Округ аумағында төрт елді мекен – Черная Падина, Қызылбас, Беленький, Ақтау ауылдарында – 1341 адам тұрып жатыр. Жалпы аула саны 283, оның ішінде Ақтау ауылында – 252, Беленький - 13, Черная Падина - 12, Қызылбас - 7.

Ауылдың әлеуметтік саласы:

2018 жылы дүниеге келген балалар саны 15, қайтыс болған адамдар саны 7 адам. Округ бойынша жасына байланысты зейнеткерлер саны – 163 адам.

1 - Ұлы Отан соғысының ардагері (Калмурзин Мендығали), 2- ҰОС ардагерлерінің жесірлері, 11 – тыл еңбеккерлері, 3 – тың ардагерлері, 10 – «Алтын алқалы» аналар, 11- «Күміс алқалы» аналар бар.

Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі:

Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратына 2018 жылы жеке тұлғалардан 20 өтініш түсті, ал заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. 2017 жылмен салыстырғанда 10 өтінішке (+50%) көп түсті. Барлық түскен өтініштерге уақытылы жауаптар берілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны қосалқы шаруашылық туралы анықтама және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін  228 қызмет көрсетілді. Соның ішінде: жеке  қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 210, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 18 қызмет көрсетілді..

Аппарат бойынша 87 өкім, 9 шешім шығарылды. 

Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету:

2018 жылы –  атаулы әлеуметтік көмекті 16 отбасы алады.

Әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істейтін 3 маман, 10 еңбекке жарамсыз жалғыз ізгілікті жандар мен мүмкіндігі шектеулі 2 балаға қызмет көрсетіп, мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық көмектен тыс қалмауына ықпал етуде.

2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» I-бағыты аясында «Іс жүргізуші» мамандығы бойынша 1, «Маникюр» мамандығы бойынша 1 ауыл тұрғыны білім алып келсе, «Тракторист-машинист» мамандығы бойынша 1 ауыл тұрғыны, «Тарбиеші» мамандығы бойынша 1, «Дербес компьютер операторы» мамандығы бойынша 4 ауыл тұрғыны білім алды.

Білім беру саласы:

Мектепте 33 мұғалім еңбек етеді, оның 2-еуі жоғары санатты, 11-і І санатты, 10-ы ІІ санатты және 10-ы санатсыз.

Мектепті биыл 6 түлек аяқтап, 2-і ҰБТ қатысып, қорытынды 71 пайыз көрсеткішті көрсетті.

Мәдениет саласы:

Округімізде 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана, 1 орталықтандырылған модельдік кітапхана жұмыс істейді.

Денсаулық саласы:

«Халық денсаулығы – Қазақстанның старатегиялық мақсатарына жету үшін тартып алынбайтын табыстардың бірі».

Округіміздің денсаулық сақтау жүйесінде 1 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік пункт бар, барлығы 7 орта медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда.

Кәсіпкерлік саласы:

«Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады».

Ауылымызда 3 азық-түлік дүкені, 1 киім-кишек дүкені, тұрмыстық-техникалық құралдарын жөндеу бойынша «С.Бисенгалиев» ЖК халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Егін шаруашылығы:

Ауылдық округте 45 шаруа қожалық тіркелген. Оның 17 егін егумен,

қалғандары мал өсірумен, шөп шабумен айналысады.

2017 жылы егістік алқабы - 3417 га құраса, соның ішінде егілген күздік дақылдар: бидай -724 га, қара бидай - 499 га; жаздық бидай – 994 га, арпа – 450 га, тары - 50 га, құмай – 700 га; күнбағыс – 270 га егілді. 2016 жылмен салыстырғанда 1500 (-70%) га аз егілді.

Мал азығын дайындау. Ауылдық округ бойынша 10860 гектардан 8439 тонна өнім алынды. Мал азығын дайындауға жалпы 86 техника жұмылдырылды.

Мал шаруашылығы:

Ақтау ауылдық округінде 2017 жылдың 1 қарашасына мал басы статистикалық есеп бойынша ауыл тұрғындарында ірі қара мал 1182 бас, ал 1212 бас шаруа қожалықтарының малы. Ауыл тұрғындарында қой 2686 және ешкі 450, шаруа қожалықтары бойынша қой 2375 және ешкі 199 бас, ауыл тұрғындарында жылқы 138 бас болса, ШҚ бойынша 266, ауыл тұрғындарында құстар 1489, ШҚ бойынша 585 басты құрап тұр.

2017 жылдың 1 қарашасындағы мал санағы 2016 жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда ІҚМ 97 басқа (+4,2%) өсті. Қой 837 басқа (+19,9%) өссе, ешкі 104 басқа (+19%) өсті, ал жылқы 75 басқа (+22,8%) өссе, құстар 354 (+20,6 %) басқа өсті.

Ақтау ауылдық округінде 2017 жылы ветеринарлық жұмыстар бойынша бруцеллезге қарсы 1944 бас ІҚМ, 2398 қой мен ешкі зерттеліп, зерттеу бойынша 29 ІҚМ анықталып, уақытында жойылды. 2017 жылға малдарды жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп,. Сібір жарасына қарсы 2300 ІҚМ, 3500 қой мен ешкі, 206 бас жылқы егілді. Қарасан ауруына қарсы 1540 ІҚМ егілді. Туберкулезге қарсы 3260 бас зерттеліп, пастереллез ауруына қарсы 1250 ІҚМ, 850 қой мен ешкі, 80 бас жылқы егілді. 2017 жылы бұралқы иттер ауланып жойылды.   

Ауылдық округтегі бағдарламаларды іске асыру

040 - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 866,0 мың теңге қаржы бөлінді.

  1. Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылындағы мал моласын қайта қалпына келтіруге 216 мың теңге.
  2. Ақтау ауылындағы көң қоқыс орындарын тазалауға 500 мың теңге
  3. Елді мекендерге көше шамдарын орнату жұмыстарына жұмсалды 150 мың теңге.

011 – «елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 6 млн  234 мың теңге қаржы бөлінді.

  1. Ақтау ауылындағы футбол алаңына құйынды (стяжка) құйылып 777,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

013 - «ауылдық округтердегі автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша  1 млн қаржы бөлінді.

  1. Қысқы мезгілдері Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылының ішкі жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 360,0 мың  қаржы жұмсалды.
  2. Ақтау ауылынын ауылішілік автокөлік жолдарын тегістеу, грейдерлеу жұмыстарына 240,0 мың теңге жұмсалды.
  3. Ақтау ауылы Ардагерлер көшесіне автокөлік жолына жергілікті топырақ төсеу жұмыстарына (топырақ, грунт төсеу,) 200,0 мың теңге  қаржы бөлініп, жұмыстар уақытымен аяқталды.
  4. Ақтау ауылының Достық көшесіне  дамба салуға 200,0 мың теңге  қаржы жұмсалды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Ақтау ауылдық округі бойынша жергілікті қауымдастықтың қолма-қол есеп шотына 598,0 мың қаражат түсіп, көше жарықтандыру құрылғылары тұтынып отырған электр қуатын өтеуге жұмсалды.