Шағын және орта бизнесті қолдау.

Президент Н.Ә. Назарбаев шағын және орта бизнесті барынша қолдау, біртіндеп тиімді тапсырмаларды шешіп, соның ішінде несие ресурстарына қолжетімділікті жеңілдету керек екенін айтты. Шағын және орта бизнес болмаған жағдайда ауыл шаруашылығының дамуы қиынға соғады. Аталған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің санатындағыларға «Қазагро» өте жақсы көңіл бөледі, шағын және орта бизнестің көптеп орналасқан секторында қаржылық мәселелерді қалыптастырады.

Несие бағдарламасының басты ролі «Аграрлық несие серіктестігі» АҚ қатысуымен құрылған ауылдық несие серіктестіктері болып табылады. Осы бағдарлама аясында Тасқала ауданының агроөнеркәсіп кешенінің 51 субъектісі 17 несие серіктестігінің құрамына кіріп, 52 млн. теңгеден аса қаражатпен қаржыландырылды.

Аталған қаржы институтының тұрақтылығын, жоғары қайтарымдылығын және де ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің арасында беделділігін ескере отырып, холдинг әрі қарай осы жүйені дамытып, ауылдық несие серіктестіктерінің санын және несие көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін қамтамасыз етудің басты жағдайының бірі болып агро өндірістік кешеннің техникалық және технологиялық жаңартуы болып табылады. 2013 жылы «Казагрофинанс» АҚ компания холдингісінің 10 дана соңғы үлгідегі ауыл шаруашылығы теникалары сатып алынып лизингке берілді. Бүгінгі таңда елімізде ауыл шаруашылығы техникаларының және құрал жабдықтардың көбі «Казагрофинанс» АҚ арқылы жаңартылуда.

Тасқала ауданының шағын кәсіпкерлігінің қолдауы ауылдық тұрғындарды микронесиелендіру болып табылады, осы бағдарлама аясында жалпы соммасы 51 млн. теңгеге 18 несие берілді. Несие алушыларға ірі қара мал сатып алуға және 24,6 мың. га жер алуға көмектесті.  Бұл 858 адамды жұмыспен қамтуға көмегін тигізді.

«Ірі қара малының экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасы аясында «Сыбаға» шағын және орта фермерлік шаруашылықтарын несиелендіру бағдарламасы іске қосылды. Тасқала ауданында бұл бағдарлама аясында жалпы соммасы 29 млн. теңгеге 7 несие берілді. Бұл несие алушыларға 140 бас ірі қара малын алуға мүмкіндік болды. Асылтұқымды бұқалардың жоғары өнімділігін және сапалы асыл тұқымды материалды қолдана отырып, төлдетудің азықтық көрсеткішін жақсарту. Бұның барлығы өте жеңіл жағдайда - 7 жылға жылына 6 пайызбен екіжылдық жеңілдетілген мерзімде несиені жабу. Бағдарлама шынында да халықтық болып танылды. Жалпы жоба 2016 жылға дейін республика бойынша 300 мың бас сатып алуды жоспарлап отыр. Табынды сауатты қамтамасыз ету, іс шаралардың өнімділігін жоғары етіп өткізу бұл өте жауапты іс. Шаруашылықтарға көмек ретінде «Казагромаркетинг» АҚ холдингісі арқасында табын өнімін өндіру және мал шаруашылығында консалтингі  басқарма орталығы құрылды. Орталықта шаруашылықтарды ветеринария, зоотехния, азық өнімін өндіру, табынды өндіру және қолдан ұрықтандыру жөнінде оқытатын семинарлар жүргізіледі. Қолдан ұрықтандыру бойынша практикалық мастер-класстар өткізіледі.

                                                                 Болашағы. 

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру маңызды сұрақ болып табылады. Мал азығы өсімдіктеріне, жарма дақылдарына, бұршақ тұқымдастарға және майлы дақылдарға егіс алқабын кеңейту қажет. Осы мәселені холдинг мал азығын, майлы дақылдарды  өндіруді несиелеуді бағдарлама аясында шешеді. Егістің құрылымының әртараптандыруының бірі, бұл- бидай өндіруге берілген жәрдемақыдан, ауылшаруашылығының техникасының жалға беруінің арзандауына, несиенің арзандауы, дәнді келісілген бағамен сатып алынуына ауысуы.

Етті мал шаруашылығы саласында төменшығымды шалғайдағы мал шаруашылығы, Қазақстанға тән дәстүрлі қой шаруашылығын қосқанда қалпына келтіру шаралары қабылданады. Бұл мәселе басқадай шара есебінде   холдингтің еншелес компанияларында жаңа қаржыландыру құралдары бойынша  қалыптастыру арқылы іске асырылады.

Еңбек өнімдігін жоғарылату мақсатында ауыл шаруашылығындағы холдингтің инновациялық құрастыруы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануымен инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалғастырылады. Жаңа жобалардың  жүзеге асырылуы  алдыңғы қатарлы технологияларды трансферттеуді  және ноу-хауды қамсыздандырады , ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелесуінде жаңа амалдар енгізіледі.

Мемлекет басшысының қойылған мақсаттарын берік қолдануда, агроөнеркәсіптік комплекс жетекші даму институты боып қала тұра, әрі қарай «КазАгро» холдингін өзінің жағдайын өңдеуге бағыттауды, жаңа несие құралдарын,  лизингті, АӨК ынталандырушы өнеркәсіпті - жаңартпа дамуын, ауыл шаруашылығын әртараптандыруды, еңбек өнімділігінің өсуіне, агробизнестік несие қорының қол жетімділігіне ұлғайтуына, тұтастай, Қазақстанның аграрлық бәсекелестік заманауи комплексін құруға  мақсатты.

 


2015 жылыиндустриалды-инвестициялық даму жоспарына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша Тасқала ауданының аумағында келесі құрылыстардың салынуы жоспарланып отыр:

Ауылдық округтердің орталықтарынан наубайханалар ашу;

Ірі қара малын бордақылау алаңын ашу;

Инфрақұрылымы бар автокемпингашу;

Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындайтын мини заводтарын ашу;

Етті жартылай фабрикат шығару мини цехтарын ашу;

Ауыл шаруашылығы ұсақ өнімін көтерме бағамен сату базарын ашу;

Ұста цехын ашу;

Пиццерия ашу;

Шалғайдағы шетелден асыл тұқымды малды алып келу;

Қоян асырау;

Шағын құс фабрикасын ашу. 


2015 жылдың І - жартыжылғында  882  шағын кәсіпкерлік субъектілер тіркелді, соның ішінде 59 заңды және 507  жеке кәсіпкерлер, 316 шаруа қожалықтар есептеледі. Кәсіпкерлік саласында  1835  адам тұрақты жұмыс істейді. Аудандық бюджетке 20,60 млн. теңге салық түсімі түсіп, 853,03 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 18,4 % көбейді. Аудан бойынша 51 тұрақты жаңа  жұмыс орындары ашылды.

Ауылдық округтерден түскен салық түсімі:
Тасқала ауылдық округі  -  11796,5 т.т.
Шежін ауылдық округі   - 1874 т.т.
Қазақстан ауылдық округі  -  1150 т.т.
Достық ауылдық округі  - 1074 т.т.
Мерей ауылдық округі  - 1452 т.т.
Ақтау ауылдық округі  - 1050т.т.
Қосшы ауылдық округі  - 1030 т.т.
Мереке ауылдық округі  - 1047 т.т.
Амангельды ауылдық округі  -  130 т.т.

 

2015 жылдың 1 шілдесіне ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша   «АгроАДМ» ЖШС 55,0 млн. теңге несиеге  295 бас ірі қара мал, соның ішінде 22 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алды.«Алтын асық» бағдарламасы арқылы 1 шаруа қожалық  «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 30 миллион теңге несие алуға құжаттар тапсырып, 1200 бас қой сатып алуға жоспарлануда. «Құлан» бағдарламасы арқылы 2 шаруа қожалығы 39 бас жылқы алуға құжаттарды тапсырды.

Облыста «Сыбаға» бағдарламасы іске асырылып басталғалы 2011-2013 жылдары «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 22 шаруа қожалықтары 147,735 мың. теңге несие алды. Соның ішінде 2013 жылдың алты айында 4 шаруа қожалығымен 14 035 000  теңге несиелік қаржылай тартылса, 3 шаруа қожалығының 13 млн. теңге несие алуға құжаттары дайын.

Сонымен қатар, 2012 жылы 10 шаруа қожалығы «Казагрофинанс» АҚ арқылы лизингке 25,1 млн теңгеге жаңа  4 трактор және түрлі ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізсе, 2013 жылдың маусым айына 5 шаруа қожалығы 31,2 млн теңгеге жаңа 3 трактор және түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

 

Есепті кезеңде пайдалануға берілді: 1- дүкен, 1- кафе және 1- техникалық қызмет көрсету станциясы. 51 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Аудан көлемінде:

117 - дүкендер мен дүңгіршіктер, 4 - техникалық қызмет көрсету станциясы, 6 - дәріхана, 15 - қоғамдық тамақтандыру орындары, 4 - бензин станциялары, 1 жылыжай, 2 - құрылыс материалдарын шығару зауыты, 3 наубайхана, 11 қызмет көрсету саласындағы жұмыс жасайтын адамадар саны - 1835. Есепті кезеңде аудан кәсіпкерлерінің, несие беруші мекемелер, жергілікті атқарушы органның өкілдерінің  қатысуымен, 5 семинар және дөңгелек үстел өткізілді.

Жылдың басынан бастап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және оны тұрақтандыру жұмыс штабының 4 отырысы өткізілді. Күн сайын негізгі азақ-түліктің, бірінші қажетті тауарлардың және жанар-жағармайдың  мониторингі жүргізілуде. Осы штабтың қолданылған шаралар негізінде, барлық негізгі азқ-түліктің бағалары тұрақты. Азық - түлік тағамдарының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында аудан бойынша инфляциялық жағдайға мониторинг жүргізу жөнінде аудандық штаб жұмысын жалғастыруда. Дүкендердің үстемақылары 10-15%-дан аспайды. Қазіргі таңдағы негізгі азық-түлік бағалары 1 қап бірінші сортты ұнның  бағасы - 3900 теңге, қанттың бағасы 180 теңге, күріштің бағасы 198 теңге, картоптың бағасы 70-80 теңге, пияздың мбағасы 98 теңге, сәбіз бағасы 100теңге, орамжапырақ бағасы 80 теңге.

Дүкендер мен наубайханалардың арасында бірінші сортты нанның бағасын үстемақысыз сатуға меморандумға қол қойылды.