Тасқала ауданы бойынша 2017 жылға аудан бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебіне түсіндірме жазбасы

 

Ауданның бюджеті аудандық маслихат сессиясының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-1 шешімімен  келесі параметрлерде бекітілген:
1) Кірістер – 4 139 255,0 мың теңге, оның ішінде:

  • салықтық түсімдер – 493 372,0 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 2 814,0 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 11 799,0 мың теңге;
  • трансферттер – 3 409 954,0 мың теңге;
  • несиелер – 85 087,0 мың теңге;
  • несиелерді қайтару – 26 934,0 мың теңге.

2) Шығыстар – 4 139 255,0 мың теңге.
2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен нысаналы трансферттер мен несиелер 1 166 134,0 мың теңге сомасында бөлінген, соның ішінде:

  • нысаналы ағымдағы трансферттер – 623 321,0 мың теңге;
  • даму трансферттері – 457 726,0 мың теңге;
  • несиелер – 85 087,0 мың теңге.

2017 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен нысаналы трансферттер мен несиелер 672 530,0 мың теңге сомасында бөлінген, соның ішінде:

  • нысаналы ағымдағы трансферттер – 592 978,0 мың теңге;
  • трансферттерді дамыту – 79 552,0 мың теңге.

КІРІСТЕР

2017 жылға арналған аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 100,5% орындалды, жоспардағы 4 139 255,0 мың теңгеден бюджет кірісіне               4 157 956,7 мың теңге түсті.
Меншіктік салықтар бойынша асыра орындау 102,5% құрады, жоспардағы   493 372,0 мың теңгеден  505 337,6 мың теңге түсті, оның ішінде:
 келесі салықтар бойынша:

  • төлем көзіне салынатын салықтан  түскен жеке табыс салығы – 130 195,5 мың теңге;
  • төлем көзіне салынбайтын салықтан  түскен жеке табыс салығы – 15 853,4 мың теңге;
  • әлеуметтік салық – 123 654,6 мың теңге;
  • жеке және заңды кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салық – 193 281,1 мың теңге, аванстық төлемдер түсіміне байланысты;
  • жеке тұлғалар мүлкіне салынатын салық – 156,2 мың теңге;
  • заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық – 1 474,5 мың теңге;
  • жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық –  22 581,2 мың теңге, өткен жылдар берешегінің түсуіне және автокөлік құралдарының санының артуына байланысты;
  • біріңғай жер салығы – 4 227,3 мың теңге;
  • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем – 2 315,2 мың теңге;
  • қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым – 3 198,9 мың теңге;
  • жергілікті бюджетке тіркелгені үшін алым – 2 540,4 мың теңге;
  • жергілікті бюджетке алынатын мемлекеттік баж – 2 811,5 мың теңге;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерде бекітілген мүліктерді сатудан түсетін түсімдер – 10 159,7 мың теңге;
  • жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 2 125,8 мың теңге;

               
ШЫҒЫСТАР

2017 жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалды. Бөлінген қаражаттардан 4 139 255,0  мың теңгенің  орындалуы 4 132 854,0 мың теңгені құрады.  Бюджеттік қаржаттарының игерілмеуі 6 401,0 мың теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде:

  • республикалық бюджет трансферттері мен несиелер есебінен                    28,7 мың теңге;
  • облыстық бюджет трансферттері есебінен  45,2 мың теңге;
  • меншіктік қаражат есебінен 6 327,1 мың теңге.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

Аталған сала 22 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін біріктіреді. Жоспардағы 273 355,0 мың теңгеден орындалу 273 315,8 мың теңгені немесе 100% құрады. Игерілмеген  қаражат – 39,2 мың теңге,  оның  ішінде:

  • 6,0 м.т. мемлекеттік сатып алудан үнемдеу,
  • 30,5 м.т. жалақылар есебінен үнемдеу,
  • 2,7 м.т. 22 ББӘ дөңгелектеу есебінен қалыптасқан сома.

022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша жоспардағы 875,0 мың теңгеден 874,6 мың теңге немесе 99,9% игерілді. Аталған бағдарлама бойынша Достық ауылына жеңіл автокөліктің тіркемесі және өрт сөндіру құралдары сатып алынды.

Қорғаныс

Аталған сала бойынша 2017 жылға арналған бюджет 17 937,0 мың теңгені құрады.  Орындалу 15 591,4 мың теңгені немесе 86,9% құрады.
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша жоспардағы 2 437,0 мың теңгеден 2 434,9 мың теңге немесе 99,9% игерілді. Аталған сала бойынша бюджет қаражаттары көктемгі және күзгі әскер  қатарына шақыртуларды ұйымдастыруға пайдаланылған.
«Аудан көлеміндегі төтенше жағдайларды ескерту және жою» бағдарламасы бойынша жоспардағы 13 500,0 мың теңгеден 11 303,8 мың теңге немесе 83,7% игерілді. 2 196,2 мың теңге игерілмеу  тасқын судың алдын алуға арналған шаралардан – мердігердің  жұмыс көлемін аяқтамауына байланысты игерілмеді.
Аудан көлеміндегі төтенше жағдайларды ескертуге жанар-жағар май – 39170 литр (бензин АИ – 92 - 19720 л., дизельді жанар-жағар май – 19450 л.), қаптар (мешкотара) – 9000 дана, қайық, 2 дана ара, генератор, 2 дана мотопомпа, 14 дана жайлқыш төсек сатып алынды және 3842,8 мың теңгеге су тасқын кезінде  су каналдарын тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Дала өрттерін сөндіру және алдын-алу шаралары» бағдарламасы бойынша жоспардағы 2000,0 мың теңгеден 1852,8 мың теңге немесе 92,6% игерілген. Аталған бағдарлама бойынша жанар-жағар май – 8930 литр (бензин АИ – 92 -2930 л., дизельді жанар-жағар май – 6000 л.), азық-түлік, шлифмашина, дрель, префоратор, 10 дана от сөндіргіш аспалы ранецтер сатып алынды.

Қоғамдық тәртіп

Ауылдық елді мекендердегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аудан орталығында 8 бағдаршам және 12 сыртқы бейнебақылау камералары жұмыс жасап тұр.
Аталған бағдарлама бойынша 557,0 мың теңге қарастырылды. 8 бағдаршам және 12 сыртқы бейнебақылау камераларының  тұтынған электроэнергиясы үшін төлем жасалды. Абай көшесіндегі бағдаршам жабдықтарын қызмет ету жұмыстары орындалды.
Игеру 99,8% құрады немесе 556,0 мың теңге.

Білім беру

Аталған сала бойынша 2017 жылға арналған бюджет 1 835 884,0 мың теңгені құрады, 1 834 827,2 мың теңге немесе 99,9% игерілді. Жалпы аудан бюджетінен білім беру бюджеті 59,8% құрады. 
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 129 803,0 мың теңге қарастырылып, 100% игерілді. Ауданда 4 мектепке дейінгі мекемелер: аудан орталығында «Ақбөпе», «Бөбек», «Балдырған» балабақшалары және Мерей ауылында «Айгөлек» балабақшасы жұмыс жасайды. Төрт балабақша бойынша топтар 17 санымен 349 баланы құрады. Бір балаға ата-аналық төлемақылар айына орта есеппен 7000 теңге сомасында белгіленген.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет трансферттері есебінен 9 290,0 мың теңге бөлінген. Аталған бағдарлама бойынша қаражаттар мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге және төлемдеріне  бағытталған.
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттан қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша 53 995,0 мың теңге қарастырылды. Балалар спорт мектебінде 59 спорт секцияларында айналысатын 626 бала  тіркелген.
По программе «Жалпы орта білім беру» бағдарламасы бойынша.  
Аудан мектептер желісі 18 мектепті қамтиды, оның ішінде 12 орта, 3 бастауыш және 3 негізгі мектептерден тұрады. Оқушылардың саны 2508 адамды, оқытушы қызметкерлердің саны 497 адамды құрайды. Аудандағы бес мектепте саны 7 топты және 195 баланы құрайтын балабақшалар жұмыс жасайды. 15 мектептен 17 топты және 308 баланы құрайтын 15 шағынорталықтар жұмыс жасайды.
Республикалық бюджеттегі нысаналы трансферттер есебінен жалпы орта білім беру бойынша 2 586 мың теңге қарастырылды, соның ішінде: үшдеңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақысын жоғарылатуға республикалық бюджеттен 2 586,0 мың теңге қарастырылды.         
Үшдеңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақысын жоғарылатуға облыстық бюджеттен 16 905,0 мың теңге бөлінді.
Біліктілік категориясы үшін 106 мұғалім қосымша ақы алады, соның ішінде:

  • 1 деңгей – 15 адам;
  • 2 деңгей – 24 адам;
  • 3 деңгей – 67 адам.

Жергілікті бюджет есебінен білім беру бойынша 1 413 992,0 мың теңге қарастырылды, игеру 1 412 956,0 мың теңге немесе 99,9% құрады.
«Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша 677 баланы қамтитын 3 мектептен тыс ұйымдар (балалар саз мектебі, жас туристер станциясы, балалармен мектептен тыс жұмыс орталығы) жұмыс жасайды. Жас туристер станциясы жанында жазғы демалыс кезінде «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Жазғы демалыс лагерінде 153 оқушы демалды. Аталған кәсіпорындарды ұстауға аудан бюджетінен  82 283,0 мың теңге қарастырылды, қаражат  түгел немесе 100% игерілді.
«Ауданның мемлекеттік білім беру  мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасы бойынша 73 532,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды, облыстық бюджеттен    63 066,0 мың теңге бөлінді. 73 531,9 мың теңге немесе 100% игерілді осы қаражатқа 50 779 оқулықтар сатып алынды және әдістемелік оқу құралдары жеткізілді.
«Мекпеп олимпадаларын өткізу» бағдарламасы бойынша 170,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңге жоспардағы қаражат  толық  немесе 100% игерілді. Есепті кезеңде 1-4 сыныптар арасында бір олимпиада өткізілді және желтоқсан айында 9-11 сыныптар арасында олимпиада өтті.
«Жетім баланы және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері» бағдарламасы бойынша 2 533,0 мың теңге қарастырылды. 2017 жылы 11 жетім-балалар қамқоршыларына жәрдемақы төленді. Аталған бағдарлама бойынша      2 532,3 мың теңге толық игерілді.
«Ведомостваға бағынышты мекеме және ұйымдар күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 54 288,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңге жоспардағы 54 288,0 мың теңгеден 54 281,5 мың теңге немесе 99,9% игерілді. Аталған бағдарлама бойынша: 1 УАЗ көлігі, бейнебақылау камералары, компьютерлер, шағын жинақтамалы мектеп құрылғылары, роботконструкторлары, су бұрқақтар, диспенсорлар, газ қазандары, интерактивті құрылғылар сатып алынды.
«Шұғыла» лагерін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 10 017,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 10 017,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрады. 
Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жай, ғимарат, құрылыс ғимаратын күрделі жөндеуге ауданның 5 мектебінде ЖСҚ дайындалған және мемлекеттік сараптама қорытындысына 10 085,0 мың теңге бөлінді, 10 081,7 мың теңге немесе 100% игерілді.

Денсаулық сақтау

«Шұғыл жағдайларда ауыр науқастанған адамдарды   дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау мекемесіне жеткізуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен 379,0 мың теңге қарастырылды. 2018 жылдың 1 қаңтарында орындалу 347,7 мың теңгені немесе 98,9% құрады. Аталған бағдарлама бойынша ауылдық округтердегі ауыр науқастарды аудандық ауруханаға жеткізуге 138 рейс жасалды.

Әлеуметтік қорғау

Аталған сала бойынша бюджет 207 970,0 мың теңгені құрады. Бюджеттің орындалуы 207 421,8 мың теңге немесе 99,7% игерілді. Пайдаланылмаған бюджеттік қаражаттар 548,2 мың теңгені құрады.  
«Патронаттық тәрбиеленуге берілген балаларды ұстау» бағдарламасы бойынша 5 376,0 мың теңге қарастырылды. 5 патронаттық тәрбиеленуге берілген балаларға және тәрбиелеушілерге төлемдер төленді және 6 тәрбиеленушіге жәрдемақы төленді. Аталған бағдарлама бойынша 5 375,3 мың теңге игерілді.
«Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 2017 жылға 67 443,0 мың теңге қарастырылған, 67 383,3 мың теңге немесе 99,9 % игерілді.
Республикалық бюджеттегі нысаналы трансфертттер есебінен 15 795,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламаларға қаражат бөлінген:

  • еңбекақыны субсидиялауға – жоспардағы 4 223,0 мың теңгеден 4 223,0 мың теңге немесе 100% игерілді – алушылар 38 адам;
  • жастар тәжірибесі бойынша – жоспардағы 11 572,0 мың теңгеден 11 567,9 мың теңге немесе 100% игерілді - жастар тәжірибесімен 31 адам орналастырылды.

Облыстық бюджет трансферттері есебінен 21 571,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламаларға қаражат бөлінді:

  • жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау – жоспардағы       19 583,0 мың теңгеден игеру 19 552,7 мың теңге немесе 99,8% құрады. Қысқа мерзімді   кәсіби даярлауға 129 адам жіберілді. Бағдарламаға қатысушының қайтыс болуына байланысты 30,3 мың теңге игерілген жоқ.
  • халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар – жоспардағы 1 988,0 мың теңгеден игеру 1 983,6 мың теңгені немесе 99,8% құрады. жастар тәжірибесімен 13 адам жұмысқа орналыстырылды. 4,4 мың теңге игерілген жоқ – дөңгелектеу есебінен құралған үнемдеу.

 Жергілікті бюджет есебінен 30 077,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламаларға қаражат бөлінді:

  • қоғамдық жұмыстар – жоспардағы 21 650,0 мың теңгеден 21 629,1 мың теңге немесе 99,9% игерілді. Қоғамдық жұмыстарға 405 адам жолданды. 20,9 мың теңге игерілген жоқ – қатысушының тұрақты жұмысқа тұруына байланысты қалдық.
  • халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар – жоспардағы  3 601,0 мың теңгеден игеру 3 601,0 мың теңге немесе 100% игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 63 адам жолданды.
  • жастар тәжірибесі – жоспардағы 4 826,0 мың теңгеден 4 826,0 мың теңге немесе 100% игерілді - жастар тәжірибесімен 21 адам орналыстырылды.

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 2017 жылы аудан қаражатының есебінен 2 826,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңде 27 отбасыдан 107 адам атаулы көмекке ие болып, оларға 2 825,0 мың теңге төленді және игеру 100% құрады.
«Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасы бойынша 1 076,0 мың теңге қарастырылды. 2017 жылда 47 аз қамтылған отбасы 1 075,5 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегіне ие болды, игеру 100% құрады.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде 10 842,0 мың теңге қарастырылды, орындалу 10 825,5 мың теңгені немесе 99,8% құрады. Аталған бағдарлама бойынша жергілікті бюджет есебінен 632 адам материалды көмек алды, соның ішінде:

  • коммуналдық қызметтерді төлеу1 378,5 мың теңге:
  •  3 ҰОС қатысушылар –  226,5 мың теңге;
  •  11 Ауған соғысына қатысушылар– 396,0 мың теңге;
  •  14 Чернобль АЭС салдарын жоюға қатысушылар – 504,0 мың теңге;
  •  6 семейліктер – 216,0 мың теңге;
  •  1 КСРО медалімен марапатталған – 36,0 мың теңге;

- Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған және атаулы мерзімдерге –       4 815,0 мың теңге:

  • 2 ҰОС қатысушылар – 300,0 мың теңге;
  • Тыл жұмысшыларына – 199 адамға – 1 990,0 мың теңге;
  • ҰОС қайтқан мүгедектердің әйелдеріне – 16 адам – 240,0 мың теңге;
  • бейбіт уақытта әскери қызметте қайтқндардың 6 отбасына – 120,0 мың теңге;
  •  Чернобльдіктерге 14 адам – 420,0 мың теңге;
  • 11 Ауған соғысына қатысушыларға – 330,0 мың теңге;
  • 56 мүгедек балаларға Балаларды қорғау күніне – 560,0 мың теңге;
  • 78 семейліктерге Семей ядролық полигонының жабылу күніне орай – 840,0 мың теңге;
  • Бұрынғы КСРО медалімен марапатталған 1 адамға  15,0 мың теңге;
  • емдеуге – 3 165,3 мың теңге;
  •   33 туберкулезбен ауыратындарға – 1 123,2 мың теңге;
  •   6 гемодиалезбен ауыратындарға – 680,7 мың теңге;
  •   37 ОНКО ауыратындарға – 1 259,3 мың теңге;
  •   3 ауданнан тыс ауыратындар – 102,1 мың теңге;
  •  басқа жәрдемақылар төлеуге – 1 466,7 мың теңге;
  •   3 адам өрттен зардап шеккен жәрдемақысына – 340,5 мың теңге;
  • 107 арыз берушіге нанның қымбаттауына байланысты – 868,4 мың теңге;
  • 25 мүгедекке сауықтыру-демалу жеріне бару ақысын өтеу – 257,8 мың теңге.

«Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 649,0 мың теңге бөлінді. Материалдық көмек 9 мүгедек балаларға 622,7 мың теңге сомасында төленді, игеру 95,9% құрады.
 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 38 әлеуметтік қызметкер, соның ішінде 1 меңгеруші, 2 әлеуметтік көмек бойынша кеңесші және мүгедек балалар мен қарттарға қызмет көрсету бойынша 35 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. 126 қарт кісілерге, 14 мүгедек балаларға және  жасы 18-ден асқан 11 мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді.  
Үйден әлеуметтік көмек көрсетілетін бөлімін ұстауға 2017 жылға барлығы 38 783,0 мың теңге қарастырылды, игеру 38 727,2 мың теңгені немесе 99,9%құрады.
«18 жасқа дейінгі балаларға  мемлекеттік жәрдемақылар» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен 15 009,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңнің 12 айында балалар жәрдемақысын 319 отбасыдан 760 адам алды, 14 970,2 мың теңге төленіп, 99,7% құрады.
«Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және жеке көмекшілермен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 13 544,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.

  • Міндетті гигиеналық мен компенсаторлық құралдарды сатып алу үшін 1-ші топтағы 60 мүгедекке республикалық бюджет трансферттері есебінен 6 334,0 мың теңге қарастырылды. Игеру 6 333,0 мың теңгені немесе 99,9% құрады.
  • Аудан бюджеті есебінен 7 210,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Аудан бюджетінен бөлінетін қаражат 49 жеке көмекшілерді ұстауға бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына жоспардағы 7 210,0 мың теңгеден игеру 7 210,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

«Халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметімен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2017 жылы аудан бюджеті қаражатының есебінен жұмыспен қамту орталығын ұстауға 19 754,0 мың теңге бөлінді, игеру 19 751,5 мың теңге немесе 100% құрады. 2,5 мың теңге дөңгелектеу есебінен қалыптасып, игерілген жоқ.
«Өрлеу жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 8 091,0 мың теңге бөлінді.
Республикалық бюджет трансферттері есебінен 5 590,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде 1 кеңесші және 8 асистентке 3 017,0 мың теңге сомасында еңбек ақысын төлеуге және Өрлеу жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті төлеуге 2 573,0 мың теңге бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша жоспардағы 5 590,0 мың теңгеден игеру 5 569,2 мың теңгені немесе 100% құрады.
Аудан бюджеті қаражатының есебінен Өрлеу жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетуге 2 501,0 мың теңге қарастырылды. 2017 жылдың 1 қаңтарына игеру2 500,4 мың теңге немесе 100% құрады.

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

Берілген сала бойынша нақтыланған бюджет 553 186,0 мың теңгені құрады. Бюджеттің орындалуы 551 486,7 мың теңгені немесе 99,7% құрады. Игерілмеген қаражат 1 699,3 мың теңгені құрады.
004 «Жекелеген азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 800,0 мың теңгені игеру қарастырылды, аталған бағдарлама бойынша қызметтік пайдалану үшін Мереке ауылының қызметтік қолдануға (бас маманға) 800,0 мың теңге сомасында тұрғын үй алынды. Игеру 100% құрады.
012 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» аталған бағдарламасы бойынша 3 084,0 мың теңгені игеру қарастырылып, 3 080,6 мың теңге игерілді, жоғарыда көрсетілген бюджеттік бағдарламада бойынша Тасқала ауылының ауылдық округтерінде ауыз судың техникалық сапасын тексеру қызметтері жүргізіліп жатыр, игеру 99,9% құрады.
050 «Мүгедектердің өмірін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы бойынша 76,0 мың теңгені игеру қарастырылды, (РБ бөленген 38,0 мың теңге және ОБ бөлінген 38,0 мың теңге), Тасқала ауданының жұмыспен қамту бөлімінің өтініші бойынша 38,0 мың теңге сомасында мүгедектерге арналған тақтайшаларды дайындау қызметтерін көрсету және Тасқала ауылында 38,0 мың теңге сомасында мүгедектерге арналған тақтайшалар жасау қызметтері орындалды, игеру 100% құрады.
007 «Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру» бағдарламасында 5 250,0 мың теңгені игеру қарастырылды, игеру 5 250,0 мың теңгені немесе 100% құрады. Есепті кезеңде келесі жұмыс түрлері жасалды:

  • Ақтау ауылының Өмірзақов көшесіндегі №36 қызметтік тұрғын үйді жөндеуге 900,0 мың теңге, Достық ауылының қызметтік тұрғын үйін жөндеуге 2 200,0 мың теңге жұмсалды;
  • Қызметтік тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды, Мереке ауылының Абай көшесіндегі №15, №13 және Құрманғазы көшесіндегі №3 үйлердің қоршауын ауыстыру жұмыстарына 1000,0 мың теңге жұмсалды;
  • Атамекен ауылындағы қызметтік тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге – 150,0 мың теңге бөлінді;
  • Оян ауылының Мәметова көшесіндегі №16 қызметтік тұрғын үйді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды: толқынды асбестцементті беттерден жасалған жабын, үйдің ағаш арқалықтарын, төбесін жөндеу, ішкі қбырғаларды сылау, еденді, төбені бояу, электроқұрылғыларды ауыстыру, үйдің шарбақтарын профлиспен қоршауға 1000,0 мың теңге жұмсалды.

008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы барлық ауылдық округтерде және аудан орталығында ұйымдастырылған. Осы мақсаттарға 2017 жылы 16 922,0 мың теңге  қарастырылды, 16 917,3 мың теңге игеріліп, 100% құрады. Аталған бағдарлама бойынша келесідей төлемдер жүргізілді:

  • Ақтау ауылында 32692 КВт елді мекендердегі тұтынылған электр қуатына төлем жүргізілді;
  • 27175 КВт құрайтын ауданның елді мекендеріндегі тұтынылған электр қуатына төлем, көшелерді жарықтандыру үшін 10 шам және шығын электроматериалдары, сонымен қатар Амангелді ауылына көшелерді жарықтандыру үшін 10 дана жарық шамдары сатып алынды.
  • Мереке ауылында пайдаланған электэнергиясына 300,0 мың  теңге  және шамдарын сатып алуға 146,0 мың теңге жұмсалды;
  • 15810 КВт құрайтын ауданның елді мекендеріндегі тұтынылған электр қуатына төлем, 79,5 мың теңге сомасына көшелерді жарықтандыру техникалық қызметі, шам құралдары және Оян ауылына 220,0 мың теңге сомасына дюралайттар орналастыру;
  • Достық және Мерей ауылына көше шамдарын орналастыру, көшелерді жарықтандыру техникалық қызметі;  
  • Атамекен ауылына 7060 КВт құрайтын елді мекендердегі тұтынылған электр қуатына 246,0 мың теңге сомасында төлем, 156,0 мың теңге сомасына көшелерді жарықтандыру техникалық қызметі;
  •  25430 КВт құрайтын елді мекендердегі тұтынылған электр қуатына төлем, 2-ші Шежін ауылына көшелерді жарықтандыру үшін 12 дана шам сатып алынды;
  • Елді мекендердегі тұтынылған электр қуатына және техникалық қызмет көрсетуге, 760,8 мың теңге сомасына Тасқала ауылына көшелерді жарықтандыру үшін 60 жарық диодты шамдар және шығынды электр материалдары сатып алынды. Сонымен қоса, 1 парк  жұмысшы ұстауға.  

011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы 35 690,0 мың теңге қарастырылды, орындалу 34 013,9 мың теңгені немесе 95,3% құрады. Есепті кезеңде төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • Ақтау ауылдық округі – 642,9 мың теңгеге дамбаларды қалпына келтіру, қатайту жұмыстары және 357,1 мың теңгеге жергілікті топырақпен көму  жүргізілді;
  • Амангелді ауылдық округі бойынша 1000,0 мың теңге бөлініп– 790,0 мың теңгеге көн-қоқыс қалдықтарын көму жұмыстары жүргізілді, 18,8 мың теңге сомасына қосымша заттар (бояулар, щеткалар, әк, күректер, кетпен) сатып алынды, 136,0 мың теңгеге ауылдың паспортын ағымдағы жөндеу және жобалық құжаттарға түзету 135,2 мың теңгеге жүргізілді;
  • Мереке ауылдық округі 1000,0 мың теңге бөлініп – 200,0 мың теңгеге велосипед қоятын жер (велопарковка) жасалды, 559,0 мың теңгеге әкімдік аумағы абаттандырылды, 220,0 мың теңгеге «Мен Мерекені сүйемін» атты құрылым (конструкция) жасалды;
  • Қосшы ауылдық округі бойынша 1000,0 мың теңге бөлініп – ауыл аумағын жайластыруға қызметтер, ұзындығы 100,7 м2 құрайтын тротуарларға брусчатка төсеу жұмыстары;
  • Достық ауылдық округі 1410,0 мың теңгеге – Вавилин ауылындағы зиратты қоршау жұмыстарына 724,6 мың теңге, 245,5 мың теңгеге спорт алаңы алдына брусчатка төселінді, шекара бекетін абаттандыруға 410,0 мың теңге  және билборд жасау жұмыстарына 26,2 мың теңге;
  • Қазақстан ауылдық округі 1000,0 мың теңге – 212,0 мың теңгеге Қалмақшабын платинасын жөндеу, Молочная платинасын – 212,0 мың теңгеге, баннер дайындау– 52,0 мың теңге, «Мен атамекенді сүйемін» құрылым (конструкция) орнату – 300,0 мың теңге, көше тренажерларын орнату – 224,0 мың теңге;
  • Шежін ауылдық округі – 2-Шежін ауылына 200,0 мың теңге сомасында қатты көн-қоқыс қалдықтарын көму жұмыстары жүргізілді;
  • Мерей ауылдық округі 8000,0 мың теңге – 210,0 мың теңгеге спорт алаңына жобалық сызбаларды түзеу қызметі жасалды, 6788,8 мың теңгеге спорт алаңы салынды, ауыл аймағын жөндеу жұмыстарына 796,0 мың теңге, қоқыс салатын контейнерлер 205,2 мың теңгеге  алынды;
  • Тасқала ауылдық округі10781,3 мың теңге сомасына Абай көшесіндегі спорт алаңын жайластыру қызметі, 225,0 мың теңге сомасына қоқыс контейнерлерін жасау, 225,0 мың теңге сомасына ПЭТ бөтелкелеріне арналған торлы контейнерлер сатып алынды, 220,0 мың теңге сомасына киіз үйлер дайындау, 220,0 мың теңге сомасына киіз үй рәсімдеу, 400,0 мың теңге сомасына көн-қоқыстар шығару (150 тн), 446,0 мың теңге сомасына көрнекі маңдайшалар үшін металды құрылым (конструкция) дайындау, 447,0 мың теңге сомасына су бұрқақты жөндеу, 225,0 мың теңге сомасына жаңа жыл мейрамына арналған метал құрылымын жасау, 220,0 мың теңге сомасына баннерлер жасау, сонымен қоса дюрайлайттар сатып алу, билборттарды ағымдағы жөндеу, көгалшапқылар, көшеттер және шаруашылық материалдар шығыстары.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Аталған сала бойынша бюджет 357 619,0 мың теңгені құрады. Жапы аталған сала бойынша 2017 жылғы бюджет 100% орындалды.
 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша бюджет 187 828,0 мың теңгені құрады,  игеру 100% құрады
Аудан аумағында 21 клуб мекемелері жұмыс жасайды, соның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық мәдениет үйлері, 1 автоклуб, 1 кинотеатр және 7 киноқондырғылар. Мәдени мекемелердің жалпы штат саны 146 штаттық бірлігін құрайды.
Есепті кезеңге мемлекеттік мерекелерге және атаулы күндерге арналған 28 ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.
2017 жылы аудан бюджетінің қаражаты есебінен аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге 2 890,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңде 29 жарыс өткізілді. Жоспардағы 2 890,0 мың теңгеден игеру 2 890,0 мың теңгені немесе 100% құрады.
Облыстық спорт жарыстарына дайындалуға және қатысуға 4 346,0 мың теңге бөлініп, 4 346,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрады. Қаражат 27 облыстық жарыстарға шығуға жұмсалды.
Сонымен қатар, аудан бюджетінің есебінен аудандық «Екпін» газеті жұмыс істейді, 2017 жылы 8 730,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңнің 12 айының ішінде аудандық редакциядан барлығы 80 400 дана мөлшерінде аудан газетінің 52 нөмір шығарылды.
 «Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017 жылы  84 216,0 мың теңге қарастырылды. Аудан аумағында 26 кітапхана, соның ішінде 1 аудандық, 1 балалар, 1 балалар кітапханасының филиалы, 19 ауылдық округтердің кітапханасы және 4 ауылдық балалар кітапханасының филиалы жұмыс істейді. Аталған бағдарлама бойынша бюджеттің орындалуы 84 213,4 мың теңгені немесе 100% құрады.
«Мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламасы бойынша жоспардағы 760,0 мың теңгеден 812,4 мың теңге немесе 100% игерілді. Қаражат мемлекеттік тілді дамыту бойынша12 семинар мен түрлі іс-шараларды өткізуге жұмсалды.
«Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша  бюджет 20 760,0 мың теңгені құрады, игеру 20759,4 мың теңгені немесе 99,9% құрады. Жастар саясатын жүргізу «Ресурстық орталық» КММ және «Намыс» ЖҚБ (жастардың қоғамдық бірлестігі) арқылы жүзеге асырылды.
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 9 341,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде газет арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 7 818,0 мың теңге бөлінді, игеру 7 817,9 мың теңгені құрады, газеттің 50 номері шықты. Теледидар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 523,0 мың теңге бөлінді, 1 522,9 мың теңге игерілді.
«Мемлекеттік ұйымның күрделі қаржы шығыстары» бағдарламасы бойынша 1 522,0 мың теңге қарастырылды, 521,5 мың теңге игерілді. Жергілікті полиция қызметіне жылдапдықты анықтайтын радар сатып алынды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2017 жылы 4 367,0 мың теңге бөлінді, 4 366,8 мың теңге игерілді. Аталған бағдарлама бойынша «Руханият», «Тасқала әйелдері» ҚБ, «Мейірім» отбасыларды әлеуметтік қолдау орталығы, «Қариялар ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің» Тасқала аудандық филиалы, облыстық ерікті мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Тасқала аудандық филиалы, «Намыс» ӨҚҰ қоғамдық бірлестіктерімен келесідей іс-шаралар өткізілді: 222,0 мың теңге сомасына «Мерейлі отбасы» сайысы, «Әкелер жиыны» 177,6 мың теңге, балаларды қорғау күніне арналған Мерекелік іс-шаралар – 177,6 мың теңге, «Мүмкіндігі шектеулі жандармен қайырымдылық іс-шаралары» - 222,0 мың теңге, «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың зайырлы сипаттағы принциптерді нұрландыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» - 1 784,0 мың теңге, «8 наурызға арналған іскер әйелдермен кездесу» - 178,0 мың теңге, «Еңбек ардагерлері арасындағы шашка және шахмат бойынша спорттық іс-шаралар» - 133,0 мың теңге, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәсілдер мен аталған құбылысқа қоғамдағы төзбеушілікті талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» - 444,0 мың теңге, «Қариялар күніне орай іс-шаралар» - 222,6 мың теңге, ««Туған жер» ҚР Президентінің тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу» - 806,0 мың теңге.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы  саласы бойынша бюджеті 196 927,0 мың теңгені құрады, игеру 196 916,0 мың теңгені немесе 100% құрады.
2017 жылы жалпы сипаттағы трансферттер қаражаты есебінен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы төлеуге 4 447,3 мың теңге қарастырылды. Ағымдағы жылдың 12 айының ішінде көтерме жәрдемақыға 4 447,2 мың теңге сомасында 23 маман ие болды.
Республикалық бюджет есебінен ауылға жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беруге 85 087,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңге бюджеттік несие 85 087,0 мың теңге сомасында 17 маманға төленді.
Бюджеттік несие бойынша сендірілген агенттің операциялық қызметіне төлеуге 11 953,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңге операциялық қызметіне 11 920,1 мың теңге төленді.
«Ауру жануарларға санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 1 350,0 мың теңге қарастырылды.Есепті кезеңге 270 дауыс мөлшерінде ауру жануарларды тасымалдау жұмыстары жүргізілді.
«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 21 188,0 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңге 820 қаңғыбас ит пен мысықтар ауланды және жойылды, сол жұмыстарға 2 188,0 мың теңге жұмсалды.
«Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен 4 315,0 мың теңге қарастырылды. 2017 жылы бруцеллез ауыруынан зардап шеккен 15 ірі қара мал иелеріне төлемдер төленді.
«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 43 948,0 мың теңге қарастырылды. Жоспардағы 43 948,0 теңге қаражат 100% игерілді. Есепті кезеңге атқарылған жұмыстар:

  • 226 240 жануарларды жұқпалы және инфекциялық ауруларға қарсы вакциналау;
  • ауыл шаруашылық малдарына диагноз қоюға 106 348 мал басы.

Көлік және коммуникация

Аталған сала бойынша бюджет 612 067,0 мың теңгені құрады. Аталған сала бойынша игеру 611 443,7 мың теңгені немесе 99,9% құрады.
023 «Автокөлік жолдары қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 122 966,0 мың теңге қарастырылды, 122 965,7 мың теңгеге немесе 99,9% игерілді.
Аталған бағдарлама бойынша аудандық маңызы бар жолдарды қысқы ұстау бойынша жүргізілген жұмыстар:

  • патрульді қар тазалау – 1329 км, жолдарды күртік қардан тазалау – 88 км, жол жүру бөлігінің қар жамылғысын тазалау – 1203 км жол өту=301 км, жол жиектеріндегі күртік қарды алып тастау – 11237 км жол өту, қарды қолмен тазалау – 11 км жол өту, кіре беріс бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу – 72 км жол өту, 9 метрге дейін қиыршық тасты пішіндеу жабынына – 226 км, 9 метрге топырақты жолдарды пішімдеу – 226 км, жол белгілерін дайын тіреуіштерге ауыстыру, жаңа – 10 дана, тіреуіші бар жол белгілерін орнату, жаңа – 5 дана, тіреуіші бар жол белгілерін орнату, шақырымдық – 68 дана, дайын тіреуішке көрсеткіш орнату және ауыстыру, жаңа – 5 дана, жол белгілерінің тіреуіштерін бояу – 10 дана, аялдама алаңдарын ұстауға, автопавилиондардың – 1 м2, бұтақтарды, өскіндерді шабу – 1000 дана, кіре беріс бөлігінің және көпір тротуарының балшығын қолмен тазалау – 6м2, көпірден өтуді мерзімді қадағалау – 6 м2, көпірдің кіре беріс жерінде су бұру құбырларын тазалау – 10 дана,    автожолдарды патрульдеу – 491 км. Топырақты жолдарды 9 метрге дейін пішімдеу – 80 км, жер жабынын қалпы келтіру – 470 м3. 037 «Қалалық (ауылдық), қала сыртындағы және аудан ішіндегі әлеуметтік маңызы бар қатынасы бойынша жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 600,0 мың.теңге қарастырылды, 599,1 мың теңге игерілді, аталған бағдарлама бойынша Тасқала аулының ішінде жолаушылар тасымалданды.

045 «Автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша жоспардағы 477 249,0 мың теңгеден 476 634,1 мың теңге немесе 99,8% игерілді. «Тасқала ауылының Жақсығұлов, Мәмбетова, Шамов көшелерінің жол учаскелерін күрделі жөндеу» ЖСҚ дайындау бойынша ведомтволық емес сараптама кешенін өткізу бойынша жұмыстар атқарылды. Аталған жұмыстар 769,3 мың теңге сомасына өткізілді. Сонымен қатар БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Жақсығұлов, Құрманғазы, Чурилин, Жеңіс көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу бойынша 48 725,9 мың теңге сомасына аванстық алдын-ала төлем жасалды.  «БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Жақсығұлов, Құрманғазы, Чурилин, Жеңіс көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу» нысанында жұмыстардың орындалу актісі бойынша жұмыстарға 243 629,9 мың теңге сомасында ақы төленді, сонымен қатар «БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Жақсығұлов, Құрманғазы, Чурилин, Жеңіс көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу» нысаны бойынша авторлық және техникалық қадағалау қызметтеріне 1 865,3 мың теңге сомасында ақы төленді.
014 «Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 9 980,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде 9 975,0 мың теңге игерілді. 2 995,0 мың теңге сомасына Бірлік ауылының су құбырын жөндеу бойынша жұмыстары жүргізілді, 7142,0 мың теңге сомасына Тасқала ауылының 11 көшесінің (Амангелді, Вокзальная, Масин, Шамов, Колхозная, Садовая, Кутяков, Панфилов, Первомайский, Азаттық, Набережная) су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Игеру 100% құрады.
013 «Автокөлік жолдары қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 11 252,0 мың теңге қарастырылды, 11 244,0 мың теңгеге немесе 100% игерілді. Аталған бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар:

  • Автокөлік жолдарын қысқы ұстауға, Оян, Мереке, Атамекен, Ақтау ауылдарының ауылішілік жолдарын қысқы ұстауға;
  • Тасқала аулының ауыл ішілік жолдарын грейдерлеу;
  • Оян, 2-Шежін, Достық ауылдарының жолдарын пішімдеу және топырақ төсеу,;
  • Ақтау, Атамекен, Мереке ауылдарының ауылішілік жолдарын  грейдерлеу;
  • Достық, Мерей және Ақтау ауылының Жүсіпов көшесінің ауылішілік жолдарына жергілікті топырақ /опока/ себу;
  • Мереке, Атамекен және Амангелді ауылының Рысқұлов көшесінің ауылішілік жолдарын ағымдағы жөндеу;
  • 1-Шежін ауылының жолдарын ағымдағы жөндеу;
  • 2-Шежін, Достық ауылдарының қарын тазалау;
  • Достық ауылының жолдарын көктем кезіндегі түзеу бойынша жұмыстар.

Басқалар

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға ықпал ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 15 359,0 мың теңге қарастырылды, 15 350,1 мың теңге немесе 99,9% игерілді. Аталған бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар:
Балалар алаңын орнату, соның ішінде:

  • Мерей ауылына балалар ойын алаңы салынды;
  • Тасқала ауылына спорт алаңы және балалар ойын алаңы салынды;

Ауылдың кіре берісінде және шығар тұсында автотұрақ және екі жақты стенд орнату:

  • Оян ауылына Қош келдіңіздер және жолыңыз болсынды орнату;
  • Мерей ауылының маңдайшасы жасалды;

Абаттандыру, соның ішінде:

  • Ақтау ауылының Гагарин, Ардагер, Өмірзақов көшелерінің автожолдарын жергілікті топырақпен төсеу;
  • Амангелді ауылының Даңқ саяжайын абаттандыру (брусчатка, күннен қаут алатын жарық шамдарды орнату, жазуы бар қақпа орнату)
  • Амангелді ауылының Даңқ саяжайының қоршауын ағымдағы жөндеу;
  • Амангелді ауылына 2 дана қоқыс жәшігін әзірлеу және орнату;
  • Мереке ауылының ауылішілік жолдарын ағымдағы жөндеу («Nasa» ЖК);
  • 2-Шежін ауылының иесіз қалдықтарын шығару;
  • 220,0 мың тенге киіз үй тәрізді металл кұрылысы, 200,9 мың тенге терек егу үшін қоршаулар, 501 мың тенге Вавилин елді-мекеніне балалар алаңы орнатылды, 53,0 мың тенге көше шамдарын ауыстыру жұмыстары Достық ауылында;
  • Атамекен ауылына ҚР Елтаңбасын, ұтық, туға арналған етек сатып алу – 94,8 мың теңге, көшелерді жарықтандыру үшін электр тауарларын сатып алу – 41,9 мың теңге, дизенфекциялауша құрылғы – 156,0 мың теңге, қоқыстарды шығару – 220,0 мың теңге, көше прожекторларын сатып алу – 121,0 мың теңге, ҚР Елтаңбасын сатып алу (сыртқы) – 79,0 мың теңге.

 «Жергілікті атқарушы органының резерві есебінен шұғыл шығындарға іс-шараларды өткізу» бағдарлмасы бойынша  6022,0 мың теңге қарастырылды, 6022,0 мың теңге немесе 100% игерілді. Аталған қаражаттар найзағайдың түсуіне байланысты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне электротрансформаторын қайта қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына 200,0 мың теңге және Аудандық коммуналдық шаруашылыққа электроэнергия берешегін өтеуге 5822,0 мың теңге жұмсалды.
119 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 30050,0 мың теңге бөлінді, Ақтау ауылының спорт алаңын жайластыру жұмыстарына – 6241,0 мың теңге, Мереке – 5531,0 мың теңге, Достық – 5531,0 мың теңге, Қазақстан – 5531,0 мың теңге, 2-Шежін – 5531,0 мың теңге , Амангелді ауылдық округінің Даңқ саяжайына су құбырын әкелуге – 793,0 мың теңге және 2-Шежін ауылдық округінің ауыл ішілік жолдарын жөндеуге – 892,0 мың теңгеге жұмыстар атқарылды.
027«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020 бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде нысандарды жөндеу және абаттандыру» бағдарламасы бойынша – 7016,0 мың теңге бөлінді, 7015,3 мың теңге 100% игерілді, аталған қаражат есебінен округтерге спорт алаңын орнату жұмыстары қаржыландырылды.

Трансферттер

051 «Жергілікті басқару органдары трансферті» бағдарламасы бойынша 8800,0 мың теңге бөлінді, 100% игерілді.
Атқарылған жұмыстар:

  • Ақтау ауылының Набережная көшесіндегі дамбаларды қатайту;
  • Амангелді ауылына Матоксин дизенфекциялық тазарту құрылғысын сатып алу;
  • Амангелді ауылының Әжелер ансамбіліне ұлттық киімдер тігілді;
  • 2-Шежін ауылының мұз айдынын жалға алу;
  • Шежін-2 ауылының су құбырына насос;
  •   2-Шежін ауылына ою-өонегі бар киіз үй, алты қанатты киіз үйге уық, «кереге», темірден жасалған тұрбалар, дизенфекциялықтазарту құралдары;

 «Пайдаланылмаған (пайдаланып үлгермеген) мақсатты трансферттерді қайтару» бағдарламасы бойынша 2017 жылы облыстық бюджетке 2015 жылы пайдаланылмаған трансферттер 136,0 мың теңге сомасында қайтарылды.

Қарыздарды өтеу

2017 жылы  жоғары тұрған  бюджет алдындағы негізгі берешекті өтеу 32,0 мың теңгені құрады.

 

Бөлім басшысы                                                           Л. Тастембекова