2017 жылдың 1 маусымына арналған Тасқала ауданы
бюджетінің орындалуы туралы анықтама

Аудандық бюджеттің 1 маусымына арналған жоспардың кіріс бөлігі 108,7% орындалды (жоспардағы 1 432 034,0 мың теңгеден, 1 557 115,8 мың теңгені құрады). Аудандық бюджеттің асыра орындалуы 125 081,8 мың теңгені құрайды. Оның ішінде меншікті кірістер 224 772,2 мың теңгені құрады.
Шығыс бөлігінің орындалуы бойынша төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы жылғы 1 маусымға 99,7% құрады (1 427 921,7 мың теңге, жоспар бойынша 1 432 034,0 мың теңге). Объективті себептер бойынша игерілмегені 4 112,2 мың теңге.
Ең көп игерілмеген соманы жіберген бюджеттік бағдарлама әкімшілері:
Білім бөлімі - 1 936,9 мың теңге;
003 015 "Жалпы білім беру" бағдарламасы бойынша - 684,4 м.т., оның ішінде 552 м.т. азық-түлік үшін шот-фактураны аз сомаға ұсынғандықтан, 85,6 м.т. дөңгелектеу есебінен, 58,5 м.т. қаржылық қызметтері;
067 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша игерілмегені
1 250,1 мың теңге – тауар жеткізуші интерактивті құрал-жабдық тауарларын жеткізбеді;
Ауылдық округтер - 552,2 мың теңге;
Достық ауылдық округі - 442,6 мың теңге
001 "Аппарат" бағдарламасы бойынша 379,9 м.т игерілмеді., оның ішінде 44,0 м.т. – тауар жеткізуші шот-фактураны аз сомаға ұсынды, 163,6 м.т. еңбекақы төлеу, 172,3 м.т. – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу;
008 "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" бағдарламасы бойынша - 52,8 м.т. шарт жасалмады;
022 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша 9,9 м.т. мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу;
Ішкі саясат бөлімі - 468,5 мың теңге;
001 "Аппарат" бағдарламасы бойынша 436,2 м.т.игерілмеді, соның ішінде 400,0 м.т. видеороликтер дайындау бойынша көрсетілген қызмет актісін ұсынған жоқ, 36,2 м.т. ағымдағы айда іс-сапарлардың болмауы;
003 "Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру" бағдарламасы бойынша игерілмеді 32,2 м.т. еңбекақы төлеу бойынша – автокөлік жүгізушісінің вакансиясы себебінен;
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі - 323,5 мың теңге;
         002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бойынша  - 58,3 м.т., 007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша - 79,5 м.т., 011 "Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу" бағдарламасы бойынша - 23,2 м.т., 014 "Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету" бағдарламасы бойынша - 104,9 м.т., 016 "18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар" бағдарламасы бойынша - 21,1 м.т., игерілмегені 287 м.т. әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың саны өзгеруіне байланысты, 20,0 м.т. дөңгелектеу есебінен;
025 «Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» бағдарламасы бойынша игерілмегені 16,5 м.т. ассистенттің жалақылары бойынша үнемдеу;
Аудан әкімінің аппараты 376,5 мың теңге;
         001 "Аппарат" бағдарламасы бойынша игерілмеді 370,9 м.т. – оның ішінде 222,1 м.т. байланыс қызметтері, 86,3 м.т. коммуналдық қызмет бойынша қалдықтар, 30,4 м.т. – техникалық қызметкердің еңбек ақысын төлеу бойынша, 10,0 м.т. – көлік сақтандыру бойынша, қалған сомасы ерекшеліктер бойынша дөңгелектеу есебінен қалыптасты;

Тасқала ауданының экономика
және қаржы бөлімінің басшысы                                        Л. Тастембекова