2018 жылдың 1 қаңтарына арналған Тасқала аудандық бюджетінің орындалуы туралы анықтама

1 қаңтарға арналған жоспардағы кіріс бөлігі 100,5% (жоспардағы 4 139 255,0 мың теңгеден 4 157 956,7 мың теңге) орындалды. Оның ішінде меншіктік кірістер 520 923,6 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына арналған төмен бюджет бойынша шығыс бөлігінің орындалуы 99,8% (жоспардағы 4 138 255,0 мың теңгеден 4 132 854,0 мың теңге) құрады. Объективті себептер бойынша игерілмегендер 6 401,0 мың теңге.
Үлкен соманы игермегендер:

Аудан әкімінің аппараты – 2 363,1 мың теңге;
         006 «Аудандық масштабтағы төтенше жағдайларды ескерту және жою» бағдарламасы бойынша 2 196,2 мың теңге – ТЖ каналын тазалау бойынша – мердігер салқын түскеннен бастап жұмыстарды орындаған жоқ..
007 «Аудандық (қалалық) масштабтағы дала өрттерін алдын алу мен сөндіру, сонымен қатар мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өртті сөндіру» бағдарламасы бойынша 147,2 мың теңге – мемлекеттік сатып алудан және дөңгелектеуден үнемдеу.

Ауылдық округтер – 1 715,6 мың теңге;
Тасқала ауылдық округі – 1 671,8 мың теңге;
011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 1 666,4 мың теңге игерілген жоқ, ТОО "Serdsev Corporation" ЖШС мердігері тауарды (қоқықа арналған контейнерлер) ұсынған жоқ, 5,4 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемдеу.
         Қалғандары 43,8 мың теңге – округтер бойынша дөңгелектеу сомасы.

Білім бөлімі – 1 049,2 мың теңге;
003 015 «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша 1 038,6 мың теңгеден 1000,0 мың теңге игерілген жоқ, Амангелді ЖОМБ «Құрылыс Жөндеу» ЖШС жеткізушісі спортзалды жөндеу бойынша жұмыстарды орындаудан бас тартты, 38,6 мың теңге мектептер бойынша дөңгелектеу сомасы.

ТҮКШ бөлімі – 622,2 мың теңге;
045 «Капитальный и средний ремонт автомобильных дорог» бағдарламасы бойынша 614,9 мың теңге игерілген жоқ – жеткізуші көшелерді жөндеу бойынша шарттық міндеттемелерді орындаған жоқ, Тасқала ауылының жолдарын күрделі жөндеу бойынша сараптама ұсынылған жоқ.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі – 547,5 мың теңге;
001 «Аппарат» бағдарламасы бойынша 313,6 мың теңге игерілген жоқ. Оның ішінде 257,3 мың теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, 34,3 мың теңге – іссапарлар бойынша үнемдеу, 22,0   мың теңге – басқа ерекшеліктер бойынша дөңгелектеу;
Қалған бағдарламалар бойынша – әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың азаюының сомасы.

 

 

Тасқала ауданының экономика және
қаржы бөлімінің басшысы                                                             Л.Тастембекова