1 қазанға арналған жоспардың кіріс бөлігі 105,4% (жоспардағы 3 106 533,0 мың теңгеден 3 273 415,0 мың теңгеге) орындалды. Соның ішінде өзіндік кірістер 383 094,4 мың теңгені құрады. 
Төмен тұрған бюджет бойынша 1 қазанға арналған шығыс бөлігінің орындалуы 99,1% (жоспардағы 3 106 533,0 мың теңгеден 3 077 094,1 мың теңгені) құрады. Объективті себептер бойынша 29 438,9 мың теңге игерілмеді.
Үлкен соманы игермегендер:

ТҮКШ бөлімі – 25 396,9 мың теңге;
045 «Автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша - 25 396,9 мың теңге, соның ішінде:
- 24 995,1 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер – қиыршық тас жеткізуге арналған вагондардың жоқтығына байланысты (Мәмбетова көшесі),
- 401,8 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер - Тасқала ауылының автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындау бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;

Білім бөлімі – 3 291,5 мың теңге;
003 015 «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша - 2 797,3 мың теңге, соның ішінде:
- 1561,9 мың теңгеге жеткізуші тауарды ұсынған жоқ (Робототехникаға жиынтықталған облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер – Жақсығұлов, Семиглавомар, Шипов),
- 464,5 мың теңгеге жеткізуші кең жолақты интернет бойынша шот-фактураны ұсынған жоқ (Семиглавомар ЖОМ),
-  214,6 мың теңге дөңгелектеу есебінен,
- 206,2 мың теңгеге медициналық сақтандыру бойынша 2% аударым жоспарланған, нақты ұстап қалу 1%.  
-  151,0 мың теңге қаржы қызметінің қалдығынан,
- 54,5 мың теңге коммуналдық қызметтер үшін табиғи тұтыну көлемінің азаюына байланысты,
-  54,4 мың теңге – жеткізуші  шот-фактураны аз сомада ұсынды,
- 53,6 мың теңгеге азық-түлік сатып алу бойынша жеткізуші шот-фактураны ұсынған жоқ (Алтынсарин ЖОМ),
-  36,6 мың теңге зейнетақы аударымын қайтару (Семиглавомарская ЖОМ);
067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 451,1 мың теңге игерілмеді, соның ішінде:

  • 209,0 мың теңге СОШ им. Жақсығұлов атындағы ЖОМ жеткізілген тауар (мультимедия жиынтығына) техникалық ерекшелігіне сай келмейді (облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер),
  • 194,1 мың теңге күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ-дан үнемдеу (Сәтпаев ЖОМ),
  • 48,0 мың теңге – дөңгелектеу есебінен үнемдеу.

Тасқала ауданының экономика
және қаржы бөлімінің басшысы                                        Л.Тастембекова