Тасқала ауданының әкімі -  ХАЛЕЛОВ АЛДИЯР САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Алдияр Сансызбайұлы Халелов 1958 жылдың 11 қыркүйегінде Орал облысы  Жәнібек ауданы «Қайрат» совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративті - құрылыс институтын «Гидромелиорация; инженер - гидротехник» мамандығы бойынша бітірді.

1981 жылдың қыркүйек 1988 жылдың қыркүйек айлары аралығында Приурал ауданы, Трекин ауылындағы Желаев аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы.

1988 жылдың қыркүйек 1990 жылдың қаңтар айлары аралығында Приурал ауданы, Рубежин ауылындағы М.Маметова атындағы колхозының партия комитетінің хатшысы.

1990 жылдың қаңтар 1996 жылдың желтоқсан айлары Приурал ауданының Трекин  ауылдық кеңесінің төрағасы, Трекин ауылдық әкімшілік басшысы, Трекин ауылдық округінің әкімі.

1996 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың тамызына дейін Приурал ауданы әкімінің бірінші орынбасары.

1997 жылдың тамыз айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін Зеленов ауданы әкімінің орынбасары.

2002 жылдың сәуір-мамыр айлары Батыс Қазақстан облысы лицензиялау және сәулет - құрылысы аумақтық басқармасы филиалы бас маманының м.а.

2002 жылдың мамыр 2011 жылдың қараша айларында Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2011 жылдың 2 желтоқсанынан 2016 жылдың 27 мамырына дейін Шыңғырлау ауданының әкімі қызметін атқарды.

2016 жылдың 28 мамырдан 2018 жылдың 4 маусымына дейін  Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарды.

2018 жылдың 4 маусымынан бастап Тасқала ауданының әкімі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметіне 20 жыл» естелік мерейтойлық медалімен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен, «Нұр Отан» ХДП-ның орталық саяси кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

2012 жылы «Зеленов ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

2016 жылы «Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.