Аудандық бюджет

Аудан бойынша жылдық бюджет көлемі 4 млрд 195 млн.теңге құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда 1,4% (4 139,3 млн теңге) артты. Тиісті бөлінген қаржының  99,9% игеру жоспарланып отыр. Салық және басқа да төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсуі 105,5% құрайды.

Қаржыландыру көздері бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанына  негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 133,5%  артып, 10 850 млн. теңге құрады (2017 жылы 7 654,8 млн. теңге). Соның ішінде республикалық бюджеттен түскен инвестиция көлемі 35% артып, 10 075 млн. теңге құрады, (2017 жылы 6 562 млн теңге). Жергілікті бюджеттен түскен инвестиция көлемі  3 есе азайды, 154 млн. теңге құрады. (2017 жылы 477 млн. теңге). Меншікті қаражат есебінен түскен инвестиция көлемі 2,2 есе азайды 620 млн. теңге құрады (2017 жылы 1 414  млн теңге).

Аудан бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1007 бірлік. 2017 жылмен салыстырғанда 3 % артқан.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 24 маманға  83 млн. теңге  бюджеттік кредит және 46 маманға  7,7 млн.теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Мал шаруашылығы

2018 жылдың 1 қарашасына аудан бойынша тіркелген асыл тұқымды ірі қара мал саны 2178 бас, (Герефорд 781, Казақ ақ бас 1227, Абердин - ангус 55, Голштина 48, симментал - 67), ақжайық етті-жүнді қой саны 3278 бас; еділбай қойы саны 184 бас, қазақтың кылшық жүнді қойы саны 28 бас, асыл тұқымды көшім жылқысы саны  107 бас құрады.

Аудан бойынша 2018 жылдың 1 қарашаға ірі қара мал саны 29026 (100,1 %), соның ішінде сиыр саны   13427 (97,9 %). Қой саны – 58587 бас (100,6 %). Ешкі саны – 7211 бас (107,2 %).  Жылқы саны – 8427 бас (106,1 %). Жыл басынан бастап 3517,72 тонна (100,9%) тірі салмағында ет , 14069,9 тонна (100,6%) сүт , 3 млн. 438 мың 700 дана (100,2%) жұмыртқа өңдірілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша 450 мүшесі бар 19 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі (13 тұқымдық түрлендіру, 3 мал бордақылау, 2 аралас бағытта болса, 1 сүт қабылдау бағытында) құрылып, соның 9-ы ірі қара малмен  асылдандыру жұмыстарын жүргізеді. Ірі қара мал басы саны 2026 бас.

Кәсіпкерлік

«2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға микрокредит беру арқылы бүгінгі таңда ауданның 60 кәсіпкеріне жалпы сомасы 249 млн. 990 мың теңгеге микрокредит берілді. «Тасқала» НС арқылы - 18 млн. теңге және «БҚО АШ ҚҚҚ» АҚ арқылы - 231 млн. 990 мың теңге.

Егін шаруашылығы

Жалпы егілген  дәнді дақылдардың көлемі  23,7 мың гектар құрады,  бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғана 104%  өсті. (2017 жылы егілгені 22,8 мың.га). Соның ішінде: 4,70 мың.га күздік дақылдары егілген, 2017 жылмен салыстырғанда  87%  құрады (2017 жылы егілгені 5,35 мың.га). көрсеткіштердің орындалмауының себептері - қыстық мерзімдерде егістердің сақталмауы.

Жаздық дақылдар (соның ішіндегі: жаздық бидай, арпа, сұлы және дәндіқ кұмай)  егілген көлемі – 19,08  мың. гектар, 2017 жылмен салыстырғанда 108%  өсті (2017 жылы егілгені 17,53 мың га).

2018 жылы майлы дақылдардың жалпы егілгені – 3,04 мың гектар,  2017 жылмен салыстырғанда 21%  өсті (2017 жылы егілгені 2,51 мың.га).         Екпелі мал азығы шөптерінің жалпы егілгені – 7,67 мың  гектар,  2017 жылмен салыстырғанда 33%  өсті (2017 жылы егілгені 5,75 мың.га).   соның ішінде 2018 жылы егілген біржылдық судан шөбі – 2,43 мың гектар, көпжылдық шөптер - 1,48 мың гектар  (еркек шөп), өткен жылдардың екпелі шөптері 3,75 мың га.

2018 жылы дәнді дақылдарынан түскен астық 7,70 мың.тоннаны құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 26% азайған (2017 жылы түскен астық 29,65 мың тонна). Астықтын азаю себептері - қлиматтық кұрғакшылық.                 

Ауданға 79,0 мың тонна шөп дайындау жоспарланған. Нақты дайындалғаны – 79,6 мың тонна, орындалуы – 102%. Дайындалған мал азық шөптері 2018-2019 жылдардағы мал қыстақ науқанына  толықтай  жетуі жоспарлануда.

2019 жылға күздік дақылдарының егілгені 3,15 мың га, соның ішіндегі күздік бидай – 2,15 мың га, күздіқ кара бидай - 0,98 мың гектар.

Аудан бойынша есепте бар тракторлардың саны – 727 дана, соның ішінде дөңгелекті тракторлар – 559 дана, шынжыр табанды тракторлар – 168 дана,  комбайндар – 155 дана.

2018 жылы ауданның шаруа қожалықтарымен   19 дана «Беларус» маркалы тракторлар сатып алынды. Бұдан басқа«Вектор» маркалы комбайын және  18 бірлік әр түрлі ауыл шаруашылық техника алынды. 

Жалпы алынған барлық ауыл шаруашылық техниканын саны 39 дана, жалпы сатып алынған соммасы 196,1 млн.теңге, осы бағытта 110,7 млн.теңгеге инвестсубсидия төленген.

Халықты жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.

Есепті мерзімнің 1 желтоқсанына жұмысқа орналасу мәселесімен 1349 адам жолықты. Мұның 430 - жастар болса, 532 - жұмыс іздеушілер, 128 - аз қамтылғандар, 685– жұмыссыздар, 301 - өзін – өзі нәтижесіз  жұмыспен  қамтығандар.

Жоғарыда аталған бағдарламалар  шеңберінде 1000 адамды жұмыспен қамтудың  белсенді  шараларына тарту  жоспарланса, есепті мерзімге 1538 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып жоспар 154 % - ды  құрап отыр.

  • Жұмысқа орналастыруға 580 адамды  жолдау  жоспарланса есепті мерзімге  838 адам жолданды, соның ішінде 385 тұрақты, жоспар 137 %-ға орындалды.
  • Жастар практикасына 60 жас маманды жолдау  жоспарланса, 41 жас маман жолданып, жоспар 68 %-ға орындалды.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына 52 адамды жолдау  жоспарланса,  97 адам жолданып бағдарлама 187 % -ға орындалды.
  • 420 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша 616  жұмыс орны ашылып, жоспар 147 % -ға орындалды.
  • Ақылы қоғамдық жұмыстарға  253 адамды жолдау жоспарланса, есепті мерзімге  270  адам  жолданып, жоспар 107 %-ға  орындалып отыр.

Кәсіптік оқытуға  бағдарлама аясында 242  адамды оқыту жоспарланды  оның ішінде:

  • 75 адамды қысқа  мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланса 77 адам  жолданып  жоспар 103%-ға  орындалып отыр.
  • 20 адамды техникалық және кәсіптік білім алуға даярлау жоспарланып орындалуы 100%- ды құрады; 
  • 147 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша есепті мерзімге 131 адам  кәсіпкерлік дағдыларын оқып, сертификаттарын алып, жоспар 89 % -ға орындалды;

 «Бастау - Бизнес» жобасы шеңберінде  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша  157 адам  оқып  бизнес  жоспарларын  сәтті қорғап сертификаттарын  алды. Жоба аясында 45 адам бизнес жобаларын сәтті қорғап, шағын несие алды.

2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2018 жылы аудан бойынша несие алуға бөлінген 253 млн теңге толық игеріліп, 62 адам қол жеткізді.

Жол бойынша

Тасқала ауылының Маметова көшесінің автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысан 2017 жылы басталып, көшпелі тәсілмен 2018 жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен жалпы бөлінген қаражат көлемі 176,924 млн теңге: 2017 жылы – 117,429 млн теңге; 2018 жылы – 58,814 млн теңге;

Мереке ауылына кіреберіс 3 км автомобиль жолына жергілікті материал төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен жөндеу жұмыстарына 4,348 млн теңге қаражат бөлінді.

Мерей ауылдық округі Айнабұлақ ауылына кіреберіс 500 м. жолына жергілікті материал төсеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат – 1,545 млн теңге.

Облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жыл бойына күтіп ұстау жұмыстарына бөлінген қаражат есебінен «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылық» МКК мекемесіне 28,784 млн теңгеге Автогрейдер техникасын сатып алынды.

Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» тармағы бойынша қайтарылған қаражат есебінен Амангелді ауылының Астана көшесі №1 көппәтерлі екі қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат көлемі – 8,659 млн теңге. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп, ағымдағы жылдың 28 қараша күні аяқталды.     

Тасқала ауылының ауылішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 4 жоба жасақталып, ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттары) дайындалып, кешенді сараптамадан өткен болатын. Осы жобаларға қаражат бөлінсе, 2019 жылы ауыл ішілік жолдарға күрделі жөндеу басталатын болады.

Құрылыс

2018 жылы Тасқала ауданының Тасқала ауылындағы үш қабатты көппәтерлік екі тұрғын үй және оларға инженерлік инфроқұрылымдардын салу басталды. Жоба құны – 831,567 млн теңге. Екі тұрғын үйдегі пәтерлерінің саны 72, жалпы ауданы 7,243 мың ш.м. Құрылыс 2 жылға жоспарланған. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 107,09 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. 2019 жылға Республикалық бюджетке өтінім жолданды.

Сонымен қатар, 2018 жылы 1 қабатты бір пәтерлі үш бөлмелі арендалық коммуналдық 7 тұрғын үйлер құрылысы басталды. Жоба құны – 78,505 млн теңге.Жұмыстар 95% аяқталды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысы басталды (2018 жылға бөлінген қаражат – 30,2  млн. теңге).

Жоба құны – 150,813 млн теңге. Қазіргі таңда 45 765,0 мың теңге көлемінде бөлінген қаражат толығымен игеріліп, құрылыс-монтаж жұмыстары уақытша тоқтатылып тұр. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2019 жылы жоспарлануда. 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы

2018 жылы ауданымыздың 4 елді-мекені (Амангелді, Атамекен, Қалмақшабын, Алмалы) «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз сумен қамтылды.

Сонымен қатар, Тасқала ауылының су құбырын қайта құру үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды сомасы 548,766 млн. теңгеге 1 ЖСҚ жасақталып, ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Мереке және Қалмақ ауылдарының су құбырын қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті.

Жер қатынастары

Аудан бойынша жер қоры барлығы 806805 гектар құрайды, соның ішінде елдімекен жерлері 134577 гектар, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер 479576,7 гектар соның ішінде егістік 40275,3 гектар, тыңайған жерлер 60637,1 гектар, көпжылдық екпелер 12 гектар, шабындық 83658,2 гектар, жайылым жерлер 291064,4 гектар, босалқы жерлер 188497,2 гектар соның ішінде көпжылдық екпелер 8 гектар, тыңайған жерлер 25055,4 гектар, шабындық 45449,7 гектар, жайылым жерлер 109912,6 гектар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 43024 гектар жер учаскесі жер пайдалануға берілді. Соның ішінде 7976,2 гектар егістік, 853 гектар тыңайған, 12507,6 гектар шабындық, 21295,4 гектар жайылым, 391,9 гектар басқа жер учаскелері. Жаңадан 26 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес
2018 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 18922 га 36 жер учаскесі, 6 конкурстық қорытынды арқылы пайдалануға берілді.

Тасқала ауданы бойынша zem.kz порталы арқылы коммерциялық мақсатта Тасқала ауылдық округіндегі көлемдері 1 га және 1,17 га, Достық ауылдық округтеріндегі көлемі 1 га  жер учаскелеріне жерге орналастыру жобалары жасақталып, zem.kz порталы арқылы электрондық түрде аукцион өткізіліп, Достық ауылдық округіндегі жалпы көлемі 1 га жер учаскесі жер пайдалануға берілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастары саласындағы мәселелерді жүзеге асыру" жөніндегі іс-шара жоспарын орындау мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған елді мекендердің әкімшілік шекараларын нақтылы белгілеу  бойынша жұмыстарды атқару үшін жергілікті бюджеттен 2,21 млн.теңге қаражат бөлінуіне байланысты 13 елдімекенге (Тасқала, Ақтау, Беленькое, Черная Падина, Амангельды, Достық, Бастау, Оян, Атамекен, Қалмақшабын, Өркен, Шежін 2, Қисықсай) әкімшілік шекараларын белгілеу бойынша жерге орналастыру жобалары жасақталып, қалған Мереке, Мерей, Аққайнар, Айнабұлақ, Тоғайлы, Талдыбұлақ барлығы 6 елдімекендерінің әкімшілік шекараларын берлгілеу 2019 жылға жоспарлануда.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 22599 га 35 шаруа қожалығының жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Білім саласы

2017-2018 оқу жылын 2493 оқушы аяқтады. Білім сапасы  66% (2016-2017 о.ж.- 66%) құрайды. 9-сыныпты 201 оқушы аяқтап, оның 25-і ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. 11-сыныпты 140 оқушы аяқтап, қорытынды аттестаттау емтихандарын мектепте тапсырды. Соның нәтижесінде «Алтын белгі» төсбелгісіне 13 оқушы, Үздік аттестатқа 5 оқушы ие болды (2017 жылы 13 «Алтын белгі», 8 Үздік аттестат). Мектеп түлектерінің 98-і (70%)  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты (2017 ж – 84,96%).

Жаңа 2018-2019 оқу жылын 2528 оқушы бастады. Мектеп алды даярлық сыныбына 300 бүлдіршін, 1 сыныпқа – 286 оқушы қабылданды.

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының цифрландыру жобалары шеңберінде «Сәулет» мектеп-лицейінен ІТ класс ашылды. ІТ сыныбы керекті құрал-жабдықтармен қамтылған. Оқушылар саны – 200, (5-10 сыныптар). Мұнда оқушылар бағдарламалау, Робот техникасы, 3D модельдеу бағыттары бойынша білім алуда. 

Ауданымызда 5 мектепке дейінгі балалар ұйымдары бар (4 мемлекеттік, 1-уі жеке бөбекжай). Қаңтар айында Тасқала ауылында 40 орындық «Нұр» жеке бөбекжайы ашылды. Қазіргі таңда 35 бала тәрбиеленуде. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту жағдайы: бөбекжайда-371 (соның ішінде 35–жеке бөбекжайда), «мектеп-балабақша» кешенінде-146, шағын орталықтарда-255, мектепалды даярлық сыныптарында-300. 3-6 жас аралығында  баланың  100% мектепке дейінгі біліммен қамтылған.  Аудан орталығы бойынша  балабақшаларға   кезекте  0-3 жас аралығыдағы 232 бала тұр. Қазіргі таңда аудан орталығында 140 орындық балабақшаның құрылысына ЖСҚ жасалуда.

Мәдениет саласы

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының теңгерімінде 11 ғимарат бар. Оның 5 типтік үлгідегі, 6 лайықталған ғимарат. 2018 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға 10800,0 мың теңге жұмсалды. SAMTECH BK - 400 акустикалық құрылғысы 2 дана, M.AZIA PMX - 400  - белсенді микшерліқ пульт 1 дана, SAMTECH BK - 600 акустикалық системасы 2 дана, BEHRINGER - 34T120H8 жоғары дыбысты динамигі  2 дана, кабинет аумағына арналған Лед экран 30 кабинеттік/комплект /.

2018 жылы Амангелді  және Мереке ауылының мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу үшін ЖСҚ дайындалып,  мемлекеттік сараптама өткізілді. Сонымен қатар, Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып,  мемлекетік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Есепті кезеңде аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 697 мәдени шара өткізіліп, оған 63743 көрермен қамтылды.  Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 435 көпшілік іс-шара өткізіліп, оған 7170  оқырман қамтылды.

Есепті кезеңде аудан өнерпаздары «Халықаралық байқаудан» - 7 жүлделі, «Республикалық  байқаудан»- 1 жүлделі, аймақтық байқаудан - 5 жүлделі, Облыстық байқаулардан-4 жүлделі орынға ие болды.

Спорт саласы

Ауданда бұқаралық спорт түрлерін дамыту және дене тәрбиесімен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 2018  жылдың есепті кезеңінде  аудан бойынша  62  спорттық шара өткізілді. Соның ішінде:  аудандық 47,  облыстық 15, республика көлемінде  1  жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау  бойынша өткізілген спортық  түрлерінен 60 шара өтті.

Аудан бойынша  аптасына 3 рет дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 4876 (29,8% ) адамды құрайды.

 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығушы оқушылар саны  634 құрайды.

Аудан тұрғындарының салауатты өмір қалыптастыру, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайына ықпал ету Тасқала ауданы Тасқала ауылында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасына  02.07.2018 жылғы №09-0096/18 мемлекетік сараптаманың оң қорытындысы алынды.  Жобаны мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясындағы жүзеге асыру жоспарлануда.

Криминогендік жағдай

Тасқала ауданы аумағында 2018 жылдың 11 ай ішінде жалпы  155 қылмыс тіркелсе (2017ж.-152). Қылмыс тіркеліп өткен жылғы тіркелгеннен 2%-ке жоғарлап отыр, ашылу көрсеткіші 81,6% құрайды(2017 ж.- 76,3%).

Тіркелген қылмыстардың көбі орташа және ауыр емес қылмыстар құрап отыр: 99 қылмыс тіркеліп, ашылуы 81,6% құраған (2017 жылы - 86қылмыс, 76,3%), олардың 86 – бөтен мүлкін ұрлау фактілері (2017 жылы – 71). Ұрлықтар бойынша ашылу пайызы – 79,8%(в 2017 жылы – 76,6%). Ұрлық фактілері санының – 21,1%. өсіп отыр.

53 қылмыстық теріс қылықтар тіркелген (2017 ж.- 63).

3 - ауыр қылмыс тіркеліп, аталған қылмыстардың 2 ашылды, ашылуы пайызы 66,7%  құрап отыр. (2017 ж. – 2, ашылу пайызы 100% ).

2018 жылдың 11 айы ішінде Тасқала АПб тіркелген қылмыстардың 15 (2017 жылы - 19) мал ұрлығы бойынша қылмыстар болып табылған, солардың ішінен қазіргі таңда 7 ашылған.

Ішкі саясат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын   аудан мекемелері, медицина, мәдениет саласы, дербес бөлім, ауылдық округ әкімдіктерінің  қызметкерлері, білім беру мекемелерінің ұжымдарында 1230 адамды қамтыған  42 мекемеде  талқылау шарасы  жүргізілді.  Жолдауды тұрғындар арасында түсіндіру бағытында 21 кездесу, оған 2385 адам қамтылды. Аудандық «Екпін» газетінде Жолдауда көтерілген мәселелерді қамтитын 18 тақырыптық мақала жарық көрді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылдың 12 айында Тасқала ауданы бойынша барлығы  97 (2017 ж 90 шара)  іс-шара ұйымдастырылып, оған  15232 (2017 ж 15074 адам) тұрғын қамтылды. 2017 жылы жалпы құны 5 млн 314, 2 мың теңге құрайтын 7 жоба іске асырылса, 2018 жылы жалпы құны 33 млн 550 мың теңге құрайтын 16 жобаны  жүзеге асты. Қыркүйек айында Тасқала ауданының орталығында «Жомарт жүрек – 2018», «Жерлестер форумы» ұйымдастырылды. Шара аясында демеушілікпен аудан орталығында «Құрмет тақтасы» және аудандық мәдени-демалыс орталығында «Рухани жаңғыру»  залы ашылды. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша облыстық телеарналарға түсірілген түсірілім саны – 5, Облыстық БАҚ– 19, аудандық БАҚ – 113, Интернет ресурстарына – 165,  Әлеуметтік желіге – 323, Жүзеге асырылған жұмыстарға тұрғындар  пікірі: Интернет ресурстарына – 21, БАҚ – 31  жарияланды.

«Мемлекеттік жастар саясатын» жүзеге асыру  бағытында аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-і қызмет атқарып келеді.  2018 жылға жылдық бюджет  17433,0 мың  (2017 жылы 17188,0 мың т.) теңгені құрап отыр.

2018 жылдың  12 айында   261 шара (2017 жылы 380  шара) ұйымдастырылды, олар: патриоттық бағытта – 4, мәдени-көпшілік шаралары – 63, акциялар -60,  семинар-тренинг –8 дөңгелек үстел, жиналыстар –57, спорттық шаралар –  49, форум -1, экскурсия -3, сауалнама -2, флешмоб-2, сенбілік -6, дебат -4, пресс-конференция -1,  жәрмеңке -1.   

Діни ахуал

Ауданда діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жергілікті атқарушы органдардың мүдделі мекемелермен бірлескен жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Аудан орталығында  13 адамнан тұратын 1 аудандық және 9 ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, жұмыстануда.

Ауданда құрамында 5 мүшесі бар 1 аудандық  ақпараттық түсіндіру тобы, құрамында 46 мүшесі бар 8 ауылдық ақпараттық түсіндіру тобы, «Руханият» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог маманмен  бірлесе тұрғындар арасында  ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алу, дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттық түсіндіру  жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 12 айлық  көрсеткіш бойынша ауданда АТТ топтары, теолог мамандардың қатысуымен 210 профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 6499 адам қамтылды. (2017 ж 164 шара, 7355 адам). Ғибрат бағдарламасына 1, «Екпін» газетінің бетінде 37 материал (2017 жылы 47 материал) және  «Руханият» ҚБ әлеуметтік желісіндегі парақшасына 110 материал (2017 жылы 38) жарияланды.