Тасқала ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Округ бойынша бірнеше ұлттын  өкілдерінен тұратын 2323 аулада 8050 адам өмір сүруде. Өткен жылы жеке және заңды  тұлғалардан 81 арыз-өтініш түсіп, олар заңға сәйкес қаралды.

Тасқала ауылдық округі әкімімен 2018 жылы 165 шешім  қабылданды, соның ішінде 29 шешім тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін беру туралы болса, қалғандары үйдің төлқұжаты мен мемлекеттік актісінің сәйкес келмеуіне байланысты жер телімін өзгерту, қосымша жер беру, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін беру және жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қабылданған шешімдер.

Сонымен қатар, ауыл әкімімен 2018 жылы барлығы 360 өкім  шығарылған.

Округ бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанына сайлаушылар саны 5859 адамды құрап отыр.

Атаулы әлеуметтік көмекті 55 отбасы алады. Сонымен қатар 32 отбасыға тұрғын – үй көмегі берілсе, 299 отбасыға жеке санаттағы азаматтарға төленетін  әлеуметтік  төлемдер төленді. Жұмысқа орналасқандардың саны  620 адам. Қоғамдық жұмысқа жіберілген адамдардың саны – 100, соның ішінде 7 аз қамтылғандар. Кәсіби оқуға 119 адам жіберілді.

Тасқала ауылдық округі бойынша 53 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 342 жеке кәсіпкер және 70 шаруа қожалығы есепте тұр.

2018 жылдың 1 желтоқсанына ірі қара мал саны – 2893 бас, қой мен ешкі – 8431 бас, жылқы – 526 бас, шошқа – 94 бас, құстар – 8886.

Өткен жылдың 12 айында Тасқала ауылдық округі бойынша 95 қылмыс тіркелді, оның 82 – ашылды.

Учаскелік полиция инспекторларымен рейдтік шаралар  нәтижесінде әр түрлі құқық бұзғандары үшін Тасқала ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 12 айында 132 ескерту берілген, ұрлық бойынша  87 қылмыс тіркелген, соның ішінде ашылғаны  - 75.

2018 жылдың 12 айында Тасқала ауылдық округі бойынша тіркелген қәсіпқой емес медиаторлар  Ә.Жұмалиев және Н. Капизов Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңына сәйкес  жұмыстарын жүргізіп келеді. Олар 2018 жылы 32 іске қатысты, соның ішінде 4 азаматтық іс және 28 қылмыстық іс. 2018 жылдың желтоқсан айында өздерінің медиаторлық мерзімдерін 2019 жылға ұзартты.

«Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы жылдық қаржыландыру жоспары 145 549 мың теңге, игерілгені  145 534,4  мың теңге, яғни қаржыны игеру 99,99 пайызды құрады. Соның ішінде елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, сумен жабдықтау бағдарламалары арқылы халықтың сұранысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.