Бюджет

Жылдық бюджет көлемі3 948,5 млн.теңге, соның ішінде:

меншіктік  кірістер – 518,3 млн.теңге;

ағымдағы нысаналы трансферттер – 285,9 млн.теңге;

дамытуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер – 535,6 млн.теңге;

субвенция – 2 467,9 млн.теңге;                       

бюджеттік несиелерді өтеу – 32,6 млн.теңге;

қарыздан түсетін түсімдер – 82,9 млн.теңге;

қолданыстағы бос қалдықтар – 25,1 млн.теңге.

РБ бөлінген транферттер – 372,3 млн.теңге;

ОБ бөлінген транферттер – 449,3 млн.теңге.

Түсімдер

1 маусымға арналған кіріс бөлігі 107,9% орындалды, жоспардағы 1 446,2 млн.теңгеден бюджет кірісіне 1 560,3 млн.теңге түсті.

Шығыстар

Бюджет шығыстарының 1 маусымға жоспардағы 1 446,2 млн.теңгеден 1 411,0 млн.теңгені, немесе 97,6% игерілді. Игерілмеген сома 35,2 млн.теңге, оның ішінде:

0,3 млн.теңге - республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер;

10,6 млн.теңге – облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер;

24,2 млн.теңге – меншіктік қаражат.

Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер игерілмейген сомасы 0,3 млн.теңге немесе 99,3% (0,3 млн.теңге жастар тәжірибесі бағдарламасына қатысушылардың болмауы).

Облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер игерілмеу сомасы 10,6 млн.теңге немесе 72,3% (оның ішінде 5,5 млн.теңге – Маметова көшесін жөндеу жұмыстары және 3,3 млн.теңге- әкімшілік ғимарат құрылыс бойынша мердігер жұмыс көлемін орындаған жоқ, 1,5 млн.теңге – жеке балабақшасының шығындары қаулының жай рәсімделуімен, 0,3 млн.теңге – жастар тәжірбиесінен өтуге ниет білдіруші болмауы).

Меншіктік қаражат - игерілмеген сомасы 24,3 млн.теңге, оның ішінде:

18,1 млн.теңге - мердігер тауарларды уақытылы берген жоқ (8,3 млн.теңге – медициналық сақтандыру жарналарының қайтарылу сомасы, 5,0 млн.теңге оқулықтар, 2,2 млн.теңге электржабдықтар, 1,7 млн.теңге – ауылдық округтердің абаттандыру жұмыстарынан мердігердің уақытылы аяқтамауы, 0,9 млн.теңге – өрт сөндіру көлігіне бөлшектер);

3,7 млн.теңге – мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;

1,3 млн.теңге – байланыс және коммуналдық қызметтерден үнемдеу;

0,5 млн.теңге – еңбек ақыдан үнемдеу;

0,5 млн.теңге – дөңгелектеу есебінен қалған қалдықтар қаражаты;

0,2 млн.теңге - әлеуметтік жәрдемақы алушыларының азаюы.

Дипломмен ауылға

2018 жылы 5 айда  38 көтерме жәрдемақы төленді  және 10 бюджеттік несие рәсімделіп, төленді.