2018 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болды.  

Мереке ауылдық округінде Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, жергілікті қауымдастық, қоғамдық ұйымдар белсенді түрде ауыл әкімдігімен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап келеді.

2018 жылы Мереке ауылымыздың  Абай көшесіне жаңа электр жарығының сымдарын тарту және бағаналарды орнату жұмыстары жүргізілді.

Тасқала аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 4 млн 300 мың теңге бөлініп Мереке ауылының кіреберіс және Мереке – Қалмақ ауылдарының арасындағы жолдарға жергілікті топырақ төгу жұмыстары жүргізілді.

Балалардың спорттық – ойын алаңын абаттандыру бағытында Мереке ауылына 4 млн 233 мың теңге көлемінде стрит воркаут және балалар ойын алаңы салынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 297 000 теңгеге Мереке ауылдық округіне қарасты Қалмақ ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін көң-қоқыс полигонын тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 160 000 теңгеге Мереке ауылдық округіне қарасты Қалмақ ауылындағы мал моласына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 5 азамат 24 млн 600 мың теңге көлемінде несие алып 44 бас ірі қара және 300 бас қой сатып алды.

Мереке ауылдық округі бойынша 2 азаматша грант ұтып алып өз кәсіптерін ашты, олар Буранбаева Гульмира шаштаразы, ал Сариева Нурсулу ұлттық негізде көрпе тігу ісі.

2018 жылы жергілікті өзін – өзі басқарудың қолма – қол бақылау шотындағы 747 000 теңге қаражатына Мереке ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылып жатырған «Асыл әжелер» әжелер ансамблінің мүшелеріне ұлттық костюмдер тігілуде және мәдениет үйіне жаңа музыкалық дыбыс күшейткіш (усилитель) құрылғысы сатып алынды. Сонымен қатар Абай көшесі бойындағы көше жарығына қажет құрылғылар сатып алынды. Жыл басында сырқат ауру адамдарды ауруханаға тасымалдау үшін жанар-жағармай алынды.

Мереке ауылдық округ бойынша 37 шаруа қожалық нысандары тіркелген. 23 шаруа қожалық мал шаруашылығымен айналысып мал басын көбейту және асылдандыру  жолында жұмыс атқарып келеді.Ауылдық округ бойынша бүгінгі күнге ірі қара мал саны - 2735 бас, қой мен ешкі – 3372 бас, жылқы – 533 бас, түйе – 1 бас, шошқа – 5, құс – 1062 басты құрап отыр. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда ірі қара мал саны – 473 басқа азайып, құс саны – 754 басқа азайып, қой мен ешкі саны – 160 басқа, , жылқы – 69 басқа көбейіп отыр.

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 5 азамат 24 млн 600 мың теңге көлемінде несие алып 44 бас ірі қара және 300 бас қой сатып алды.

Жаңа дүниеге келгендердің саны 2017 жылдың 31 желтоқсанына – 15 бала, ал 2018 жылдың қорытындысына сәйкес – 12 баланы құрап отыр.

Мәдениет қызметкерлерінің де бар білімі мен еңбектегі тәжірибесі әр түрлі іс-шаралардың, кездесу кештердің, концерттік бағдарламалардың сапасын жақсарту мен санын көбейтуге бағытталған. Ауыл тұрғындарының мәдениетін көтеруде ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері өз үлестерін қосып келеді. 2018 жылы 49 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, 5350 адам көрермен қатысты. Мәдениет үйінде би, домбыра, вокал, драма үйірмелері және «Асыл әжелер» ансамблі жұмыс жасайды. Домбыра үйірмесіне 4 адам, вокал үйірмесіне 15 адам, драма үйірмесіне 10 адам, би үйірмесіне 20 адам қатысады. Осы өнерпаздарымыз аудан орталығында өткізілген мәдени - шараларға қатысып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021  жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша ағымдағы жылы жастар қатарынан – 18 адам тегін кәсіптік білім алды.

2017 жылы  «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа жолданып 3 жас маман тәжірибеден өтіп,  2 жас маман тәжірибесін жалғастыруда.