2018 жылдың басында ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспары бекітіліп, көптеген іс-шаралар өткізілді.

2018 жылы ауыл тұрғындарымен 14 жиналыс өткізілді, с.і. ауылдық округі әкімдігі жанындағы комиссия отырыстары, аудандық ақпараттық-насихат тобының және басқа да мекеме басшыларының қатысуларымен ауылдың активінің жиналыстары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерінің қатысуымен бастауыш ұйымының мүшелерімен, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Амангелді ауылдық округінде 2019 жылдың 1 қаңтар айына халық саны  барлығы 1432 адамды құрайды,  Амангелді ауылында – 1237 адам, 1 – Шежін ауылында – 195 адам тату өмір сүріп, еңбектерімен ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.

Округі бойынша жалпы аула саны 366, с.і. Амангелді ауылында – 315 аула, 1 – Шежін ауылында – 51 аула.

Ауылдық округі әкімі аппаратына 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 18 өтініш түсіп, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сай қаралып, тиісті орындарға жіберіліп, өтініш иелеріне жауап берілді. Бұл өтініштердің көпшілігі үй орындағы жер учаскелерін заңдастыру мақсатында.  

Ауылдық округ бойынша ақсақалдар алқасы және қоғамдық кеңесі ауыл әкімдігімен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап, отырыстар өткізеді.  Бұл отырыстарда ауылымыздың өзекті мәселелері қаралып, қорытынды шара жасалады. Ауыл тұрғындарымен болған жиналыстарда ауыл тазалығы, мал бағу және қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы жөнінде хабарламалар мен түсініктемелер беріліп отырады.

Ауылдық округ бойынша төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрылып, көктемгі су тасқынының алды-алу, дала өртіне қарсы және суға шомылу маусымында қаіпсіздік пен тәртіп ережелерін сақтау туралы жиналыстар өткізілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округ бойынша 1684 (1558) бас ірі қара малы, соның ішінде сиыр – 850 (726) бас, ұсақ малдар – 3667 (4652) бас, жылқы – 251 (232) бас,  құс – 2936 (2876)  бас.

4197,4  центнер ет, 7213 центнер сүт, 86,0 центнер жүн және 374,8 мың дана жұмыртқа өндірілді. 5300 тонна мал азығы дайындалды.

2018 жылдың 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында елді-мекендерін абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және санитарлық-экологиялық айлық аясында округ бойынша 6 сенбілік өткізілді.    Айлық қорытындысы бойынша -225 дана көшеттер отырғызылған, соның ішінде  «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу» акциясы аясында- 80 тұп, гүлзарлар 11 жерге отырғызылды, 11 жерге жасанды ұялар орнатылып, 13,5 тонна қоқыс шығарылды. Айлыққа барлығы 285 адам тартылды.

Ауылдық округте бағдарламаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар:

  1. Ағымдағы жылдың маусым айынд «Елді мекендерді көгалдандандыру мен абатандыру» бағдарламасы шеңберінде өңерлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша - 4 700,0  мың теңгеге «ЭКС Казстрой» ЖШС жасанды жабындысы бар спорт алаңын жайластыру жұмыстарын жүргізді.   
  2. Спорттық балалар-ойын алаңын жайластыру жұмысын - 4 200,0 мың теңгеге «Brat M» ЖШС атқарып пайдалануға берді
  3. Амангелді ауылының стадионын абаттандыру соның ішінде видеокамера, жарық шамдары және қақпа орнату жұмыстарын - 790,0 мың теңге «Brat M» ЖШС атқарды.  
  4. «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңерлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша іске асыру бюджеттік бағдарламасымен - 746,5 мың теңгеге «Brat M» ЖШС хоккей алаңын орнату жұмыстарын жүргізді.
  5. «Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасымен көшелерінің жолдарына 1000,0 млн теңгеге жергілікті топырақ (опок) төсеу, жолдарды тегістеу жұмыстарын «SK Basi» ЖШС жүргізді.      
  6. Амангелді және 1-Шежін ауылының 3 км ауылішілік жолдарын грейдерлеу жұмысын 151,0 мың теңгеге «SK Basi» ЖШС жүргізді.