Сын ескертпелер мен ұсыныс-пікірлер

Орындалуы жөніндегі шаралар

Ақтау ауылдық округі

  1.  

Черная Падина ауылындағы қоғамдық құдықты заңдастырып, теңгерімге алу, абаттандыру (қоршау, моторын ауыстыру)

Қазіргі уақытта Черная Падина ауылындағы құдықтың жеріне мемлекеттік жер актісін жасауға қаражат қарастырылуда, Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне алынғаннан кейін айналасын қоршау, моторын ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.

  1.  

Ақтау ЖББОМ ғимаратын күрделі жөндеу

ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Облыстық білім басқармасына қаражат қарастыру үшін құжаттары тапсырылды.

  1.  

Ақтау ауылының бөгетіне шлюз қою

Мемлекеттік сатып алулардың ашық конкурсы негізінде бас жобалаушы анықталып, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау кезеңі бастаджы,  жұмыстарды аяқтау мерзімі 2018 жылдың қазан айына дейін.

Тасқала ауылдық округі

  1.  

Бірлік ауылының медициналық пунктін тұрақты медициналық қызметкермен қамтамасыз ету

Бірлік ауылында медициналық қызметкер 2018 жылғы қаңтар айынан бастап жұмысқа алынды.

  1.  

Бірлік және Тасқала ауылдарына қатынасатын маршруттық автобус жүргізу

Ауданішілік барлық ауылдық округ орталықтары және Тасқала ауылы бағыты бойынша конурс жарияланған болатын. Аталған конкурс жұмыстары  2018 жылдың 8 тамызына дейін жүргізіледі және Достық ауылы мен Тасқала ауылы аралығы енгізілді. Достық ауылына маршрут жүрген жағдайда, Бірлік ауылына да қатынайтын болады.

  1.  

Тұрғындар арасында мал дәрігерлері ірі қара малдық бруцеллез ауруына шалдығуының алдын алу жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрғындар арасында өткізілген жиындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, 7 ақпан күні шыққан «Екпін» газеті бетінде мақала жарияланды.

  1.  

Тасқала ауылының Көктем, Самал шағын аудандарына балалар ойын алаңдарын орнату

2019 жылдың жоспарына енгізілді

  1.  

Тасқала ауылындағы әкімшілік ғимараттарға және Абай ескерткішіне түнгі жарықтандыру қондыру

Түнгі жарықтандыру орнатылды.

  1.  

Тасқала ауылының Жуков және Толстой көшелерінің қиылысындағы жолды жөндеу

Биылғы жылы «Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Ш.Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі, Шежін, Х.Доспанова, Т.Жароков, Сабиров, Әбілхайыр хан, Д.Нұрпейісова және Скоробогатов көшелерінің бір бөлігі, «Көктем» және «Самал» шағын аудандары көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жобасы бойынша ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) жасақталып, кешенді сараптамадан өткен болатын. Алдағы уақытта, қаражат бөлінген жағдайда аталған жобаның жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады. Жоғарыда айтылған жобаға Жуков көшесінің асфальт төселмеген бөлігі және Толстой ( Әбілхайыр хан) көшелері енгізілген болатын.

  1.  

Тасқала ауылының көшелерінде жүретін автокөліктер жылдамдығын реттеу, төмендету

Аудан орталығы Тасқала ауылында көшелердің бойында 2014 жылы 4 дана және 2016 жылы 8 дана бейнекамералар орнатылды. Сонымен қатар ауылішілік автомобиль жолдарының бойына 36 дана жылдамдықты шектеу жол белгілері орнатылды.

  1.  

Жеке үйдің ауласының сыртында орналасқан кәріздерді талапқа сәйкес орналастыру

Жеке  тұрғын үй иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шежін ауылдық округі

  1.  

Шежін ЖББОМБ жаңа қызметтік Газель автокөлігін алу

Қаражат бөлу жолдары қарастырылуда.

  1.  

Екінші Шежін ауылында өрт сөндіру бекетін ашу

Казіргі таңда өрт сөндіру  автокөлігі алынып, өрт сондіру бекеті ашылды

  1.  

Ермольчево ауылының көпірін жөндеу

Қаражат бөлу жолдары қарастырылуда.

Қорытынды есеп

  1.  

Аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау

ЖСҚ дайындау үшін ағымдағы жылдың 15 маусым күні «ЖайықСтрой Проект» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. ЖСҚ дайындау мерзімі 2018 жылдың 15 шілдесі.

  1.  

Деркөл өзенін тазалау

2018 жылдың 7 маусым күні аудан әкімінің №26 Өкіміне сәйкес Деркөл өзенінің Тасқала ауданының аумағындағы бөлігінің арналарын зерттеп, тексеру үшін жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы а.ж. 18 маусым күні Деркөл өзенін зерттеп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, ақау актісі дайындалуда.

  1.  

Мереке ауылының және Тасқала аулының кейбір көшелерінің электроқуатының кернеуі төмен болуын тексеріп, ретке келтіру

«БҚО электр желілерін таратушы компаниясы» аудандық филлиалы  арқылы ұзындығы 108 км - 10 КВТ электр желілерін  және 62,06 км - 0,4КВТ  электр желілерін жөндеу  жоспарлануда.

  1.  

Табиғи газ қысымының төмендеуін тексеріп, тиісті шаралар алу

«КазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Тасқала аудандық газ учаскесі арқылы облыстық филиалға табиғи газ қысымының төмендеуін реттеу туралы хат жолданды. Бүгүнгү таңда  газ қысымы бірқалыпты.

  1.  

«Азалы ана» ескерткішін күрделі жөндеу үшін тиісті есептері мен құжаттарын дайындау

Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 10.07.2018 жылы ашық конкурс жарияланды, жобалаушыны анықтау мерзімі – тамыз айында. 

  1.  

Тасқала ауылында темір жол үстінен екінші автоөтпел салу

Аудандық жергілікті атқарушы органдары арқылы тиісті мекемелерге хаттар жолданды. «ҚТЖ "ҰК"- «дирекция магистралдық желі» АҚ  филиалының директоры Ж.Т.Изгуловтың 25 желтоқсанындағы № ЦИД-ЦЖС/5420-Ш хатында Шипов станциясында екінші автокөлік өткелінің құрылысы мақсатқа сай емес екендігі туралы жауап берілді.
Мәселені «ҚТЖ «ҰК» АҚ мекемесі арқылы шешу қажет.
Орындалу мерзімі: 2018-2019ж.