2018 жылдың басынан бастап ауылдық округ әкімі бекітікен жұмыс жоспарымен бір катар жұмыс атқарылды. Қазақстан ауылдық округінде ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдар ауыл әкімдігімен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап келеді. Ауылдық округ бойынша терроризмнің алдын-алу мәселесі талқыланған отырыстар, алдын алуға бағытталған жастар мен мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Негізгі көрсеткіштер

Округке қарасты төрт елді мекеніміз бар. Жер көлемі 165661,9 га, ауыл шаруашылығы жерлері 65074 га,  жайылым 51224 га, шабындық 12357 га, арнайы жер қорындағы қосалқы жерлер 74197,9 гектарды құрайды.  Бүгінгі таңда халық саны 1151, соның ішінде Атамекен ауылында 958 адам, Қалмақшабында 109, Алмалыда 56 және Қисықсайда 28 адам. Экономикалық белсенді халық саны 740. Зейнеткерлер 140, мүгедек 22, жұмыссыз ретінде тіркелген 4, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолыққандар 61 адам.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауылдық округ бойынша 42 шаруа қожалық нысандары тіркелген, соның ішінде  36 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып және 1-СПК «Атамекен Батыс-Агро» мал басын асылдандыру жолында жұмыс атқарып келеді. 2018 жыл округіміздің шаруашылық субъектілеріне «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 19 ш/қ 33 223 000 теңге субсидия төленді.

Қазақстан ауылдық округінде 2018 жылдың 1 желтоқсанына статистикалық есеп негізінде  ірі қара мал саны - 1358 бас, ш/қ- 3362 бас, қой мен ешкі - 3377 бас, ш/қ-5074 бас, жылқы - 529 бас, ш/қ-1391 бас құс – 1795, ш/қ-515 басты құрап отыр. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ірі қара мал саны - 162 басқа, қой мен ешкі-170 басқа, жылқы - 28 басқа  басқа, құс -10 басқа көбейіп отыр. Ауылдық округтегі шаруашылықтар ала жаздай бар күш жігерлерін төрт түлік малын шығынға ұшыратпай жайылысқа іліктіруге жұмыстанады.

Қазақстан ауылдық округінде 2018 жылдың 12 ай ішінде  атқарылған бюджет қаражатына және демеушілердің көмегімен атқарылған жұмыстар тындырылды деп айта аламын.

2018 жылға атқарылып және жоспарланып отырған жұмыстар:

Қазақстан ауылдық округінде 2018 жылы атқарылған бюджет қаражатынан және демеушілердің көмегімен бір қатар жұмыстар атқарылды.

  1. 2018 жылы Қалмақшабын және Молочная бөгеттерін 424,0 мың теңге қаражатқа жөндеуден өткізілді, «Жұмалы» шаруа қожалығы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
  2. Жолдарды қыс   мезгілінде   қардан   тазалауға – 200,0 мың теңгеге, ауыл көше жолдарын  жөндеуге 542,0,0 мың теңге, ауыл көше жолдарын тегістеу жұмыстарын жүргізуге 192,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылды.
  3. Атамекен ауылына   спорттық   алаңын   жайластыру  жұмыстарын жүргізуге  224,0  мың теңге, көше тренажерларына қаражат бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.
  4. Атамекен ауылының саябағына 300,0 мың теңге «Мен сүйемін Атамекен» конструкциясына қаражат бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.
  5. Атамекен ауылына баннер басып шығаруға -52,0 мың теңге бөлінді.

Бұл 2018 жылы атқарылған жұмыстардың маңыздылары. 2018 жылы атқарылған жұмыстар қаражатының игерілуі 99,9 % құрап отыр.

Ауылымызда жаңа саябақ ашылып, қоршауы қоршалып, көшеттер отырғызылды. 2018 жылы осы саябағымызға абаттандыру жұмыстарын, яғни заман талабына сай брюсчатка төселіп, орындықтар және арнайы қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды. Сонымен қатар, биылғы жылы да көшет отырғызу жұмыстары қолға алынып, демеушілеріміздің көмегімен 240 түп көшет отырғызылып, демеушілеріміз  ауылымыздың көркейуіне үлес қосып жатқан жайы бар.

Ағымдағы жылы 31 сәуір күні өткізілген тұрғындар жиынында қыстан шыққан көң-қоқысты шығару ұйымдастырылып, 760 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, «Ауыл тазалығы – халық айнасы» демекші, әр тұрғынды тазалықты ұстануға шақыру, ауылымыздың тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, экологиясын жақсарту мақсатында түбінде арнайы қоқыс тастайтын қапшықтары бар, үгіт тақтайшалары орнатылды. Сонымен қатар, тұрғындарға  бау-бақша егуі үшін «Шежін» өзенінен техникалық су жіберіліп, тұрғындар мүмкіндіктерінше бау-бақша салып, күтім жасады.

Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын, өткен күннің өнегесі өзгелерге үлгі болып келеді. Әсіресе, 1941-1945 жылдары елін қорғаған, болашағы үшін жанын қиған жауынгерлеріміздің теңдесі жоқ ерлігі ел жадында мәңгіге сақталады. Осы жауынгерлерге арналған «1941-1945 ж.ж. ҰОС боздақтарына арналған» ескерткішке демеушілердің көмегімен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.Атамекен ауылының мектебінен білім  алып, өресі биікке самғап, өмір жолына аяқ басқан түлектері қаншама. Биылғы жылы мектебімізді бітіргеніне түлектеріміз және осы ауылда енбек атқарған азаматтары өз үлестерын костыАуылымыздың тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, экологиясын жақсарту мақсатында және суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шаралары мен төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында әкім аппараты, медицина және мектеп қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт тақтайшаларын орнатты.

2019жылға жоспарланып отырған жұмыстар:

  1. Қалмақшабын және Молочная бөгеттері жөндеуге 500,0 мың теңге;
  2. Ауылдың ішкі көше жолдарын жөндеуге 1000,0 млн теңге, Бейбітшілік көшесіне брусчатка төсеуге 500,0 мың теңге бөлінді.  

 Атқарылып жатқан игі істер, ауыл тұрғындарымен бірлесіп отырып жасалынып жатырған жұмыстар, әлі де ауылымыздың көркеюі жолында жоспарланып отырған жұмыстар орасан зор. Сондықтан да алдағы уақытта осындай жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, Рухани жаңғыру Атамекен кіші бағдарламасы бойынша түлектер демеушілердің қолдауымен бірқатар жұмыстар атқаратын боламыз.