварщик-1, Азпазшы мамандығын 1 ауыл тұрғыны оқып келді.

Білім беру саласы

Мектепте 32 мұғалім еңбек етеді, оның 2-еуі жоғары санатты, 18-і І санатты, 15-ы ІІ санатты.

Мектепті биыл 4 түлек аяқтап, 4-і ҰБТ қатысып, қорытынды 95 пайыз көрсеткішті көрсетті.

«Айгөлек» балабақшасы 1989 жылы салынған, 2006 жылы капиталды жөндеуден өткен, қазіргі таңда 40 бала қамтылуда.

Мәдениет саласы бойынша

Округімізде 2 мәдениет үйі, 4 кітапхана жұмыс жасайды.

«Халық денсаулығы – Қазақстанның старатегиялық мақсатарына жету үшін тартып алынбайтын табыстардың бірі».

Округіміздің денсаулық сақтау жүйесінде 1 дәрігерлік емхана, үш  фельдшерлік пункт бар, барлығы 5 орта медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда.

«Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады».

Ауылдық округте  4  азық-түлік дүкені бар, Пластикалық терезе жасау шағын цехы - 1, 2018 жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында «Дөңгелек жөндеу» сервисі, Кондитерлік торттар сату бағытында жеке кәсіпкерлер өз істерін бастады.

Ауылшаруашылығы саласы:

Егін шаруашылығы:

Ауылдық округте 69 шаруа қожалық тіркелген.

Мал шаруашылығы:

Мерей ауылдық округінде 2019 1 қаңтарына дейін мал басы статистикалық есеп бойынша ауыл тұрғындарында жалпы ірі қара мал 3607 бас, Ауыл тұрғындарында қой 7845 және ешкі 414, жылқы 1592 бас болса, құстар 6108.

Мерей ауылдық округінде 2018 жылы ветеринарлық жұмыстар бойынша бруцеллезге қарсы 4400 бас ІҚМ, 7000 қой мен ешкі зерттеуден өтті. 2018 жылға малдарды жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы 75 бұралқы иттер ауланып жойылды.       

Ауылдық округтегі бағдарламаларды іске асыру

040 - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн. 52 мың теңге қаржы бөлінді.

  1. Мерей ауылдық округі Айнабұлақ елді-мекенінде балалар ойын алаңы салынды.739 мың теңге жұмсалды.
  2. Мерей ауылында орналасқан балалар алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары 162 мың теңгеге жасалды.
  3. Елді мекендерге көше атаулары мен нөмірлерін жасау үшін 151 мың ақша жұмсалды.