Бүгінгі күні округ бойынша жалпы халық саны - 1047  адам, соның  ішінде: Шежін ауылында – 994 адам; Талдыбұлақ ауылында – 25 адам; Ермольчево ауылында – 28 адам;  Аула саны барлығы – 329 үй, отбасы саны 397.

Тұрғындардың 347-і, 0-18  жас  аралығындағы балалар (33%), 520-і

18-63 жас  аралығындағылар, яғни (49%), зейнеткерлер – 180 адам, яғни (18%).  Экономикалық  белсенді  халық  саны – 810  адам, тұрғындардың  (57,5 %).

Ауылдық округі әкімінің 2018 жылы  қабылдаған шешімдер саны –5, шығарылған өкімдер саны – 114. 

2018-ші жылға бөлінген қаражат 99,9 пайызға игерілді.

Шежін ауылдық  округі әкімі аппаратына барлығы 12 өтініш түсті. соның ішінде, жеке тұлғалардан – 10 өтініш, заңды тұлғалардан – 2 өтініш.    

2018 жылдың 12 желтоқсанына 226 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

1) жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 198;

2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 28;                    

Жыл басынан 85 нотариалдық іс-әрекет жасалды, оның 37-і сенімхаттарды рәсімдеу, 48 – і құжат көшірмесін растау.

Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа 44 адам орналастырылды, оның ішінде 6 әлеуметтік жұмыс орны. 19 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 7 адам кәсіби  оқыту және қайта даярлау курстарына жіберілді.

18 жасқа толмаған балалары бар 19 отбасы 34 балаға жәрдемақы алып отыр.

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында округіміз бойынша 2 адам 5,3 миллион тенге несие алып, өз істерін бастап кетті. 2018 жылы ауылымызда өрт сөндіру посты ашылды. Постқа екі тұрақты орын ашылып өрт сөндіру машинасы алынған болатын. Сонымен қатар ШЖББОМББ жанынан 50 орындық интернат пайдалауға беріліп қазіргі таңда 24 оқушы тәрбиеленіп келеді. Ауылымыздың Б.Карменов көшесінде балалар ойын алаңы (варкаунт) салынып халық игілігіне спортпен шұғылдануға пайдалануға берілді. Округ тұрғындары үлесіндегі ірі қара малы, қой мен ешкі,  жылқы  басының санында да өсу деңгейі  бар. 

Округте 28 шаруа қожалығы жұмысын жүргізіп отыр.

Есептік  кездесулерде түскен ескертпе-ұсыныстар арасында мектеп ғимаратына интернет байланысын орнату және ауылішілік жолдарды қиыршық таспен төсеу сиякты сұрақтар көтерілген болатын. Қазіргі таңда осы ескертпе – ұсыныстар толығымен орындалды.

Санитарлық-экологиялық  айлық  кезінде 24 сенбілік өткізіліп, оған 522 адам қатысты. 

Білім беру саласы бойынша «Шежін жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы» кешенінде 167 оқушы білім алуда, даярлық топта - 19 бала, балабақшада 36 бала. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 90,6% құрады.

Ауылдық округте ауыл әкімдігімен, «Қоғамдық келісім кеңесі» «Ақсақалдар алқасы», «Әйелдер кенесі» жұмыс жасап келеді. Олар ауылымызда қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасы және бала тәрбиесі,  қиын  отбасыларыменен жұмыс  және көптеген қоғамдық іс-шараларда белсене араласып, тәрбие жұмыстарын жүргізіп келеді.