Қосшы ауылдық 74600 га аумағында  екі елді мекен- Оян және  Кенжайлау аулдарымен 19 қыстағы бар. Халық  саны  710  адам. Округтің негізгі кәсібін ауылшаруашылық құрайды.

Ауылшаруашылық жұмыстары

Орта және шағын бизнес субъектілер саны - 33 шаруа қожалық және 7 ЖК. Соның ішінде 18 шаруа асылдандыру жұмыстарын жүргізіп, 2018 жылы 18 асылтұқымды  бұқа және 10 асылтұқымды қошқар сатып алды.

Ветеринарлық профилактикалық жұмыстары кестеге  сай жүргізілуде. «Жұмыспен  қамту 2020» бағдарлама  арқылы 1 ауыл тұрғыны 6 млн тенге несие алып, жүк тасымалдау үшін техника алды.

Мал азығын  дайындау жұмыстары ойдағыдай  жүргізілді. Шөп  дайындау  13000 тонна жоспары  артығымен  орындалды.

Елді-мекендерді абаттандыру

Өңірлерді дамыту  бағдарламасы  бойынша  Оян ауылының  көн қоқыс  орынын жинақтау  буртирование жұмыстары жүргізілді. Көн көкыс орны 1.5 га болса,  айналасы 2 га жер көлемі жинақталып,  жиналды. Жұмыс  құны 450,0  мың тенге.

Жергілікті  жолдарды  күтімді  ұстау, жөндеу  бағдарламасы арқылы қысқы уақытта Оян Кенжайлау елді мекендерінің көше жолдарын қардан тазарту және көктемгі мен  күзгі мерзімінде  қыру  жұмыстары жүргізілді. Жұмыс  құны  1000,0 мың тенге.

Елді мекендерді аббатандыру бағдарламасы арқылы 4400,0  мың тенге игерілді. Соның ішінде орталық саябақта орнатылған Воркаут және балалалар ойын  алаңына 3940,0 мың тенге, билбордтарды жөндеуге 240,0  мың тенге, орталық  саябақта орналасқан  нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстарына 220,0  мын  тенге  жұмсалды.

Көшелерді жарықтандыру бағдарламасы арқылы  орталық  саябақтын 11 фонарларын ауыстырдық  және көшедегі 2  кобра ауыстырдық. Жұмыс құны 109,0 мың тенге.

Тұрғын  ұй қорын сақтау және жөндеу  мақсатында Сарсенбаев көшесінде  орналасқан қызметтік  ұйге ағымды жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда  көпбалалы отбасы, мектеп қызметкері баспанамен қамтамасыз етілді. Жұмыс құны 650,0 мың тенге құрайды.

Биылғы  жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  мектеп  түлектері «Меңім жүрегім Оян» композициясын ауылға кіреберіс жерінде орнатса, шаруа қожалық басшылары мектепке балалар ойын алаңын орнатты.

Сонымен қатар бюджет арқылы  заманға  сай, газоны  бар стадион пайдалануға  берілді. Жоба құны 4700,0  мың теңге құрайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Округ  бойынша  атаулы алеуметтік көмек 4 отбасыға  тағайындалып  730,0 мың теңге  көмек  төленді.  

Жалпы жыл бойы   жұмысқа 36 адам орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 72 адам жіберілсе,   «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» І бағыты бойынша 5 адам  кәсіптік оқуға  жіберілді.

Жалғыз басты қарияларға  әлеуметтік қызметкер тағайындалып, қызметі көрсетуде.

Денсаулық саласы

Қосшы ауылдық  округініде ФАП пен 1 МП жұмыс атқаруда.  Денсаулық саласында  2 фельдшер қызмет көрсетеді.

Жыл бойына (ВОП, стоматолог,онколог,акушер) дәрігерлермен қамтамасыз етілді.

Дәрігерлердің ұсынуымен күндізгі стационар және тегін дәрі-дәрмекпен, диспансерлік есепте тұратын аурулар қамтамасыз етілді. Барлық профилактикалық және емдеу қызметтері уақытылы көрсетілуде.

Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Балаларды вакцинациялауға  бас тарқан аналар жоқ.

Білім саласы

Оян ОМ 84  оқушы білім алуда.  Мектеп алды даярлық  топта бала және шағын орталықта 29 бала тәрибеленуде.

Білім саласында 24 мұғалім, 3 тәрбиеші балаларды оқытуда. Білім  сапасы 62,5 пайыз құрайды. Қазіргі уақытта бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 66 оқушы қамтылып, 78,6 пайызды құрайды.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстарына 12 мұғалім оқытылса, 2 мұғалім ағылшын тілін меңгеру курстарына қатысты.

Жазғы демалысты ұйымдастыруға мектеп қаражатынан 608.0 мың теңге жұмсалды. Мектеп  оқушылар Түркестан, Капшағай қалаларында және Шұғыла  лагеріне демалуға мүмкіндік  алды. 91 пайыз оқушы жазғы демалыспен қамтылды. Жалпы  оқу  қорынан 1019,0 мың тенгеге материалдық көмек көрсетілді.

Мәдениет саласы

Оян ауылындағы мәдениет үйі  көрермен залы 130 көрерменге арналған.  2016 жылы ағымды жөндеуден өтті. Музыкалық және дыбыстық құрылдарымен қамтылған

Жалпы  2018 жылы 78 шара ұйымдастырылып, оған 4700 көрермен қатысты  және мәдениет  қызметкерлерімен 120000 теңгеге ақылы қызмет көрсетілді. Оян ауылдық мәдениет үйінің жанынан «Ақ бата» әжелер клубы, домбыра, қолөнер және вокал үйірмелері жұмыс істейді.

Округ бойынша Оян және Кенжайлау ауылында Кітапханалар жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры – 20320 дана, соның ішінде  2018 жылы  түскен 280 жаңа  кітаптар. Жыл бойына кітапханалармен  502 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіліп, 11140  кітап  берілген.

Телефон, газ,су, электрқуат  және «Казпошта» АҚ  жүйесінің  жұмысы

Оян ауылы бойынша 93 үй табиғи газбен қамтылған, табиғи газбен қамту жыл бойы үздіксіз жүрді.

Қазіргі таңда округ бойынша 2 елді-мекен, 14 қыстақ электрқуатымен қамтылған. 

Оян ауылында сыймдылығы 202 абоненттік цифрлы станциясы бар. Интернет  жүйесі мектепке және  әкімшілік ғимаратына орнатылды.

Округ бойынша елді мекендерінің 100 пайыз тұрғын үйлері орталық су жүйесіне  қосылған. Жазғы кезде профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Ай сайын  су  сапасының  лаболаториялық  зерттеулері өткізіледі.

Ауылымызда «Казпошта» АҚ филиалының бөлімшесі қызмет  көрсетеді.

 Қоғамдық тәртіп

Есепті кезенде 6 қылмыс  тіркелген. Соның 2 ашылды.

Жыл  бойы әкімшілік  құқықбұзушылық жөнінде 67 хаттама толтырылды. 2018 жылы  тұрғындардан 14 арыз  түсіп, қаралды. Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар  үнемі  жүргізілуде.   

Қоғамдық өмір мен  жастар саясаты 

Округ бойынша Қоғамдық келісім кеңесі, Ақсақалдар мен Аналар кенестері  өз жұмыстарын атқаруда. «Қосшы» БПҰ 101 мүшесі  бар, аудандық филиал бойынша  белсенді  БПҰ бірі болыпсаналады. Барлық қоғамдық ұйымдар өз  жұмысында жастарды тәрбиелеу, құқықбұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбиелеу жұмыстарымен  бірге тазалық сенбіліктерде  және мәдени спорттық шараларда белсенділік танытуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп түлектері Оян ОМ мерекелік залын, мұражайын жөндеп, домбыра  және спорттық формасын сыйлады.  Бағдарлама  арқылы 3380,0  мың  тенгеге ігі істер іске асырылды

Астана күніне орай жастар ұйымдастыруымен марафон өткізілді. «Абай  оқулары» мен жерлес ақын Айтқали Нариковтын шығармашылық кеші жоғары деңгейде  өтті.

«Жыл  үздігі-2018» номинациямен әр түрлі салада  еңбек жасап жатқан жастар марапатқа ие болды. Жыл  бойы  6 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды.